Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік
тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі осы қаулының қосымшасына («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі қойылады) сәйкес бекітілсін.
- Облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- «Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №296 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Жазылбекке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев