Жамбыл облысы бойынша алдын ала сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат

Жамбыл облысы бойынша алдын ала сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат

Жамбыл облысы бойынша аудандық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес 38 ауылдық округтерде 111 кандидаттар бүгінгі сайлауға дауысқа түсті.

Олардың 71 саяси партиялар ұсынған, 40 өзін-өзі ұсынғандар.

Гендерлік құрам бойынша кандидаттардың 88 – ер азаматтар, 23 – әйелдер.

Ең көп үміткерлер  Жамбыл ауданында тіркелген, олар  Ерназар және Қаратөбе ауылдық округтерінде бір орынға 4 кандидаттан.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, сайлау тізімдеріне енгізілген 104391 сайлаушылардың   94642  сайлау бюлетендерін алды, ол жалпы сайлаушылардың 90,66 пайызын құрады.

Облыс бойынша 89 сайлау учаскелерінде 557  саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, БАҚ өкілдері сайлау процесін байқауға қатысты.

 Сайлау барысында ресми түрде арыз-шағымдар сайлау комиссияларымен тіркелген жоқ..

Бүгінгі сайлауға ең жасы үлкен  қария Меркі ауданындағы сайлаушы 101 жастағы – Ахметова Жамбылгүл (1920 жылғы) - Андасбатыр ауылдық округте №297 УСК үйде дауыс берді

ал Талас ауданында 98 жастағы Торебекова Сарсекул  Бостандық ауылдық округінің  Талапты ауылынан № 393 участок, үйден дауыс берді

Мойынқұм ауданында  Абдикеримов Серік 83жаста  Көкжелек ауылында №310 учаскеге келіп дауыс берді

Жамбыл ауданында үйден дауыс берген Тұткышбеков Кенен  92 жастағы сайлаушы уйінен дауыс берді  және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы бойынша алдын ала сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат
Дата публикации
25 июля 2021