«Қатысу бюджеті» жобасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігімен ағымдағы жылдың шілде айында «Digital innovation and transformation» ЖШС-і компаниясымен келісім шарт жасалды.

 «Қатысу бюджеті» жобасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігімен ағымдағы жылдың шілде айында «Digital innovation and transformation» ЖШС-і компаниясымен келісім шарт жасалды.

Бүгінгі таңға «Digital innovation and transformation» ЖШС компаниясы тарапынан қатысу бюджетінің ресми сайты әзірленіп, «Қатысу бюджетті» жобасының ережесі мен сараптамалық кеңес құрамы қалыптастырылуда.  Сараптамалық кеңес құрамына әкімдіктің және мүдделі мемлекеттік органдардың, Тараз қаласы тұрғындары, қала аумағында қызметін атқаратын қоғамдық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.

Халық қатысатын бюджеті шеңберінде келесі жобалар дауыс беруге шығарылып, іске асырылады:

- тротуарларды жайластыру;

- автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту;

- бордюрлар мен қырларды ауыстыру/орналастыру;

- тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;

- мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату;

- жергілікті өтпе жолдарды, аула аумақтарын қалпына келтіру және асфальттау;

- ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу;
- жол кедергілерін орналастыру;

- ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу;

- контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату;

- контейнер алаңшаларын бояу және кейбір бөліктерін ауыстыру;

- контейнер алаңшаларын басқа жерге жылжыту және орналастыру;

- аумақты көгалдандыру;

- тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

- ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

- бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

- ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

-  аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі: жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 1%-ынан төмен болмауы тиіс. Яғни 58 928,6 мың теңгені құрады.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі, жоба 018  Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. 

 

 «Қатысу бюджеті» жобасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігімен ағымдағы жылдың шілде айында «Digital innovation and transformation» ЖШС-і компаниясымен келісім шарт жасалды.
Дата публикации
21 июля 2021