Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы талаптарда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі – нұсқаулық) мазмұнына қойылатын негізгі талаптар осы талаптарға 1-қосымшада айқындалған.
3) барабарлық – объектіде қолданылатын терроризмге қарсы шаралардың ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігіне сай болуы;
4) кешенділік – жоғарыда тізілген қағидаттарға сүйене отырып объектінің терроризмге қарсы қорғалуын құруға және қолда бар күштер мен құралдарды тартуға мүмкіндік беретін шаралар жиынтығы.
1) ұлттық қауіпсіздік органдары айқындайтын ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігін және олардың ықтимал салдарын ескере отырып, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;
2) объектіде терроризм актісін жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды айқындау және оларды жою;
5) объект персоналы мен күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін терроризм актісін жасау қатеріне алғашқы ден қоюға (терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, бұл туралы басшылыққа, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлау) даярлауды (оқытуды) ұйымдастыру;
6) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету талаптарының сақталуын бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
1) терроризм актісінің жасалғаны туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және (немесе) ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету;
2) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жедел басқару органдары террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ терроризм актісінің жасалуы салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша оқу-жаттығулар, жаттығулар және эксперименттер өткізген кезде оларға объект персоналының қатысуы;
3) объект персоналы мен күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін террористік сипаттағы қатерлерге алғашқы ден қою дағдыларына оқыту;
4) объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда персонал мен келушілерді хабардар етуді және эвакуациялауды ұйымдастыру;
5) террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау және өзекті күйде ұстау, оны тиісінше сақтау;
6) негізгі құтқару, авариялық және өзге де қызметтер келгенге дейін адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, терроризм актісінің салдарын жоюға және барынша азайтуға бағытталған алғашқы ден қою шараларын ұйымдастыру үшін қажетті күштер мен құралдарды қалыптастыру;
7) тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігін және объектінің (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газ жабдығы, өрт сөндіру), объект персоналы мен келушілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шараларды дайындау және ұйымдастыру, эвакуациялау жолдарын айқындау, персоналды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, аталған қызмет учаскелері үшін жауапты адамдарды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды (адамдарды) шет елдегі мекеменің басшысы тағайындайды.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1) адамдар мен көлік құралдарының объектіге немесе оның бөліктеріне (аймағына) рұқсатпен өтуін ұйымдастыру;
2) құқыққа қарсы ниеттері бар адамдарды, сондай-ақ оларды іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар мен заттарды анықтау;
3) объектіні күзету, объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін және өте қауіпті аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуына жол бермеу арқылы қамтамасыз етеді.
Объектіде оның ерекшелігіне сәйкес келетін өткізу режимі белгіленеді.
1) тиісті өткізу режимін қолдауға жауапты тұлғаны (тұлғаларды) және (немесе) бөлімшені (бөлімшелерді) айқындау;
2) күзет қызметтерін көрсету туралы шартта күзет қызметі субъектісі іске асыратын терроризмге қарсы қорғауды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін (штаттық күзет болмаған жағдайда) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды көрсету.
3-тарау. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1) террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелеріне, иелеріне, персоналына;
2) террористік тұрғыдан осал объектілерде күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің жұмыскерлеріне нұсқаулықтар мен сабақтар (практикалық және теориялық) және эксперименттер түрінде өткізіледі.
1) уәкілетті орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) үйлестіруімен тұрақты негізде ұйымдастырады (терроризмге қарсы комиссия Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иелерінің, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының террористік сипаттағы өзекті қатерлері және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қатерін азайтатын), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы хабардар болуын арттыру бойынша сабақтар өткізу арқылы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді);
2) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздегі терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – жедел штаб) басшылығының шешімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелеріне, иелеріне, персоналына, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлеріне эксперименттер өткізу арқылы ұйымдастырады.
Эксперименттер Қазақстан Республикасының күзетілетін объектілерін және шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, объектіні күзету бөлімшелерінің террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда бірінші кезектегі іс-қимылға даярлығын бағалауға бағытталған.
Жоспарлы нұсқама жеке немесе жұмыскерлер тобына жүргізіледі.
Практикалық және теориялық сабақтар жеке немесе бір үлгідегі объектілер жұмыскерлерінің тобына жүргізілуі мүмкін.
Теориялық сабақтар барысында тиісті ақпарат беріледі, практикалық сабақтар барысында персоналдың:
Персонал саны көп (20 адамнан астам) объектілер үшін көрсетілген
іс-шаралардың өткізілуін құжаттандыру хаттама немесе анықтама түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Объектілер персоналының, күзет қызметі субъектілерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және жедел штабтармен өзара іс-қимылы терроризм актісінің (актілерінің) жасалуына немесе жасалу қауіпіне ден қоюға әзірлікті, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды дайындауға және өткізуге дайындық шеңберінде тұрақты негізде ұйымдастырылады.
1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар етуі бойынша;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі туралы ақпарат алған кездегі;
3) жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша іс-қимылының алгоритмін әзірлейді.
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
1) объектінің меншік иесі, иесі, басшысы объектіні облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарлама алған (жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша объектінің күрделілігін ескере отырып, паспорт жасаудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін);
2) объект Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірлеген және бекіткен террористік тұрғыдан осал объектілердің тиісті тізбесіне (бұдан әрі – ведомстволық тізбе) енгізілген (жекелеген жағдайларда тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша объектінің күрделілігін ескере отырып, паспорт жасаудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін) кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.
Паспорт жобасын келісу мерзімі паспорт үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Паспорт жобасы қайтарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықталады.
Қайтадан түскен паспорт жобасын (бұған дейін көрсетілген ескертулерді орындау үшін) келісу мерзімі жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Күзетілетін объект паспортының екінші данасы мен паспортының электрондық нұсқасы (ақпаратты электрондық жеткізгіште PDF форматында) бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.
1) меншік құқығы,
2) объектінің басшысы;
3) объектінің атауы;
4) объектінің негізгі мақсаты өзгерген;
5) объектінің жалпы ауданы мен периметрі, іргелес аумақта құрылыс салу өзгерсе немесе күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен құрылысжайларды) және инженерлік жүйелерді реконструкциялау аяқталғаннан кейін, егер конструкциясында өзгерістер жасалса;
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда түзетіледі.
1) бес жылда бір реттен сиретпей;
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстырылады.
Күші жойылған паспорт тиісті акт жасалып, комиссиялық тәртіппен жойылады.
Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің паспортын жою туралы актісі тиісті шет елдегі мекемеде қалады.
Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасы сақталатын жерге жіберіледі.
6-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы ережелер
1) объектінің периметрін рұқсатсыз кіруді жоққа шығаратын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын жабдықтау бойынша: объектінің периметрін, аймақтары мен жекелеген учаскелерін қоршау (физикалық кедергі); бақылау-өткізу пункттері; таранға қарсы құрылғылар (оның ішінде вазондар, сәулет, ландшафт элементтері, боллардтар және басқалар); объектінің ғимараттары, құрылысжайлары қабырғаларының, оның терезе ойықтарының күшейтілуі; кіруді бақылау және басқару, кіруді шектеу құралдары, тексеріп қарау, жарықтандыру жүйелері мен құралдары; тойтару аймақтары, бақылау-із кесу жолақтары; бақылау мұнаралары, сыртқы периметрді өзге бақылау жүйелері;
2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл сигнализациясының жүйелері мен құралдары (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары – «дабыл түймелері»), телевизиялық күзет жүйелері, пилотсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимыл жүйелері;
3) қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін: резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
Террористік тұрғыдан осал объектілерді осы тармақта тікелей көрсетілмеген, бірақ дәл сол міндеттер мен функцияларды орындайтын немесе дәл сол мақсаттарға сай келетін өзге инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға жол беріледі.
Объектінің телевизиялық күзет жүйелеріне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) белгіленген бейнебақылау жүйелерінің төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Осы учаскелерге апаратын бағыттарда инженерлік-техникалық жарақтандырудың барынша тығыздығы қамтамасыз етіледі.
1) аумақтық тізбелерге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе деген беру туралы хабарлама алынған;
2) ведомстволық тізбеге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал деген мәртебе берілген сәттен бастап 6 айдан аспайды.
Күзетілетін объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды аяқтау мерзімдерін мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және объекті иелерімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі белгілейді.
Бұл ретте, объектішілік бейнебақылау жүйелерін Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мерзімдері Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
Мыналар үшін өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін:
1) аумақтық тізбеде тұрған объектілер үшін – объектінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін комиссиялық тексеруден кейін әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссияның келісімі бойынша;
2) ведомстволық тізбелерде тұрған объектілер үшін – объектінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін комиссиялық тексеруден кейін. Комиссия құрамын мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейді.
Объектіні инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі ықтимал қауіптілік дәрежесіне, терроризм актілерін жасау қаупіне, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты және бюджеттен тыс көздер қаражаты есебінен тиісті іс-шараларды орындауға арналған қаражат шығыстарының болжамды көлеміне сүйене отырып белгіленеді.
2-параграф. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілерді, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді, күзетілетін объектілерді жарақтандыру
Аумағы бар объектілер периметрі бойынша объектіге және объектіден адамдардың еркін өтуі мен көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіретін қоршаумен жабдықталады.
Бұл талап мына объектілерге қолданылмауы мүмкін:
1) арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының объектілерінен басқа, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері (бұл ретте объектіге адамдардың бақылаусыз өтуіне және (немесе) көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіретін алмастырушы жүйелер және (немесе) қауіпсіздік шаралары көзделуі тиіс);
2) көліктік инфрақұрылым объектілері (объектінің ықтимал қауіпті учаскелері қоршаумен қамтамасыз етіледі);
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің объектілері.
Негізгі қоршау:
1) еркін өтуді жоққа шығаратын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биік және жерге терең орнатылған болуы;
2) конструкциясы қарапайым, беріктігі жоғары және ұзақ уақытқа төзімді болуы;
3) одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялары болмауы тиіс.
Периметрдің қоршауы мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:
1) барлық маусымдардың және тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділігі;
2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдары тудыратын кедергілерден, құстар мен жануарлардың әсерінен қорғалуы.
Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарын қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Бақылау-өткізу пункттері сыртқы және (немесе) ішкі болуы мүмкін.
Қоршау болса, сыртқы бақылау-өткізу пункті жабдықталады.
Объектіні кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандыру объектіге және (немесе) оның аймақтарына (учаскелеріне) персонал мен келушілердің әртүрлі кіру деңгейін көздейтін аймақтар бойынша жүргізіледі.
Кіруді бақылау және басқару жүйелері терроризм актісін жасауға әрекет ету немесе жасау, дәлелдеме базасын қалыптастыру кезінде объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету, объект персоналы немесе бөгде адамдар санкцияланбаған іс-қимыл жасаған кезде тергеп-тексеру жүргізу мақсатында кейіннен бірмәнді жіктеу үшін барлық оқиғалар архивін ақпарат жеткізгіштерге автоматты түрде жазуды және бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Персонал мен келушілер аз өтетін (келетін) объектілер үшін объектіні объектіге және (немесе) оның ықтимал қауіпті учаскелері мен қауіпті аймақтарына кіруді шектеу құралдарымен ғана жабдықтауға жол беріледі.
Телевизиялық күзет жүйесімен:
1) аумақтың периметрі;
2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);
3) тексеріп-қарау үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеріп-қарау аймақтары (бар болса);
4) негізгі және қосалқы есіктер;
5) ықтимал қауіпті учаскелері бар аумақ пен үй-жайлар, үй-жайлар (орындар), оларға апаратын дәліздер;
6) объект басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа
үй-жайлар жабдықталады.
Телевизиялық күзет жүйесі:
1) көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына автоматтандырылған режимде беруді;
2) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтауды (ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болмауы тиіс);
3) бейнежазбаға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Күзет сигнализациясы жүйесінің құрылымы:
1) осы объектінің жұмыс режиміне;
2) үй-жайлардың ғимарат ішінде орналасу ерекшеліктеріне;
3) күзетілетін аймақтардың санына байланысты айқындалады.
Күзеттік жарықтандыру ені 3-4 метр, жарық беруі кемінде 10 люкс болатын тұтас жолақ құрай отырып, тәуліктің қараңғы уақытында периметрдің кез-келген нүктесінде объектінің жарықтандырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Байланыс жүйелері күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсетілетін аумақтағы күзет нарядтары арасында, қызмет көрсетілетін аумақ шегіндегі күзет нарядтары арасында екіжақты радиобайланысты қамтамасыз етуі тиіс.
Объектінің персоналы мен келушілерді хабардар ету техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар:
1) ғимараттарға, үй-жайларға, объект аумағының адамдар үнемі немесе уақытша болатын учаскелеріне дыбыс және (немесе) жарық сигналдарын беруді;
2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты трансляциялауды қамтамасыз етуі тиіс.
Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етуі тиіс.
Күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару жүйелері негізгі желілік қоректендіру болмаған кезде жабдықтың кемінде 2 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдаумен үздіксіз қоректендіру көздерін қамтуы тиіс.
Автономды резервтік электр қоректендіру көздері кіруді бақылау және басқару жүйесінің, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзеттік және кезекші жарықтандырудың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс:
1) қалалар мен қала үлгісіндегі кенттерде – кемінде 24 сағат;
2) ауылдық аудандарда – кемінде 48 сағат;
3) жету қиын аудандарда – кемінде 72 сағат.
