Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
Қордай ауданы Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтері
әкімідерінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылғы 26 қыркүйекте Қордай ауданының Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық окрутері әкімдерін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық окрутері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді, оның ішінде 758 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айнакожаева Т.А. – 14; Апильжанов Б.Е. – 65; Конырбаев Б.Ж. – 657.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Конырбаев Бахыт Жаркынович, 1989 жылы туған, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің Үлкен-Сұлутөр ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 26 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2100 азамат енгізілді, оның ішінде 1952 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 52, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алыбаев Р.Е. – 1716; Мади Н. – 138; Оразбек Ж.М. – 28.
Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып Алыбаев Рашид Елшибекович, 1971 жылы туған, «Олжас» шаруа қожалығының басшысы, Қаракемер ауылдық округінің Қаракемер ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 26 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Қаракемер ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламаларына сілтеме: