Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округ әкімідікке «Nur Otan», партиясынан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Қаракемер ауылдық округіне Алыбаев Рашид Елшибекович, 1971 жылы туған, «Олжас» шаруа қожалығының басшысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Қаракемер ауылдық округіне Мади Нурлан, 1982 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қаракемер ауылдық округіне Оразбек Жарылқасын Мәлікұлы, 1996 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының статисті, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округіне Айнакожаева Турсункуль Адгонбековна, 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округіне Апильжанов Бекжол Есдаулетович, 1985 жылы туған, Аудандық қоғамдық-саяси газеті «Қордай шамшырағы» тілші, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округіне Конырбаев Бахыт Жаркынович, 1989 жылы туған, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы, Үлкен-Сұлутөр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: