Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 199 қаулысымен бекітілген
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 тарау. Жалпы ережелер
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдау және құқықтық қамтамасыз ету;
2) облыс әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
1) құқықтары:
барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;
жергілікті атқарушы органдарда, Мемлекет басшысының, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жағдайына тексеру жүргізу, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап ету, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдау және жазбаша түсініктемелерін талап ету;
облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
басқармалардың, департаменттердің және басқа да облыстық қызметтердің алқа отырыстарына, комиссияларына, кеңестеріне қатысу;
басшылықтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін облыс әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тарту.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
облыс әкімі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
1) Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму, ақпараттық даму және халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі-АКТ) дамыту бағыттары бойынша әкімнің қызметін ақпараттық – талдамалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және оларды Жамбыл облысының аумағында орналасқан азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің орындауын бақылау;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Үкіметпен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Жамбыл облыстық мәслихатымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және тиісті жылға арналған Жамбыл облысының даму жоспарлары мен бағдарламалары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы әкімді хабардар ету;
6) әкімнің және әкімдік мәжілістерінің, қажет болған жағдайларда консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету;
7) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі рөлінеде болу;
8) әкімдік регламентіне сәйкес әкімдік қаулылары жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне, әкім қабылдайтын шешімдер мен өкімдерге, сондай-ақ аппарат басшысының бұйрықтарына сараптама жүргізу, сараптама нәтижелері бойынша қорытындылар (анықтамалар) дайындау;
9) әкімде, оның орынбасарларында, аппарат басшылығында кеңестер өткізуді ұйымдастыру, кеңестердің материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және тарату;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау;
11) әкімдік қаулыларының, әкім және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, әкімдік отырыстарының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша әкімді хабардар ету;
12) жергілікті атқарушы органның норма шығару қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;
13) әкімнің тапсырмасы бойынша соттарда әкімдіктің және әкімнің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
14) құпия іс жүргізуді, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әкімдік ғимаратында құпиялылық режимін, өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету болып табылады;
15) мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу талаптарын сақтау жөніндегі қызметін, оның ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу жай-күйін кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулерін, сондай-ақ қорғау құралдары мен қорғалған баспа-бланкі өнімдерін пайдалануды үйлестіру;
16) Жамбыл облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;
17) аппарат пен әкімдіктің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша зерделеуді ұйымдастыру және ұсыныстар енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағылымдамасын және қайта даярлығын ұйымдастыру арқылы кадр саясатын жүзеге асыру;
18) әкім тағайындайтын не онымен келісім бойынша тағайындалатын кадрлармен жұмыс;
19) аппараттың балансындағы материалдық құндылықтардың сақталуын есепке алуды және бақылауды жүргізу;
20) АКТ-ны және ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ деректер алмасудың халықаралық стандарттарын, АКТ-ны құру, енгізу және пайдалану процестерін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне енгізу;
21) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
22) әкімнің және әкімдіктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
23) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;
24) аппаратта және оның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді жолға қою және жетілдіру;
25) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
26) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
27) Жамбыл облысы аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
28) Жамбыл облысы аумағындағы жедел жағдайға талдау және бағалау жүргізу;
29) Жамбыл облысының жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысының жай-күйіне талдау жүргізу;
30) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
31) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдемдесу;
32) Жамбыл облысында гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
33) гендерлік аспектілерді қарау және сақтау;
34) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;
35) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
36) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
37) әкімдіктің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау;
38) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмаларын орындайды.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; ;
3) Аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) Аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі