Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (01.10.2021 жыл)

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы  (01.10.2021 жыл)

 

Р/с

Жоспар

Жауаптылар

Орындалуы

1.      

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемелігін 90%-ға дейін арттыру

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Облысымыздың өнеркәсібін дамыту мақсатында әр аудандар мен Тараз қаласына өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасы Басқарма тарапынан дайындалып, а.ж. 16 сәуірінде облыс әкімімен бекітілген. Аудандар мен Тараз қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелері анықталып, аталған жол картасында сол кәсіпорындардың жүктемеліктерін арттыру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу жүктелді.

Сонымен қатар, өнеркәсіп кәсіпорындарына «Индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

2.      

Өнеркәсіп өнімінің өсімін 3,3%-ға, өңдеу өнеркәсібін 2%-ға арттыру

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 379,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 37 914,1 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 104% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 10% құрайды.

         Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 281 441,4 млн.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,6% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 74,4%  құрады.

 

 

3.      

Жергілікті қамту үлесін құрылыста және жұмыспен қамту жол картасы аясында 90%-ға, өнеркәсіптің                        6 бағыты (химия, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп,                   азық-түлік, құрылыс материалдары мен машина жасау) бойынша  80,3%-ға жеткізу

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

   Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған есептеріне сәйкес, "қарапайым заттар экономикасы" салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша Мемлекеттік сатып алу бүгінгі күні 5,7 млрд.теңгені құрайды, нақты игерілген құны 3,1 млрд. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша жергілікті тауарларды сатып алу үлесі 45,4% - ды құрайды.

- жеңіл өнеркәсіп – 58,2%;

- жиһаз бойынша – 61,7%;

- азық-түлік тауарлар – 74,5%;

- құрылыс материалдары – 58,4%;

- химия өнеркәсібі – 35,4%;

- машина жасау – 24,9%;

- фармацевтика – 22,8%;

- қағаз саласы – 45,5 %.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша
(121 жоба – ҚБ) - 86,2% құрайды, 44,8 млрд.теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша (жалпы 29 жоба – ҚБ (23 жоба) ТҮКШ (6 жоба) - 88,0% құрайды,
9,3 млрд.теңге бөлінді.

Облыс бойынша 252 жергілікті өндірушілердің 152-де СТ-КZ сертификаттары бар. Жергілікті өндірушілердің CT-KZ сертификаттарын алуы және олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның тұрақты бақылауында.

4.      

«Биофармацевтикалық» зауытын іске қосу

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Қордай ауданы әкімдігі

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 25 наурыздағы тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданы, Гвардейск қалашығында GMP талаптары мен стандарттарына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жүргізілуде.

Құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталған.

Құрылыс ерекше тәртіппен жүргізілді. Яғни құрылыс жобалаумен бірге басталды.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, мұндай нысанды салу кем дегенде 2-3 жыл уақытты алады.

Қойылған міндеттерге байланысты нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 9 айда, яғни 2021 жылдың наурыз айында аяқталды.

Жалпы ауданы 6,5 мың м2, қызметкерлер саны 65 адам.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 30-дан 60 млн.дозаға дейін (түрлі вакциналар бойынша) құрайды.

Бүгінгі таңда барлық технологиялық жабдықтар орнатылды.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында биофармацевтикалық зауыттың I кезеңі толығымен аяқталды.

Биофармацевтикалық зауыт мамандарына оқыту жұмыстары жүргізілді.

       Зауыттың II кезеңі бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде:

       - Жуу (прачечная )бөлмесінің монтажы аяқталу сатысында;

       - Жуу бөлмесіндегі таза бөлмелер кешеніндегі ауа айланымы жүйесін монтаждау жұмыстары жалғасуда;

- Технологиялық процестерді автоматтандыру және мониторинг жүйесін мотаждау жұмыстары жүргізіліп,
30 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Жалпы, зауыт салу мәселесі Жамбыл облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

5.      

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 21,7%-ға жеткізу

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «ЖӨӨ-гі ШОБ үлесі» индикаторы бойынша 2021 жылға жоспарланған көрсеткіш 21,7%-ды құрайды. 2021 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 14,6 %-ды  құрады. Бұл көрсеткіш бойынша статистикалық деректер 2022 жылдың сәуір айында жарияланады.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 23,2%-ды құрады, жоспарланғаны – 21,0%.

Жоспарлы көрсеткішке белсенді жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санын ұлғайту, олардың шығарған өнімінің көлемін арттыру, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделуде.

6.      

Ауылшаруашылығы өнімінің өсімін 5 %-ға арттыру

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылғы тамыз айының қорытындысымен Жамбыл облысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 168,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,0%, оның ішінде, өсімдік шаруашылығы  69,7 млрд. теңге, нақты көлемі индексі – 96,9%, мал шаруашылығында 98,7 млрд. теңге, нақты көлемі индексі – 103,8%  деңгейінде қалыптасты.

Сәйкесінше ағымдағы жылғы қуаншылық жағдайын ескере отырып, егін шаруашылығындағы өнімділік екі есеге азаю қаупі туындауына байланысты, жыл қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 101,0% көлемінде орындалуы күтілуде.

 

7.      

Егістік жер алқабын 760,7 мың гектарға жеткізу

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 760 765 гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 398 282 гектар, майлы дақылдар 60 145 гектар, қант қызылшасы 5 000 гектар, картоп 11 463 гектар, көкөніс дақылдары 39 418 гектар, бақша дақылдары 15 740 гектар, мал азығы дақылдары 230 574  гектар және таңқурай, құлпынай дақылдарын 143 гектар алқапқа отырғызу жоспарланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда (734,8 мың га) 25,8 мың гектарға артады (103,5%).

