Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы

Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы    № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қоса беріліп отырған:

         1) басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына;

2) өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына;

         3) басым дақылдардың субсидиялар нормалары осы қаулының                      3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Жамбыл   облысы   әкімдігінің  2020   жылғы 26 қазандағы № 244 қаулысының  (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда №4781) күші жойылды деп танылсын:   
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын   бақылау   жетекшілік   ететін   Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
27 августа 2021