«2021  жылға асыл тұқымды мал  шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»

«2021  жылға асыл тұқымды мал  шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы  №40 қаулысына  өзгеріс  енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы  № 40 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152692  болып тіркелген,                2021 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының
1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің  орынбасары      Н.Нұржігітовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                         

           Облыс әкімі                                                                             Б.Сапарбаев

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы 

басқармасының басшысы                                                                  Қ.Аманов

«2021  жылға асыл тұқымды мал  шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»
Дата публикации
05 августа 2021