2021 жылдың өнімі үшін аудандардың берген бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 768 548  гектарға орналастырылды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 404 440 гектар, майлы дақылдар 59 205 гектар, қант қызылшасы 5 612 гектар, картоп 11 463 гектар, көкөніс дақылдары 42 558 гектар, бақша дақылдары 15 000 гектар, мал азығы дақылдары 230 115 гектар және таңқурай, құлпынай дақылдарын 155 гектар алқапты құрап, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (721,7 мың га) 46 884 гектарға артты (106,5%).

8.      

Облыстағы 7 су қоймасын (Дарбаза, Қызыләуіт, Шабақты, СТФ, Ленин жолы, Аспара, Кеңес) ағымдағы жөндеуден өткізу

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

Жуалы, Талас, Меркі аудандары әкімдері

«Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша2021 жылға 42,7 млн.теңгеге 7 су қоймаға және Береке су қоймасының каналына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланды (Жуалы ауданы «Дарбаза», Меркі ауданы «Кенес», «Ленин жолы», «СТФ», «Аспара-1», Талас ауданы «Қызыл әуіт», «Шабақты»). Қазіргі уақытта Дарбаза су қоймасынан басқа барлық нысандарда жұмыстар толық көлемде орындалды.

Бұдан басқа, бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Шу ауданындағы "Бұланбай" су қоймасына ағымдағы жөндеу жүргізілуде (6,4 млн.теңге).

9.      

Облыс деңгейінде 106 тонна балық өндіру, оның ішінде 83,3 тонна форель балығын өндіру.

500 тонна бал өндіру.

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

          Жамбыл облысының балық шаруашылығы әлеуетін дамыту мақсатында 2020 жылы Басқармамен Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы әзірленіп, 2021 жылдың 12 наурызында облыс әкімімен бекітілді. Аталған «Өңірлік бағдарламада» қойылып отырған басты мақсат – облыста 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізу. Ал, 2021 жылы облысымыздың аумағындағы су айдындарында  105,9 тонна тауарлы балық өндіру көзделген. Оның ішінде: тұқы тұқымдас (карп, сазан) - 22,6 тонна, форель балығы – 83,3 тонна.

Бұл көрсеткіш 2021 жылы (Шу-Талас балық испекциясының тауарлы балық аулау үшін берілген анықтамасына сәйкес) 363 тоннаға жетті. Оның ішінде:

тұқы тұқымдас - (карп, сазан) 163 тонна, форель балығы – 200 тонна.

(өндіруші: «Алтын бұлақ» ШҚ - 53 тонна карп, «Арнур» ШҚ - 80 тонна форель және 110 тонна карп, «Қордай фиш» ШҚ - 120 тонна форель)

 Қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар. Соның 5 бос (резервтегі) учаскесіне биологлиялық негіздеме жасау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурсқа қойылды. Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарының балық аулау квотасы 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін игерілді.

    Қазіргі таңда балық өсіру, өндіруге ниетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу жолға қойылуда. Аудандарда инвесторларымен кездесу өткізіліп, Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай аудандарында  18 инвестор балық өсіру, өндіруге ниет білдіріп отыр.

      Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау мақсатында облыс әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 47 Қаулысымен жергілікті бюджеттен балық жемі үшін         9 503,0 мың теңге субсидия қаражаты бөлінді және қосымша 43 млн. теңге қарастырылып, Қаулы Әділет министрлігіне тіркеуге жолданды.

10.        

Тараз қаласындағы                               6 каналды механикалық тазалау және науалық шлюздерді ауыстыру жұмыстарын жүргізу

Тараз қаласы әкімдігі

       Ағымдағы жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жалпы 10,0 млн. теңге қарастырылып, Қант зауыты мен Тектұрмас алқаптарындағы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу хабарламасы берілді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес шағымдану сатысында.

       Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ирригация жүйелеріне толықтай тексерулер жүргізілді. Нәтижесі бойынша сметалық құжаттамалары есептелді.  Қала аумағындағы 6 канал арнасын тазалау жұмыстары үшін құны 329,0 млн.теңге болатын жобалау-сметалық құжаттары жасалынып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Алайда, бүгінгі күнге қаржы бөлінген жоқ.

      Сонымен қатар, Тараз қаласының көшелерінде науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнатуға қажетті зерделеу жүргізіліп, қаржы көлемі есептелді. Сметалық құны 93,0 млн. теңгені құрады. Аталған жұмыстар бойынша тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз мердігер «Әль-Мансур» ЖШС-мен құны 89 101,25 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Монтаждау жұмыстары нысан бойынша техникалық қадағалау қызметіне мердігер анықталған, қазіргі кезде канал бойында бір және үш деңгейлі науалық желілер ауыстырылуда.

11.        

Облыс аумағында кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 2055 гектар жер телімін кезекте тұрған азаматтарға беруді ұйымдастыру

 

Облыс әкімдігінің құрылыс, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 651 мың шаршы метр. 703,9 мың шаршы метрге немесе 114% орындау күтілуде. Оның ішінде 215,5 мың шаршы метр көпқабатты және 488,4 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 111,0%.

Жыл соңына дейін бюджет есебінен 30 жалға берілетін (1402 шаршы метр) және 20 кредиттік (1500 шаршы метр) үйді пайдалануға беру көзделген. Нәтижесінде кезекте тұрған 2902 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күні Тараз қаласының 15 шағын ауданында 1 526 пәтерлі 27 үйдің (11 кредиттік (820 пәтер), 9 жалға берілетін (405 пәтер) және "Бәйтерек" шағын ауданында 3 жалға берілетін (45 пәтер) үйдің құрылысы аяқталды; Сарысу ауданында 56 пәтерлі 1 жалға берілетін үй; Қордай ауданында 120 пәтерлі 2 жалға берілетін үй; Т.Рысқұлов ауданында 80 пәтерлі 1 жалға берілетін үй).

2021 жылы 30 тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 11,2 млрд.теңге сомасына 41 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

Құрылыс аяқталған кезде жыл соңына қарай кезекте тұрған 3 929 адамға жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері беріледі.

Құрылыс аяқталған кезде жыл соңына қарай кезекте тұрған 3 356 адамға жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері беріледі. Ағымдағы жылғы                                1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны   127 187 адамды құрады. Оның ішінде: Тараз қаласында – 74 008; Байзақ ауданында – 11 367; Жамбыл ауданында – 10 135; Жуалы ауданында – 3227; Қордай ауданында – 13 390; Меркі ауданында –  5 282; Т.Рысқұлов ауданында – 3 988; Шу ауданында – 5 790 азамат тіркеліп отыр.

2021 жылға Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінен жинақталған мәліметтерге сәйкес жалпы 3356 жер телімі беру жоспарланып, 01.09.2021ж жағдайға 333 жер телімі берілді.

 

12.        

«Асар» бастамасы аясында аз қамтылған, көпбалалы мұқтаж азаматтарға 100 үй тұрғызып беру

Облыс әкімдігінің ішкі саясат, құрылыс басқармалары,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды. Соның бірі – «Асар» жобасы. Жоба аясында 2020 жылы 99 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспаналы болды. Ағымдағы жылы 134 үй берілу жоспарлануда. Қазіргі таңда 73 үйдің құрылысы басталап, 34 үй пайдалануға берілді.   

13.        

Облыстағы бюджеттік мекемелер автокөліктерін газ отынына ауыстыру

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, барлық басқармалар,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

Бүгінгі таңда, облыс бойынша мемлекеттік меншіктегі 389 - бірлік қызметтік автокөліктер тіркелген және барлығы бензин отынын қолданып келеді, оның ішінде:

• Облыс әкімдігі - 7 бірлік;

• Облыстық басқармалар - 51 бірлік;

• Тараз қаласы және аудан әкімдіктері - 175 бірлік;

• Ауылдық округ әкімдіктері -156 бірлік.

Басқарма тарапынан мемлекеттік мекемелердегі көліктерді табиғи газ отынына ауыстыру бойынша толық талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижесі бойынша анықтама ұсынылған.

Аталған қызметтік хатқа сәйкес, аудан әкімдіктері мен басқармаларға бюджеттік өтінім жолдау бойынша тапсырма беріліп, басқармалар тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданып, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан қараусыз қалдырылды.

Сіздің тапсырмаңызды орындау мақсатында, Басқарма тарапынан аудандарға бірнеше рет (17.05.2021ж. №03-896, 15.06.2021ж. №03-725, 30.06.2021ж. №03-1187, 22.07.21ж. №03-1324) хаттар жолданған.

Алайда, Тараз қаласы мен барлық аудан әкімдері жергілікті бюджеттен үнемделген қаражат есебінен қызметтік автокөліктерді газ отынына ауыстыру бойынша тапсырмаға сәйкес, бірде-бір аудан қаражат қарастыру және қызметтік автокөліктерді газга ауыстыру жұмыстары жүргізілмеген. 

2021 жылғы 13 қыркүйектегі «Жол карталарын іске асыру барысын қарау бойынша» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А. Ұ. Маминнің төрағалығымен өткен кеңестің «Штат санын оңтайландыру және мемлекеттік аппаратта еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу жөніндегі 2021 – 2022 жылдарға арналған жол картасын іске асыру қамтамасыз етсін» хаттамалық тапсырмасы (қосымшаланады) берілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі 2021 жылғы 2 ақпандағы   №3 Жол картасының 2.38-тармағын іске асыру үшін мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету және олардың санын қысқарту жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Сізден аталған тапсырманың орындалуын облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны және оған қажетті автокөлік санын оңтайландыру жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейінге қалдыруды және орындалу мерзімін 2022 жылдың І-жарты жылдығына дейін өзгерту қажеттілігі жөнінде ұсыным білдірілді.

14.        

Газ отынымен жүретін 100 бірлік қоғамдық автокөліктерді сатып алу

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік

жоспарлау, қаржы басқармалары, «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ                       (келісім бойынша),

Тараз қаласы әкімдігі

 Тараз қаласы аумағында жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын 575 автобустың (резервті қоса есептегенде) ішінде: дизельді автобустар саны – 329 бірлік (57,2%), газ/бензин отынымен жүретін автобустар саны – 246 бірлік (42,8 %).

2018 жылы тасымалдаушы мекемелермен 42 бірлік, 2019 жылы 80 бірлік газ отынымен жүретін жаңа автобустар сатып алынды.

Оның ішінде:

- «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 2018 жылы 20 бірлік, 2019 жылы 12 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты Паз маркалы автобустар сатып алды;

- «ТаразТрансМоторс» ЖШС 2018 жылы 15 бірлік, 2019 жылы 15 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты Паз маркалы  автобустар сатып алды;

- «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 2018 жылы 7 бірлік, 2019 жылы 33 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты ПАЗ маркалы автобустар сатып алды.

2021 жылы «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-гі өз қаражаты есебінен 20 бензинді автобус алып, бүгінге газ отынына ауыстырылды.

Дизель отынын пайдаланатын автокөлікті газ отынына ауыстыру техникалық және экономикалық тұрғыдан өте қиын (аталған 341 бірлік автобустар пайдалану мерзімі 7 жылдан жоғары екендігіне байланысты, қосымша қаражат жұмсау тиімсыз) әрі тиімсіз.

Мәлімет үшін: Автобусты газ отынына ауыстыру мақсатында тиісті модификация жасау үшін толығымен қозғалтқыштарын ауыстыру қажеттілігін туындатады немесе жаңа автобустар алуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, дизельді автокөлікті газ отынына ауыстыру үшін тиісті модификация жасалуына толығымен қозғалтқыштарын ауыстыратын маман Республикада кемде-кем,тіпті табылуы қиын. Және тағы бір мәселе, толығымен қозғалтқыштарын ауыстырғаннан кейін, қажеттілік туындаған жағдайда компьютерлік диагностика жасалмайды.

