Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (01.07.2021 жыл)
|
Р/с |
Жоспар |
Жауаптылар |
Орындалуы |
|
1. |
Өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемелігін 90%-ға дейін арттыру |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
Облысымыздың өнеркәсібін дамыту мақсатында әр аудандар мен Тараз қаласына өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасы Басқарма тарапынан дайындалып, а.ж. 16 сәуірінде облыс әкімімен бекітілді және аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктеріне жұмыс үшін жолданған болатын. Аудандар мен Тараз қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелері анықталып, аталған жол картасында сол кәсіпорындардың жүктемеліктерін арттыру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу жүктелді. Сонымен қатар, өнеркәсіп кәсіпорындарына «Индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
|
|
2. |
Өнеркәсіп өнімінің өсімін 3,3%-ға, өңдеу өнеркәсібін 2%-ға арттыру |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 230 285,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,7% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 22 473,8 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 103,9% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 9,8% құрайды. Салада металл руда өндірісі – 0,8%-ға, әктас және гипс – 19,4% («Жамбылгипс» АҚ, «Ақтас» ЖШС), қиыршық тас, гравий өндірісі 3,4%-ға («Ақтас» ЖШС, шағын кәсіпорындар) артқан. Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 168 419,5 млн.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,1% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 73,1% құрады. 2021 жылғы қаңтар-мамырында химия өнеркәсібінен басқа, өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында іс жүзінде өндірістің өсуі есебінен, өсім қамтамасыз етілді: - тамақ өнімдерін өндіру саласында – 69,9 %-ға; - мұнай өнімдерін өндіруде – 2 есеге; - металлургия өнеркәсібінде – 8,1%-ға; - басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде – 11,2%-ға; - жеңіл өнеркәсіп саласында – 48,7%-ға; - дайын металл бұйымдарының өндірісінде – 16,2%-ға; - машина жасау саласында – 1,6 есеге. Жыл соңына дейін тапсырма орындалатын болады. |
|
3. |
Жергілікті қамту үлесін құрылыста және жұмыспен қамту жол картасы аясында 90%-ға, өнеркәсіптің 6 бағыты (химия, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, құрылыс материалдары мен машина жасау) бойынша 80,3%-ға жеткізу |
Облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
Қазіргі таңда, "Қарапайым заттар экономикасының" салаларына жататын өнеркәсіптің 8 сала бойынша 3 410 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп (жоспар 6,6 млрд. теңге), мұндағы жергілікті қамту үлесі әзірге 39,4%-ды немесе 1 343 млн. теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні нақты сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 70%-ды құрайды, алайда оны бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен растайтын құжаттама қамтылуыда. Құрылыс-монтаждық жұмыстары (100 млн.тг. жоғары) 121 жобасы бойынша 43,2 млрд. теңгеге жоспарланған. Қазіргі таңда нақты 20,1 млрд. теңгеге құрылыс материалдар сатып алынған, оның ішінде қазақстандық қамту үлесі 79,7 % құрайды. (6,9 млрд.тг) Жұмыспен қамту жол картасы нысандарындағы құрылыс материалдарын сатып алу бойынша конкурстық жеңімпаздары анықталып мердігерлермен тиісті келісім шарттарға қол қойылуда. Анықтама ретінде: - жеңіл өнеркәсіп – 47,2% (KPI 57%). - жиһаз бойынша – 57,8% (KPI 60,6%). - азық-түлік тауарлар – 59,5% (KPI белгіленбеген, АШМ белгілеу керек). - құрылыс материалдары – 27,6% (KPI 56,8%). - химия өнеркәсібі – 28,1% ( 36,2). - машина жасау – 16,4% (KPI 30,6%). -фармацевтика – 15,8% (KPI 32,6%). - целлюлоза-қағаз – 8.3 % (KPI 48,7%).
