12.04.2021 ж. №234  Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

12.04.2021 ж. №234

 Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары;

2) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
19-тармағы.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

12.04.2021 ж. №234  Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Дата публикации
03 августа 2021