Сонымен қатар, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында автопарктер автобустарын жаңартуды Тараз қаласының қалалық 6-тасымалдаушы мекемелері, «Тараз» ӘКК АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арасында 100-бірлік автобус сатып алу бойынша тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп, тасымалдаушылар автобустардың алғашқы алдын ала төлем құнын 15%-18,9% төлей алмауына байланысты іске асыруда қиындықтар туындауда.

Басқарма тарыпанан, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы шарттарынан алғашқы жарна құнын 15%-18,9% алып тастауға ықпал ету бойынша хат (15.05.2021ж. №06-4664) жолданған.

Алматылық «НарТранс» АҚ жаңа заманауи үлгідегі 12 автобус пайдалануға берілді. Жыл соңына дейн тапсырма орындалады.

15.        

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесін 95 %-ға жеткізу.

Облыстағы барлық қоғамдық көліктерге                  «Е-билеттендіру» жүйесін толығымен енгізу

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылға 091 «Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» 104 кіші бағдарламасы бойынша 50/50 % паритетімен қаржыландыруға 30 жобаны /327,8 шқ/ іске асыру үшін 4 719,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған (14.02.2020 ж. №06-1085 хаты).

Алайда, республикалық бюджеттің қаражат лимитіне сәйкес, 50/50 % паритетімен бірлесіп қаржыландыруға ұсынылған 30 жобаның тек 4-уі ғана қолдау тауып, 2021 жылға республикалық бюджеттен 1 071,2 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1 234,5 млн. теңге бөлінді. Есебінен 70 шқ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орта жөндеулер жүргізілмек.

Осы тұрғыда, 2021 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына 50/50 % паритетімен қаржыландыруға 31 жобаны /295,4 шқ/ іске асыру үшін  4 039,6 млн. теңгеге бюжджеттік өтінім ұсынылған(27.01.2021 ж. №01-726 хаты).

Алайда,ұсынылған 31 жобаның 25-уі қолдау тауып, 2021 жылға республикалық бюджеттен жалпы құнның орташа  есеппен 33% ғана, яғни 1 936,7 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1 000,0 млн. теңге бөлінді. Есебінен 120,9 шқ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орта жөндеулер жүргізіледі. Осы орайда, жобалардың басым бөлігі 2022 жылға ауыспалы болуына байланысты, 2021 жылы «облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі» көрсеткіші тозу дәрежесін есепке алғанда тек – 93,3% жетеді.

       Бұл ретте, ҚР ИИДМ-не қаржыландырудың толық болмауына байланысты, аталған индикатор бойынша жыл басында белгіленген 95 % межесін қайта қарап, 93,3 %-ға  келісілуі бойынша хат жолданғанымен(18.06.2021 ж. №06-5834 хаты), әзірше қолдау таппауда.

        Осы ретте, республикалық бюджеттің екінші нақыталуына 14 нысан бойынша 58 шқ (39,7 шқ-облыстық, 18,3-аудандық) орта жөндеу жұмыстарының аяқталуына 1,2 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды (12.08.2021 ж. №06-7609 хаты).

            Бұл өтінім де қолдау таппаған жағдайда, тарапымыздан индикаторды орындау мақсатында, бүгінде жеңімпаз болып танылған ірі жол компанияларымен қаржыландыру келер жылы болса да өтпелі нысандарды өз есебінен ағымдағы жылы аяқтап, пайдалануға берілуін қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.

 

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде "TulparCard" электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап іске қосылды.

Тараз қаласының қалалық маршруттарының барлық автобустарында төлем қабылдау құрылғылары (379 мобильді, 313 стационарлық және 185 мобильді терминал қоры бар) орнатылған.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасынан қосымша 100 бірлік стационарлық валидаторға тапсырыс берілген.

Бүгінгі таңда, күнделікті әр маршрутта тасымалданатын жолаушылар ағынана, түсетін пайда көлеміне, күнделікті желіге шығатын автобустарға мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, төленген жол ақы жиілігіне негізделе жолаушылардың аптаның күндеріне және тәулік уақыттары кесіндісінде автобустарда жүру жиілігіне мониторинг жүргізілуде.

Жүйеде көлік карталарының 2 түрі қарастырылған. Бірыңғай карталар және мектептің жеке көлік карталары.

Бүгінгі таңда жалпы 215 000 (168 000 бірыңғай, 47 000 оқушы картасы) көлік картасы шығарылды. Оның ішінде 185 047 (154 518 бірыңғай, 30 329 оқушы картасы) карта қолданыста және 25 205 көлік картасының қоры бар. Қосымша 10 000 бірыңғай картаға тапсырыс берілді.

Көлік карталарын Тараз қаласының халық көп шоғырланатын орындарындарында орналасқан 9 сату кассаларында және көлік карталарын бақылау-тексеру қызметкерлерінен сатып алуға болады. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету CALL-CENTER-і ("Жайлау" шағын ауданында (3), 21-үйде) құрылды.

Жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі бар. Олар қолма қол, TulparCard көлік карталары арқылы және QR код немесе автобустың сандық код арқылы төленеді. Сондай-ақ, SMS-төлем (Beeline, Kcell) және USSD-код (*2020#) арқылы жол жүру ақысының жаңа түрін қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мерзімі Сәуір айының соңы.

Жүйе қала бойынша орналасқан "TulparCard" ресми кассалары арқылы карталардың теңгерімін толтыру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ төлем жүйелері мен QIWI, KASSA24 төлем жүйелерінің электрондық әмияндары арқылы, 2-деңгейлі банктердің интернет-мобильді банкингінде (каспи.кз, халықбанк, сбербанк, атфбанк, банкцентркредит). tulparcard.kz ресми сайтында және "TulparCard" мобильді қосымшасы арқылы.

