Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.  

2021 жылдың алты айында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2045 (2020 жылы - 1965) өтініш түскен. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен 223 (2020 жылы - 222)  өтініштер түсіп,  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінен
53 (2020 жылы - 55)  өтініш  түсіп,  оларға  белгіленген   мерзімінде  тиісті  жауаптары берілген.

Есепті мерзім ішінде облыс әкімі аппаратында 891 жеке және заңды тұлғалардың  өтініштері  бақылауға  алынып, оның  868-не  жауаптары беріліп, бақылаудан алынды, 23-і қаралу үстінде.                                                   Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің - 415-і  аппаратпен қаралып, 45 қанағаттандырылған, 9 хат бойынша  шешім    қабылдауды   негіздей отырып, қанағаттандырудан бас тартылған,8-і бойынша қарау тоқтатылған, 353 - на түсініктемелер берілді.

Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер қатарына - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын  үй  алу  туралы - 10%,  коммуналдық   қызмет  көрсету – 9 %,  материалдық көмек көрсету – 15 % және де баска мәселелер бойынша 90 % құрайды.

Өтініштердің  басым  көпшілігі Тараз қаласының (1056), Сарысу (104) және  Шу (85)  аудандарының тұрғындарынан түскен.

Жыл басынан бері облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 151  азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.

         2019 жылдың қараша айынан бастап облыс әкімдігі ғимаратының                 1-қабатында  "ашық әкімдік" құрылған. Мұнда халықпен "ашық диалог" форматында жұмыс істеу үшін  облыс әкімі, орынбасарлары, аппарат қызметкерлері азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы, аудандар  әкімдері айына бір рет жасалған кестелерге сәйкес оңлайн режимде қоғамдық қабылдау жүргізеді. Республикалық ВКС-ке қосылу мүмкіндігі қарастырылып, оңлайн қабылдауға қажетті техникалық құралдармен жабдықталды. Жұмыс жалғасын табатын болады.Қабылдау барысында Заңдар аясында тиісті түсініктемелер беріліп, жауапты мекеме басшыларына тапсырма беріледі.

Облыс әкімі аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті  қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген 283 талон берілген.   

Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 390                                     (2020 жылы - 304) хабар түссе, оның 314-нің шешімі табылып, 76-на (электр энергиясына қатысты -220, жылуға - 16, суға - 32, басқа да  мәселелер бойынша - 122) түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке барлығы 8 (2020 жылы - 21) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.

Облыс әкімінің атына халыққа қызмет көрсету орталығындағы кешен арқылы азаматтардан 5 бейне өтініштер қабылданып, тіркелді. Олар қаралып, уақтылы жауаптары берілді.

Жыл басынан бері  орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер саны екеу, қайталанып жазылған өтініштер жоқ.

 

          Об обращениях физических и юридических лиц.
Дата публикации
21 июля 2021