ЖОБА  «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімін беру туралы

ЖОБА

 «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімін беру туралы

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»                1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының                      4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі берілсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА  «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімін беру туралы
Дата публикации
27 августа 2021