Қазіргі уақытта халыққа қолайлы орта жасау мақсатында, tulparcard қосымшасымен қолданыстағы tarazbus (GPS-мониторинг) қосымшасын интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

TulparCard қосымшасында нақты уақыт режимінде автобустардың қозғалысымен қалалық маршруттарды бақылау функциясы пайда болады.

Барлық автобус парктерінде АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) орнатылды және онлайн режимінде тасымалдаушының көлік құралдарының жұмысы туралы статистикалық ақпарат алу мүмкіндігімен күнделікті түсімді қабылдау және персоналдың жұмысын есепке алу процесін автоматтандыру үшін жеке кабинеттер ашылды.

 

16.        

Елді мекендердегі көмірмен жылу алатын 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін іс-шаралар жоспары бекітілді, оның ішінде: білім нысаны - 100 (оның ішінде: мектеп - 78, балабақша - 22), денсаулық сақтау нысаны - 34, мәдениет нысаны - 22.

            Анықтама үшін: Байзақ ауданы - 10 нысан, Қордай ауданы - 86 нысан, Т.Рысқұлов ауданы - 16 нысан, Шу ауданы - 18 нысан, Меркі ауданы - 9 нысан, Талас ауданы - 17 нысан.

         Бүгінгі күнге, демеушілер және жергілікті бюджет есебінен 4 нысанның қазандықтары табиғи газға ауыстырылды, олар:

         1) Қордай ауданында - 2 нысан (демеушілер есебінен Әлжан ана және Беріктас ауылдарындағы балабақшалары);

         2) Талас ауданында - 2 нысан (жергілікті бюджет есебінен Ойық және Сейілбек ауылдарындағы мектептер),

         Ағымдағы жылы 9 жобаны іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 288,6 млн. теңге қарастырылып, оның ішінде 8 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олар:

            1) Т.Рысқұлов ауданы - 1 нысан (Құлан ауылы, М.Горький атындағы орта  мектебі - 35,2 млн. тг);

            2) Меркі ауданы - 1 нысан (аудандық орталық кітапхана - 32,8 млн. тг);

            3) Байзақ ауданы - 1 нысан (Аймантөбе ауылы, Берікқара атындағы орта мектеп - 39,148 млн. тг);

            4) Шу ауданы - 1 нысан (Көкқайнар ауылы, Естемесов атындағы орта мектеп - 16,151 млн. тг);

            5) Қордай ауданы - 4 нысан (Беріктас, Қайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ ауылдары, №28, 30, 31, 32 орта мектептері - 95,268 млн. тг);

        Ал, 1 жоба бойынша Меркі ауданы, Грантигорск ауылындағы мектеп-интернатына модульді қазандық орнату (69,9 млн. тг) үшін Білім басқармасының тапсырысымен мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер анықталу үстінде. Қазандық көмірмен жылытылады, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қорымен қамтамасыз етілген.

       Бұдан бөлек, демеушілер есебінен 5 әлеуметтік нысанда табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:

- Қордай ауданы  Қайнар ауылының «Ақбұлақ» балабақшасының қазандығын табиғи газға ауыстыру;

- Байзақ ауданы Жақаш (Суханбай) ауылында ауылдық клубын газдандыру;

- Байзақ ауданы Мәдімар (Ынтымақ) ауылында ауылдық клубын газдандыру;

- Байзақ ауданы Дихан-2 ауылында ауылдық клубын газдандыру;

- Байзақ ауданы Абай ауылында ауылдық клубын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

17.        

Жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясын 387,6 МВт-қа жеткізу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

2021-22 жылдары жалпы қуаты 96,7 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің
4 жобасын аяқтау қажет.

Облыста жалпы қуаттылығы 387,8 МВт құрайтын 17 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруде, бұл республика (ЖЭК 117 нысан жалпы қуаттылығы 1705 МВт) бойынша 19% құрайды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарда.

Анықтама:

- 6 су электр станциясы қуаты 24,4 МВт:

(«Мерке ГЭС-1, 2»- 2,3 МВт, «Мерке ГЭС-3»-1,5 МВт «Ремкомстрой» ЖШС, «Қаракыстақ ГЭС»-
2,23 МВт«Жамбыл СЭС», «Тасөткел ГЭС-1»-9,2 МВт, «Тасөткел-2»-  9,2 МВт);

- 6 жел электр станциясы қуаты 162,15 МВт: (Қордай ЖЭС К-1 – 1,5 МВт, «Vista International» ЖШС -21 МВт, «Ветроинвест» ЖШС Қордай ауд – 30,65 МВт, «Жанатасская ЖЭС» ЖШС- 100 МВт, Қаратау ЖЭС-1 – 4,5 МВт, Қаратау ЖЭС 2 – 4,5 МВт).

- 5 күн электр станциясы қуаты 201,25 МВт: (Отар КЭС-0,5 МВт «KaзЭкоВатт» ЖШС, «Burnoe Solar-1»ЖШС-50 МВт,  «Burnoe Solar-2»ЖШС- 50 МВт, «М-CAT Green» ЖШС -100 МВт, Қордай ЖЭЖ – 0,75 МВт).

2021 жылға жалпы қуаты 69,2 МВт құрайтын 2 нысанды пайдалануға беру көзделген болатын. Есепті кезеңде Шу ауданында қуаты 9,2 МВт Тасөткел ГЭС-інің екінші кезеңі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарланған  қуаты 100 МВт құрайтын Жаңатас жел электр станциясын ағымдағы жылдың 11.08.2021 пайдалануға берілді.

Нәтижесінде, облыстағы жаңартылатын энергия көздері станцияларының қуаты жыл соңында 387,8 МВт-қа жеткізілді.

(2022 жылы Көксай СЭС 18 Мвт, Талас ауд. Шеңгелді ЖЭС 9,5 МВт пайд.беріледі).

18.        