Тауарларды мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін жыл сайын арттыру мақсатында облыста импортты алмастыру және ішкі сұранысты дамыту, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облысымыздың 110 кәсіпорнында жарамды 230 СТ-КZ сертификаты бар. Жергілікті өндірушілердің CT-KZ сертификаттарын алуы және олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуы Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның тұрақты бақылауында.
|
|
4. |
«Биофармацевтикалық» зауытын іске қосу |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Қордай ауданы әкімдігі
|
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 25 наурыздағы тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданы, Гвардейск қалашығында GMP талаптары мен стандарттарына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жүргізілуде. Құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс ерекше тәртіппен жүргізілді. Яғни құрылыс жобалаумен бірге басталды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, мұндай нысанды салу кем дегенде 2-3 жыл уақытты алады. Қойылған міндеттерге байланысты нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 9 айда, яғни 2021 жылдың наурыз айында аяқталды. Жалпы ауданы 6,5 мың м2, қызметкерлер саны 65 адам. Зауыттың жобалық қуаты жылына 30-дан 60 млн.дозаға дейін (түрлі вакциналар бойынша) құрайды. Бүгінгі таңда барлық технологиялық жабдықтар орнатылды. Сумен құю желілеріне техникалық іске қосу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ инспекциялық және этикеттеу машиналарының жабдықтарын баптау жүргізілуде. Бұл тест жұмыстары фармацевтикалық нормалар хаттамасына сәйкес жүргізілуде. Тазартылған, инъекциялық және таза будың суды тарату және тұтыну жүйесін монтаждау жалғасуда. Сонымен қатар, орнатылған жабдықтар мен технологиялық бөлмелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жабдықтарды ортаға қосу, атап айтқанда, термостат жабдықтарын, инъекциялық суды, жабық суды, тазартылған суды, жұмсартылған суды, таза буды, сығылған ауаны, электрмен жабдықтау кабельдерінің қалқандарын, дренаж құрылғысын орнату, реттеу, қосу жұмыстары жүргізілуде. Әрі қарай технологиялық процестер мен таза бөлмелер кешені валидациядан өтеді. Қазіргі уақытта биофармацевтикалық зауыт мамандарын оқыту жүргізілуде. Жалпы, зауыт салу мәселесі Жамбыл облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.
|
|
5. |
Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 21,7%-ға жеткізу |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «ЖӨӨ-гі ШОБ үлесі» индикаторы бойынша 2021 жылға жоспарланған көрсеткіш 21,7%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша статистикалық деректер 2022 жылдың сәуір айында жарияланады. 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 23,2%-ды құрады, жоспарланғаны – 21,0%. Жоспарлы көрсеткішке белсенді жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санын ұлғайту, олардың шығарған өнімінің көлемін арттыру, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделуде.
|
|
6. |
Ауылшаруашылығы өнімінің өсімін 5 %-ға арттыру |
Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
2021 жылғы мамыр айының қорытындысымен Жамбыл облысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 55,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,9%, оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 1,1 млрд. теңге, нақты көлемі индексі - 100,0%, мал шаруашылығында 53,9 млрд. теңге, нақты көлемі индексі – 103,0% деңгейінде қалыптасты. |
|
7. |
Егістік жер алқабын 760,7 мың гектарға жеткізу |
Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
2021 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 760 765 гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 398 282 гектар, майлы дақылдар 60 145 гектар, қант қызылшасы 5 000 гектар, картоп 11 463 гектар, көкөніс дақылдары 39 418 гектар, бақша дақылдары 15 740 гектар, мал азығы дақылдары 230 574 гектар және таңқурай, құлпынай дақылдарын 143 гектар алқапқа отырғызу жоспарланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда (734,8 мың га) 25,8 мың гектарға артады (103,5%). 2021 жылдың өнімі үшін аудандардың берген бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 768 548 гектарға орналастырылды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 404 440 гектар, майлы дақылдар 59 205 гектар, қант қызылшасы 5 612 гектар, картоп 11 463 гектар, көкөніс дақылдары 42 558 гектар, бақша дақылдары 15 000 гектар, мал азығы дақылдары 230 115 гектар және таңқурай, құлпынай дақылдарын 155гектар алқапты құрап, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (721,7 мың га) 46 884 гектарға артты (106,5%). |
|
8. |
Облыстағы 7 су қоймасын (Дарбаза, Қызыләуіт, Шабақты, СТФ, Ленин жолы, Аспара, Кеңес) ағымдағы жөндеуден өткізу |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жуалы, Талас, Меркі аудандары әкімдері |
«Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша2021 жылға 42,9 млн.теңгеге 7 су қоймаға және Береке су қоймасының каналына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланды (Жуалы ауданы «Дарбаза», Меркі ауданы «Кенес», «Ленин жолы», «СТФ», «Аспара-1», Талас ауданы «Қызыл әуіт», «Шабақты»). Қазіргі уақытта Дарбаза және Кеңес су қоймаларынан басқа барлық нысандарда жұмыстар толық көлемде орындалды. Дарбаза және Кеңес су қоймалары бойынша су пайдаланушылардың өтініштеріне байланысты жөндеу жұмыстары вегетациядан кейін жүргізілетін болады. |
|
9. |
Облыс деңгейінде 106 тонна балық өндіру, оның ішінде 83,3 тонна форель балығын өндіру. 500 тонна бал өндіру. |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ауылшаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының Жамбыл облысы бойынша үстіміздегі жылы жалпы балық өндіру бойынша 105,9 тонна балық өндіру көзделген. Оның ішінде, 83,3 тонна форель балығы. Бағдарламаны орындау мақсатында Сортөбе, Арнұр балық шаруашылықтары құрылып, көлемі 110 тонна тауарлы балық өнімін алу жоспарлануда. Аталған меже 102 пайызға орындалады деп күтілуде. Қазіргі таңда облыс аумағында 122 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар.Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарының балық аулау квотасы 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін игерілді. Сонымен қатар, тоғандарда интенсивті балық шаруашылығын дамыту мақсатында Қордай, Шу, Мойынқұм, Жамбыл және Байзақ аудандары арқылы өтетін Шу, Талас өзендерінің бойынан жасанды балық өсіру тоғанын жасауға жарамды 24 жер учаскелері белгіленді. Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарының инвесторларымен кездесу өткізілді. Нәтижесінде 20 инвестор балық өсіру және өндіруге ниет білдіріп отыр. Басқармамен Шу және Талас өзендері, сондай-ақ, басқада өзендердің бойынан 20 жаңа инвестициялық жоба жұмысы ұйымдастырылуда. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау мақсатында облыс әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 47 Қаулысымен жергілікті бюджеттен 9 503,0 мың теңге субсидия қаражаты бөлінді. |
|
10. |
Тараз қаласындағы 6 каналды механикалық тазалау және науалық шлюздерді ауыстыру жұмыстарын жүргізу |
Тараз қаласы әкімдігі |
Ағымдағы жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жалпы 10,0 млн. теңге қарастырылып, Қант зауыты мен Тектұрмас алқаптарындағы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу хабарламасы берілді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес шағымдану сатысында. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ирригация жүйелеріне толықтай тексерулер жүргізілді. Нәтижесі бойынша сметалық құжаттамалары есептелді. Қала аумағындағы 6 канал арнасын тазалау жұмыстары үшін құны 329,0 млн.теңге болатын жобалау-сметалық құжаттары жасалынып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Алайда, бүгінгі күнге қаржы бөлінген жоқ. Сонымен қатар, Тараз қаласының көшелерінде науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнатуға қажетті зерделеу жүргізіліп, қаржы көлемі есептелді. Сметалық құны 93,0 млн. теңгені құрады. Аталған жұмыстар бойынша тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз мердігер «Әль-Мансур» ЖШС-мен құны 89 101,25 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Монтаждау жұмыстары нысан бойынша техникалық қадағалау қызметіне мердігер анықталған, қазіргі кезде канал бойында бір және үш деңгейлі науалық желілер ауыстырылуда.
|
|
11. |
Облыс аумағында кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 2055 гектар жер телімін кезекте тұрған азаматтарға беруді ұйымдастыру
|
Облыс әкімдігінің құрылыс, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 651 мың шаршы метр. 700,0 мың шаршы метрге немесе 113,3% орындау күтілуде. Оның ішінде 217 мың шаршы метр көпқабатты және 483 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 288,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 114,9%. Жыл соңына дейін бюджет есебінен 30 жалға берілетін (1402 шаршы метр) және 20 кредиттік (1500 шаршы метр) үйді пайдалануға беру көзделген. Нәтижесінде кезекте тұрған 2902 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні 13 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталды, онда 700 отбасы тұрады (Тараз қ.7 кредиттік және 6 жалға берілетін үй). 2021 жылы 30 тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 11,2 млрд.теңге сомасына 41 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Құрылыс аяқталған кезде жыл соңына қарай кезекте тұрған 3 929 адамға жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері беріледі. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны 125 969 адамды құрады. Оның ішінде: Тараз қаласында – 73 637; Байзақ ауданында – 11 367; Жамбыл ауданында – 10 135; Жуалы ауданында – 3058; Қордай ауданында – 12 912; Меркі ауданында – 5 235; Т.Рысқұлов ауданында – 3 988; Шу ауданында – 5 637 азамат тіркеліп отыр. 2021 жылға Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінен жинақталған мәліметтерге сәйкес жалпы 3356 жер телімі беру жоспарланып, 01.07.2021ж жағдайға 179 жер телімі берілді.
|
|
12. |
«Асар» бастамасы аясында аз қамтылған, көпбалалы мұқтаж азаматтарға 100 үй тұрғызып беру |
Облыс әкімдігінің ішкі саясат, құрылыс басқармалары, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын "Асар" жобасы асында 137 үй салу жоспарлануда. 1 шілдедегі жағдай бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 18 үйдің құрылысы аяқталды. (Жамбыл-5, Жуалы-1, Қордай -7, Т.Рысқұлов1, Талас -3, Байзақ -1). Ағымдағы жылдың 3-4 тоқсанында аяқталатын 119 үйдің құрылысы мен реконструкциясы жүргізілуде. Бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады. Тұтастай алғанда, жоба идеологиялық сипатқа ие, бірлікті тәрбиелейді және өскелең ұрпақ үшін оң үлгі болады.
|
|
13. |
Облыстағы бюджеттік мекемелер автокөліктерін газ отынына ауыстыру |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, барлық басқармалар, Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
Облыс бойынша мемлекеттік меншіктегі 389 автокөлік тіркелген, оның ішінде: • Облыс әкімдігі - 7 бірлік; • Облыстық басқармалар - 51 бірлік; • Тараз қаласы және аудан әкімдіктері – 175 бірлік; • Ауылдық округ әкімдіктері – 156 бірлік. Аталған 389 автокөлік түгелімен матор отынын ретінде бензин отынды қозғалтқышты қолданады. Бір айда облыс бойынша жоғарыда аталған 389 автокөлік 85 028 л., бір жылда 1 020 336 л. 92 маркалы бензин отынын қолданады яғни, қазіргі уақытта 1 л. бензин 170,0 тг құрайды жылына шамамен 173 457 120 тг. жергілікті бюджеттен жанармай отынына бөлінеді. Егер газ отынан ауыстырғанда жылына 1 346 820 л. газ қолданылады 1 л. газ 95,0 тг./ 82,0 тг. (Баға ұсынымдарға сәйкес) құрайды жылына 127 947 900 тг./ 110 439 240 тг. қаржы газ отынына жұмсалады. Сондай-ақ, бензинді қозғалтқыш 1 л. бензин жаққанда, газдың коэффициенті 1,32 л. құрап отыр (Газ қондырғыларын орнатумен жанар май шығыны 0,32 л өседі). Нәтижесінде, үнемделген қаржы көлемі жылына 45 509 220/ 63 017 880 тг. құрап отыр. Осы бір жылдық үнемделген қаржы көлеміне жоғарыда аталған барлық қызметтік автокөліктерге газ қондырғысын орнатуға болады. Басқарма тарапынан Тараз қаласы мен барлық аудан әкімдеріне және облыстық басқармаларға қызметтік автокөліктерін бензин отынынан табиғи газ отынға ауыстыру бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімдерді беру бойынша 2021 жылы 15 маусымда № 03-725, 17 мамырда №03-896 2-рет хаттар жолданып, ақпарат жиналды. Оның ішінде: - 1 басқарма автокөліктерін газға ауыстырған (Дін істер басқармасы 3-бірлік); - 7 басқарма бюджеттік өтінім жолдаған (Қаржы басқармасы, Құрылыс басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриялды иновациялық дамыту басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы және Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау, Жолаушылар көлігі ж/е автомобиль жолдары басқармалары); - 19 басқарма және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінен жауап хат жолданбады. Ескертпе: Еңбек инспекциясы басқармасы конкурспен 1-бірлік автокөлікті сатып алуды жоспарлап, конкурс аяқталып автокөлік сатып алынғаннан кейін бюджеттік өтінім беретіндігін хабарлады. Облыс әкімінің төрағалығымен а.