Жамбыл облысы әкімінің аппараты  Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімінің аппараты

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 174 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 94 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 162 қызмет электронды форматта көрсетілуде.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 1,9 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    1 856 639  қызмет (97,1 %);

қағаз түрінде                     –     739 қызмет (0,1 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    54 468 қызмет (2,8 %).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1383 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген                   қызметтердің – 9 факті тіркелген.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанында 333 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 626 170 халық қамтылды.        

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 36 ішкі бақылау жүргізіп, 22 жергілікті атқарушы органдар мен 14 ведомстволық бағынысты ұйымдары (36 объекті) қамтылды. Нәтижесінде 147 бұзушылықтар анықталып, 51 ұсыныс әзірленді. Онын 46 орындалып, 5 орындалуда.

Үшінші тоқсанда анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 2 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 11 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің         2 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
41 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 91 фактісі тіркелді.

 

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты  Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
08 октября 2021