Облыста 21,9 мың жұмыс орнын ашу, оның 15,3 мыңының тұрақты болуын қамтамасыз ету және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар санын азайту

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

2021 жылдың 1 қыркүйегіне  барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 27141 жұмыс орны құрылып, оның 14804-і тұрақты, 12337-і уақытша жұмыс орындарын құрап отыр.

«Еңбек» бағдарламасы  аясында 2021 жылға барлығы 16,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 10,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 5,8 млрд.теңгебөлінді. 2021 жылдың 1-қыркүйегіне  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 39496 адам тартылды, (соның ішінде бос жұмыс орындарына - 16892 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1104 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1358 адам, жастар практикасына 1418 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 9494 жұмыссыз тартылды,853 адам шағын несие алды, 3796 адам грант алды) оның ішінде есепті мерзімде 29224 адам жұмысқа орналастырылып, (жоспар - 38371)  76,2 пайызға  орындалды, ондағы 16892 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.

19.        

Облыстағы 11 білім нысанының құрылысын жүргізу және   11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Шу,Жамбыл, Байзақ, Қордай, Жуалы аудандары және Тараз қаласы әкімдері

Жамбыл облысы бойынша 2021 жылы 11 білім нысанының (8 мектеп, 3 мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыс) құрылыс жұмыстары жоспарланды.

2021 жылдың 1 қыркүйек күні 5 білім нысаны пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 3 мектеп және 3 мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыс пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2021 жылы 11 білім нысанының күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

20.        

Денешынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар үлесін 35,0%-ға жеткізу, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 51,2%-ға жеткізу.

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

      2021 жылдың 3 тоқсаны бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 394,1 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 34,4%-ға жетті. Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында спорт басқармасы тарапынан барлығы 1 969 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 119 564 адам қатысты.

       Сонымен қатар, қазіргі таңда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіші    49,2%-ы құрап отыр. 2021 жылы облыста барлығы           10 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 8 жоба «Ауыл – ел бесігі»,               2 жоба Жұмыспен қамту Жол картасында қарастырылған. Бүгінгі күнге Меркі ауданы Меркі ауылында 1 дене шынықтыру сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 5 ДШСК қолданысқа беру көзделуде. 4 жоба 2022 жылға өтпелі.  

21.        

Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту

Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

         «Жібек жолын іске асыру» бағыты бойынша бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша облыстағы барлық 371 ауылдық елді мекеннің 362-сі түрлі жиіліктегі мобильді интернетпен толық қамтамасыз етілген, 9 елді мекен интернеттің ешқандай түрімен (мобильді, ТОБЖ) қамтылмаған.

Бүгінгі күні әкімдіктер 250 адамнан астам халқы бар 21 АЕМге (6 аудан) «LC Commerce» ЖШС (мердігер «Ксеll» АҚ) АДС салу үшін жер телімдері бөлінді. Оның ішінде 8 АЕМ 2G-ден 3G-ге ауысады,қалған 13 АЕМ 3G-ден 4G-ге дейін. 2 АЕМ ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс басталды: Жамбыл ауданы – Қаракемер, Меркі ауданы – Қызылсай.

          371 АЕМ-нің (оның ішінде: 311 АЕМ - 250+, 60 АЕМ - 250-) 178 АЕМ (177 (250+) 1 (250-)) талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген.

         Бұдан басқа, қазіргі уақытта 134 (250+) елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері орнатылмаған.

          «Транстелеком» АҚ 2021 жылы 4 АЕМ-де ТОБЖ-ны жарақтандыруды іске асырады:

1. Байзақ- Базарбай ауылы

2. Қордай– Бел, Анрахай ст

3. Т.Рыскулов ауданы- Абжапар Жылкышиев ауылы.

«Қазақтелеком» АҚ бұрын талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу жүргізілген радиорелелік байланыс желілері арқылы облыстың 13 АЕМ-ді жарақтандыру жөніндегі жобаны іске асырылуда.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

            NewTelCom компаниясы өз инвестициялары есебінен Жамбыл облысында радиорелейлік желілерінің құрылысын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттер облыстың барлық 10 ауданы бойынша белсенді қосылуда, 82 елді мекен қамтылды (3070 үйлер қосылды).

22.        

10 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту және 17 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірлеу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары, аудан әкімдері

2021 жылы 29 сумен жабдықтау (16-өтпелі, 13 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 11,1 млрд.теңге  қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 23 жоба жыл соңына аяқталса, 6 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Бүгінгі күнге  аталған 29 жобаның 3 жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Қалған 26 бойынша құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жыл соңына дейін 12 ауылдық елді мекенде тұратын 45 мың тұрғынды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы құны 12,8 млрд.теңгені құрайтын 23 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар 2022-2024 жылдарға арналған  республикалық бюджеттін қалыптастыруына ұсынылды.

Анықтама:Тараз қаласы – 7 жоба (2 жоаба севистік желілер, 5 тұрғын алқаптар – Жиделі, Көлтоған, Тектұрмас, Казарма, Құмшағал), Байзақ ауд.- 2 жоба (Аққия, Сарыбарақ), Жуалы ауд.- 1 жоба (Қоңыртөбе),  Қордай ауд.- 5 жоба (Степное, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Ноғайбай), Шу ауд.- 3 жоба (Көктөбе, Сауытбек, Көкқайнар), Т.Рысқұлов ауд.-3 жоба (Жаңатұрмыс, Қазақ, Сәлімбай), Меркі ауд.- 1 жоба (Аңдасбатыр), Мойынқұм ауд.- 1 жоба (Ақсүйек).\

23.        

20 елді мекенді газдандыру және 12 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша ЖСҚ әзірлеу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар әкімдері

 

            2021 жылы облыстың 4 ауданындағы  20 АЕМ-ді (Байзақ ауданы – 3, Жуалы – 2, Т. Рысқұлов – 10, Жамбыл - 5) газбен қамтамасыз ету мақсатында 14 жоба (2020 ж. өтпелі – 4, жаңа құрылыс - 10) іске асырылуда (3727,8 млн.тг).