Құдықтар, люктер, лаздар, шахталар, ашық құбыржолдар, каналдар және ғимараттар мен құрылыстарға кіруге болатын осыған ұқсас басқа да құрылыстар түріндегі кіретін немесе шығатын жерлері бар жерасты және жерүсті коммуникациялар тұрақты немесе алмалы-салмалы торлармен, қақпақтармен, бекітілетін құрылғылары бар есіктермен жабдықталады, сондай-ақ басқа да техникалық күзет құралдарымен жабдықталуы мүмкін.
Көліктік бақылау-өткізу пункттерінде және объектінің аумағына өзге де кіреберістерде қоршауда олардың жабық күйде мығым бекітілуін қамтамасыз ететін конструкциясы бар қақпалар жабдықталады.
Қақпалар мен шарбақ қақпалардың құлыптау және бекіту құрылғылары қиратушы әсер етуден қажетті қорғауды қамтамасыз етуі, су, қар, бұршақ, құм және басқа факторлар тікелей әсер еткен кезде осы климаттық аймаққа тән қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығы диапазонында жұмыс қабілетін сақтауы тиіс.
Объектіні техникалық тексеріп-қарау құралдарымен жарақтандыру объектілерге тән қатерлерге, оның жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.
Тойтару аймағының ені техникалық күзет құралдарын табу аймағының енінен артық болуға тиіс.
Бақылау-із кесу жолағы, әдетте, тойтару аймағында орналасады.
Мұнараның биіктігі және ол орнатылатын орын жер бедеріне, конфигурациясына және жергілікті жағдайларға байланысты анықталады.
Мұнараның конструкциясы күзетшіні атыс қаруымен зақымдаудан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
1) су шаруашылығының объектілері объектінің ықтимал қауіпті учаскелерінде ғана;
2) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылған объектілер өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы ескере отырып жарақтандырылады.
3-параграф. Адамдар көп жиналатын объектілерді жарақтандыру
Жеке ғимаратты (ғимараттар кешенін) алып жатқан объектіде телевизиялық күзет жүйесімен:
1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі;
2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);
3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймақтары (бар болса);
4) негізгі және қосалқы есіктер;
5) объектіде адамдардың жаппай болуы мүмкін орындар жабдықталады.
Ғимараттың бір бөлігін алып жатқан объектіде бейнебақылау жүйесімен:
1) объектіде адамдардың жаппай болуы мүмкін орындар;
2) негізгі және қосалқы есіктер (бар болса) қамтылуы қажет.
Телевизиялық күзет жүйесі:
1) көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына автоматтандырылған режимде беруді;
2) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтауды қамтамасыз етуі тиіс (ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болмауы тиіс).
Объектінің персоналы мен келушілерді хабардар ету техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар:
1) ғимараттарға, үй-жайларға, объект аумағының адамдар үнемі немесе уақытша болатын учаскелеріне дыбыс және (немесе) жарық сигналдарын беруді;
2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты трансляциялауды қамтамасыз етуі тиіс.
Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етуі тиіс.
1) функционалдық ерекшеліктері мен сыйымдылығының сандық көрсеткіштеріне сүйене отырып, объектілерде қаруды, объектіге және объектіден санкциясыз енгізуге (шығаруға), әкелуге (әкетуге) тыйым салынған басқа да бұйымдар мен заттарды табу мақсатында техникалық тексеріп қарау құралдарымен жарақтандырылады;
2) мақсатын ескере отырып, объектілердің ғимараттарына, үй-жайлары мен аймақтарына санкцияланған кіруді және (немесе) олардан шығуды қамтамасыз ету мақсатында объектілер кіруді бақылау және басқару жүйесімен жабдықталады;
3) объектіге келушілерді басып кету қаупін болдырмау үшін олардың орналасуына (кіру топтары, адамдар жаппай болуы мүмкін ашық орындар) және көлік құралдарының қозғалысы жолдарына қатысты кірме жолдарға байланысты таранға қарсы құрылғылармен жабдықталуы мүмкін;
4) қауіптілігі ықтимал учаскелердің болуына байланысты күзет сигнализациясы жүйесімен жарақталады.
________________________
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға
1-қосымша
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы
қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың мазмұнына
қойылатын негізгі талаптар
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – нұсқаулық), орталық мемлекеттік орган, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган салалық қауіпсіздік талаптарының ерекшелігіне, объектілердің ерекшеліктеріне,
1-тарау. «Жалпы ережелер».
2-тарау. «Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар».
3-тарау. «Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар».
4-тарау. «Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған террористік акт нәтижесінде туындайтын техногендік қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар».
5-тарау. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар».
6-тарау «Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар».
Қосымшалар.
1) нұсқаулықты әзірлеу үшін негіздеме;
2) нұсқаулықтың қолданылу саласы (қандай объектілерге қолданылады);
3) нұсқаулықтың ұғымдық аппараты;
4) объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен шарттары.
1) өткізу режимінің мақсаты;
2) объектінің ерекшелігін ескере отырып, ондағы өткізу режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері (кіру аймақтарын бөлу қажеттігі, келушілерді өткізу, объектіге алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесін анықтау қажеттігі мен мақсаты және басқалары);
3) өткізу режимін қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-шаралар (қажет болған жағдайда өткізу режимінің қағидаларын, террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді және қорғауды іске асыратын физикалық күзет бекеттерін қою);
4) өткізу режимін қамтамасыз етуге тартылатын бөлімшелер;
5) өткізу режимінің ұйымдастырылуын сипаттайтын өзге мәселелер.
1) сабақтарды өткізу мақсаттары мен нысандары;
2) сабақтарды өткізу мерзімдері мен кезеңділігі;
3) әртүрлі адамдар тобымен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері;
4) профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларының ұйымдастырылуын сипаттайтын өзге де мәселелер.
1) объектілердің меншік иелерінің, иелерінің, басшыларының объектіде терроризм актісін дайындау немесе жасау туралы хабарлама алған кездегі
іс-қимылын;
2) уәкілетті органдарға объектінің қауіпсіздігіне ықтимал қауіптер, объектідегі терроризм актілерінің жасалуы туралы хабарлау үшін мәліметтерді;
3) террористік қауіптіліктің әртүрлі деңгейлері анықталған кезде дағдарыстық жағдайларды оқшаулау функцияларын орындайтын және жеке құрам мен қауіпсіздік бөлімшелерінің құрамындағы адамдарды анықтау жөніндегі ұйымдастырушылық шараларын және олардың іс-қимылдарын (бастапқы ден қою шараларын);
4) өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуын сипаттайтын өзге де мәселелерді анықтайды.
1) объектілердің паспорттарын әзірлеуді;
2) объектілердің паспорттарын есепке алуды;
3) объектілердің паспорттарын сақтауды, оларды жедел штабқа беруді;
4) объектілердің паспорттарын жоюды анықтайды.
1) объектілер тобын айқындау (орындалатын тапсырмалардың ерекшелігі, персонал мен келушілердің саны, орналасқан орны, оларға тән қауіптер бойынша біртекті);
2) объектілердің топтарын инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыру (талаптарға сәйкес міндетті, терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті, алмастыратын және қосымша (қажет болған жағдайда);
3) инженерлік-техникалық жабдықтардың негізгі сипаттамалары: нені қамтамасыз ету керек; қажет болған жағдайда материалдар мен өндіріс түрлері, орналастыру ерекшеліктері, оларды орнатуға қажетті инженерлік шешімдер, монтаж алаңдары, сандық және сапалық көрсеткіштер, құрылғылар типтері және өзге де қажетті сипаттамалар;
4) объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға негізделген өзге де мәселелер.
1) сабақтар тақырыбының нұсқалары;
2) сабақ өткізу туралы есеп беру нысандары;
3) әртүрлі объектілердегі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге әрекет ету алгоритмдері;
4) объектіге алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі (қажет болған жағдайда);
5) өзгелер (қажет болған жағдайда).
_________________________________
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға
2-қосымша
Нысан
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын
есепке алу журналы
(титул парағы)
___________________ (ұйымның атауы)
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын
өткізуді есепке алу
№ ___ журналы
Журналды жүргізу басталған күн 20__ ж. «___» _____
Журналды жүргізу аяқталған күн 20__ ж. «___» _____
(ішкі жағы)
1-бөлім. Нұсқамалар
|
Р/с № |
Нұсқама өткізілген күн |
Нұсқама берілетін адамның Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болса) және лауазымы |
Нұсқама түрі |
Нұсқаманы өткізген адамның Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болса) және лауазымы |
Нұсқама берілетін адамның қолы |
Нұсқаманы өткізген адамның қолы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2-бөлім. Сабақ
_____________________________
[1] Осы жерде және бұдан әрі объектінің белгілі бір жағдайларда 25-тен астам адам болуы мүмкін үй-жайлары мен алаңдары. Объектілердегі техникалық құжаттарда орын (үй-жай) үшін сыйымдылық көрсеткіші болмаған жағдайда, адамдардың болуы мүмкін санын есептеу үй-жайдың (алаңның) жалпы ауданынан бір адамға 1,5 м2 есебінен жүзеге асырылады.