Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық  округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

                                                                                                        

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық

 округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және           өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Майское саяжайының жалпы көлемі 16,2141 гектар жерін Айша бибі ауылдық округінің Айша бибі ауылына қосу жолымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша бибі ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

 Б. Сапарбаев

 

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық  округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Дата публикации
03 августа 2021