Бүгінге, 1 жоба (Т.Рысқұлов ауд.) бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нәтижесінде, 2021 жыл қорытындысымен 20 елді мекендегі 16 мың адам газбен қамтылып, газдандыру үлесі 69,3%-ды (257 елді мекен) немесе (88,6%)) құрайды.

24.        

«Шалғай Қарасу» «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл Абад», «Казарма», «Жиделі» шағын аудандары мен оның маңындағы 28 тұрғын алқаптарына қажетті инфрақұрылым жүргізу мәселелерін шешу

 

Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары

Электр желілерімен қамтамасыз ету бойынша:

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан «Тараз қаласындағы 28 саяжай мен Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі тұрғын алқаптарын  электр желілерімен қамтамасыз ету» жобасы әзірленіп,  мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Құрылыс жұмыстары 24.11.2020 жылы басталды. Келісім шартқа сәйкес, құрылыс жұмыстарының құны –  2 069,2 млн теңгені құрайды. Келісім шартқа сәйкес, 2021 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша:

       Жиделі мен Көлтоған тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалардың сметалық құндары: Жиделі - 108 726,0 мың теңге, Шөлдала - 149 780 мың теңгені құрайды.   Жобалар облыстық бюджеттің кезекті нақтылауына ұысынылып, құрылыс жұмыстарын бастауға жоғарыда аталған 2 жобаға 2 млн.теңге бөлінді.

       Ал, «Құмшағал» (сметалық құны 1 084 582 мың теңге) және  «Казарма» (сметалық құны 455 637 мың теңге), тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттін қалыптастыруына ұсынылды. Қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады.   

       «Қызыл Абад» тұрғын алқабы бойынша сараптама қорытындысы 16.08.2021 жылы алынды. Сметалық құны 288 376,0 мың теңгені құрады. Аталған жоба 2022 жылғы республикалық бюджеттін нақтылауына ұсынылатын болады.

       «Шалғай Қарасу», «Шөлдала» тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лар әзірленуде. Сараптама қорытындысын жыл соңына дейін алу жоспарланған.

      Жобаларға сараптама қорытындылары алынғаннан кейін мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім енгізілетін болады.

 

25.        

Перспективалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып Тараз қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

 

      Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысымен бекітілген облыс орталығы Тараз қаласының бас жоспар жобасына түзетулер енгізілуде.

       Тараз қаласының бас жоспар жобасына түзетулер енгізу мақсатында, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің тарапынан, мемлекеттік сатып алу Ережесіне сәйкес конкурстық жұмыстар жүргізіліп, жеңімпаз болып жобалаушы «Қолдау» ЖШС анықталды.

        Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мен «Қолдау» ЖШС жобалаушы мекемесі арасында 03.03.2021 жылы №1 келісім-шарт жасалды.

Жобалық жұмыстар Тараз қаласының тиісті мекемелері мен ұйымдарынан қажетті бастапқы ақпараттар жинақталып, нақты мәліметтерге сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сараптама жасалды.

Қаланың бас жоспарына түзету енгізілген жағдайда Жамбыл және Байзақ аудандарына қарасты 14 елді мекеннен жер аумағы 10422,5 га және халық саны 44 504 адам қосылу көзделіп, қала халқының саны 408 235 құрайтын болады. Бас жоспарға сәйкес қала аумағы – 29 209 га құрайтын болады.

Екі ауданнан қалаға енетін 14 – елді мекендердің орнына шығып, зерделеу жұмыстары толыққанды жүргізілді.

Жобалаушы мердігер мекеме тарапынан зерделеу жұмыстарының нәтижесінде жобалық шешімі яғни, концепциясы әзірленіп бекітілді.

   Алдын-ала бекітілген концепцияның негізінде Тараз қаласы әкімдігі мен жобалаушы мердігер мекеме «Қолдау» ЖШС тарапынан жүргізілген жобалау жұмыстарының барысы, 10.09.2021ж облыс әкімдігінің басқарма басшыларының, Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің және табиғи монополия субъектілерінің қатысуымен техникалық кеңесте қаралып, бірқатар ұсыныстар берілді.

    Қазіргі таңда, «Қолдау» ЖШС тарапынан берілген ұсыныстарды енгізу және облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдері және табиғи монополия субъектілерімен келісу жұмыстары жүргізілуде.  

Осыған байланысты, жобалау жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алып, атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты мәлімет ұсынылып отырады.

26.        

«Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын жөндеу жұмыстарын жалғастыру

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы,

Облыс әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданы әкімдігі

 

 

      2021 жылы облыстық маңызы бар "Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық" автомобиль жолының 7-20 шқ аралықтарын орта жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 224,9 млн. теңге бөлінді /жобаның жалпы құны: 367,4 млн. тенге/.

      Нысан 2022 жылға ауыспалы. Бүгінгі күнге,  ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар аяқталды.

27.        

Байзақ ауданында 6 елді мекенді су басу қаупіне (Үлгілі, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Сарыкемер, Диқан, Түймекент) байланысты Талас өзенінің жағалауын күшейту

 

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Облыс әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданы әкімдігі

 

Жамбыл облысы Тараз қалалық және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Талас өзені арнасы бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары ағымдағы жылы бюджеттен (РБ-500,0 млн. тг, ОБ-55, 556 млн. тг) бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары 15 ақпан 2021 басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 мамырында 2021 жылға республикалық бюджетті нақтылау барысына                 2 551,2 млн теңге бөлу бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрілгіне  бюджеттік өтінім жолданған.

        Сметалық құны-3477,3 млн тг.

28.        

Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы тұрғын үйге газ кіргізу құнының жоғары болу проблемасын шешу

 

 

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Шу ауданының әкімдігі

 

Бүгінге күнге Шу ауданының орталығы Төле би ауылында 4200 аула бар, соның ішінде табиғи газға қосылғаны 1784 үй (43%), қосылу құнының қымбаттығына байланысты қалған 2493 (57%) тұрғын үй иелері газға қосыла алмауда. Бір үйге газ кіргізу құны – 503,0 мың теңге. 2020 жылғы 23 желтоқсандағы Шу аудандық сотының шешіміне (сот шешімі 1 айдан соң заңдылық күшіне енді) сәйкес, «Париев» ЖШС-нің Төле би ауылы ішіндегі көшеаралық газ таратушы құбыр құрылысын қабылдау туралы актісінің күші жойылды. Сот шешімі не гізінде бүгінгі күнге дейін аталмыш газ құбырларын «Париев» ЖШС-нің теңгеріміне тіркеудің күші жойылып, газ құбырлары орналасқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды. 

Аталмыш газ құбырын Төле би ауылдық округі әкімдігінің теңгеріміне алу үшін «Париев» ЖШС құрылысы аяқталған нысанының қабылдау актісіне қол қойып, барлық атқарушы-техникалық құжатардың түпнұсқасын өткізуі қажет.

Дегеніменде, «Париев» ЖШС аталмыш газ құбырын мемлекеттік меншікке өткізу үшін бір үйдің газға қосу құнын 475 мың теңгеге белгілеп, оны елдегі қаржылық жағдайға байланысты өсіру мүмкіндігін қарастыру бойынша өз шарттарын ұсынған.

Бұл тұрғыдан, «Париев» ЖШС-і техникалық құжаттаманың және нысанды қабылдау актісінің түпнұсқаларын Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппаратына тапсыруды міндеттеу үшін 2021 жылғы 21 маусымында облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілген болатын.

Алайда, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде сот жүйесі аяқталып «Париев» ЖШС-і техникалық құжаттаманың және нысанды қабылдау актісінің түпнұсқаларын Төле би ауылдық округі әкімі аппаратына өткізу туралы талап арызы өң шешімін таппады.  

29.        

Шу қаласы «Жайсан» тұрғын үй алқабынан 35/10 кВ қосалқы станциясы мен 35 кВ электр байланыс желілері» құрылысын аяқтау

Шу ауданының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

2014 жылдың 15 сәуірінде «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «ПКФ Дайана» ЖШС арасында 508 495 635,20 теңге сомасында «Шу қ. «Жайсан» жаңа тұрғын үй алабында 35/10 кВ қосалқы станциясын салу» нысаны бойынша келісім Шарт жасалынған, жұмыстарды орындау мерзімі  шартқа қол қойылған күннен бастап 4,5 айды құрайды.

Алайда, қазіргі уақытта мердігер тарапынан монтаждау жұыстары толық аяқталған жоқ. Объект қазіргі уақытқа дейін пайдалануға қабылданбаған.

«Дайана» ЖШС мердігерлік ұйымының аяқталмаған жұмысының сот-құрылыс сараптамасының қорытындысы бойынша, шығын 262,489 млн.теңгені құрады.

 Бүгінгі таңда мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процестері жүргізілуде.

30.        

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 4549 іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 5, республикалық деңгейде – 15, облыстық деңгейде – 217, қалалық/аудандық дейгейде – 4312 іс-шара ұйымдастырылды.

Қайырымдылық жобалары бойынша «Қайырымды істер марафоны» «Менің бастамам», «Мейірім», «Мейірімділік керуені», «30 жылдыққа 300 мың ағаш», «30 жаңа жол», «30 жаңа тротуар», «30 жаңа аялдама» «Тегін такси. Тегін автобус» т.б. акциялары бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап көптеген қайырымдылық шаралар өткізілуде.

Одан бөлек, облыста «30 игі іс» жобасы мен «Қайырымдылық істері марафоны» жалпыұлттық жобасы сәтті іске асырылуда. Қазақстан халқы ассамблеясының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы шеңберінде жалпы 55 446 360 теңгеге 6640 адамға қайырымдылық жасалды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Тараз қаласында «Таразға тарту» жобасы аясында ұйымдастырылуда. Жоба аясында 42 нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа саябақтар мен скверлер ашылуда (21 саябақ пен сквер, көшелер жөнделуде, 5 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті сырланды). Бүгінгі таңда, жоба аясында 30 нысан пайдалануға берілді. Мәселен, Елорда күні қарсаңында Тараз қаласының Қарасу алқабында «Медицина қызметкерлері» күніне орай «Денсаулық» аллеясы ашылды, сондай-ақ, Тараз қаласының 2 мөлтек ауданы, Әл-Фараби көшесіндегі бос жатқан жерге тұрғындарға демалыс орны және спорт алаңшасы салынды.

Жамбыл облысында 30 жылдыққа байланысты алдағы уақытта да бірқатар шаралар жоспарланған.

Атап айтқанда, алдыңғы айларда «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық ғылыми конференция, Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай мерейтойлық шара, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай конференция, Түркістан облысындағы Жамбыл облысының күндері, Алматы облысындағы Жамбыл облысының күндері және Жамбыл облысындағы Алматы облысының күндері, «30 жұлдызды күн» және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығы, көркем гимнастика және үстел теннисіне арналған спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, баспа басылымдарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотип арқылы, сондай-ақ, «Тәуелсіздік жылдары», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат», «Еңбек адамы», «Ауыл тынысы», «Тәуелсіздік – тұғырымыз» атты тұрақты айдарлармен баспа басылымдарда 768 мақала (оның ішінде, республикалық газеттерде 15, облыстық газеттерде 180, қала/аудандық газеттерде 573 мақала), электрондық БАҚ-та 227 сюжет (облыстық «JAMBYL», «77TV», «Taraz 24» телеарналары) көрсетілді.

Ал, ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде 1200-ден астам материал жарияланды.

 

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (01.10.2021 жыл)
Дата публикации
08 октября 2021