ж. 29 маусымдағы № 110 аппараттық кеңесте аталған мәселе қаралып, әкімдіктің басқармалары мен аудан және Тараз қаласы әкімдіктеріне қызметтік автокөліктерді газға ауыстыру бойынша қосымша тапсырма берілді. |
|
14. |
Газ отынымен жүретін 100 бірлік қоғамдық автокөліктерді сатып алу |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары, «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (келісім бойынша), Тараз қаласы әкімдігі |
Тараз қаласы аумағында жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын 575 автобустың (резервті қоса есептегенде) ішінде: дизельді автобустар саны – 329 бірлік (57,2%), газ/бензин отынымен жүретін автобустар саны – 246 бірлік (42,8 %). 2018 жылы тасымалдаушы мекемелермен 42 бірлік, 2019 жылы 80 бірлік газ отынымен жүретін жаңа автобустар сатып алынды. Оның ішінде: - «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 2018 жылы 20 бірлік, 2019 жылы 12 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты Паз маркалы автобустар сатып алды; - «ТаразТрансМоторс» ЖШС 2018 жылы 15 бірлік, 2019 жылы 15 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты Паз маркалы автобустар сатып алды; - «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 2018 жылы 7 бірлік, 2019 жылы 33 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған орташа сыйымдылықты ПАЗ маркалы автобустар сатып алды. 2021 жылы «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-гі өз қаражаты есебінен 20 бензинді автобус алып, бүгінге газ отынына ауыстырылды. Дизель отынын пайдаланатын автокөлікті газ отынына ауыстыру техникалық және экономикалық тұрғыдан өте қиын (аталған 341 бірлік автобустар пайдалану мерзімі 7 жылдан жоғары екендігіне байланысты, қосымша қаражат жұмсау тиімсыз) әрі тиімсіз. Мәлімет үшін: Автобусты газ отынына ауыстыру мақсатында тиісті модификация жасау үшін толығымен қозғалтқыштарын ауыстыру қажеттілігін туындатады немесе жаңа автобустар алуға әкеп соғады. Сонымен қатар, дизельді автокөлікті газ отынына ауыстыру үшін тиісті модификация жасалуына толығымен қозғалтқыштарын ауыстыратын маман Республикада кемде-кем,тіпті табылуы қиын. Және тағы бір мәселе, толығымен қозғалтқыштарын ауыстырғаннан кейін, қажеттілік туындаған жағдайда компьютерлік диагностика жасалмайды. Сонымен қатар, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында автопарктер автобустарын жаңартуды Тараз қаласының қалалық 6-тасымалдаушы мекемелері, «Тараз» ӘКК АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арасында 100-бірлік автобус сатып алу бойынша тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп, тасымалдаушылар автобустардың алғашқы алдын ала төлем құнын 15%-18,9% төлей алмауына байланысты іске асыруда қиындықтар туындауда. Басқарма тарыпанан, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы шарттарынан алғашқы жарна құнын 15%-18,9% алып тастауға ықпал ету бойынша хат (15.05.2021ж. №06-4664) жолданған. Алматылық «НарТранс» АҚ жаңа заманауи үлгідегі 12 автобус пайдалануға берілді. Жыл соңына дейн тапсырма орындалады.
|
|
15. |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесін 95 %-ға жеткізу. Облыстағы барлық қоғамдық көліктерге «Е-билеттендіру» жүйесін толығымен енгізу |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
2021 жылға 091 «Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» 104 кіші бағдарламасы бойынша 50/50 % паритетімен қаржыландыруға 30 жобаны /327,8 шқ/ іске асыру үшін 4 719,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған (14.02.2020 ж. №06-1085 хаты). Алайда, республикалық бюджеттің қаражат лимитіне сәйкес, 50/50 % паритетімен бірлесіп қаржыландыруға ұсынылған 30 жобаның тек 4-уі ғана қолдау тауып, 2021 жылға республикалық бюджеттен 1 071,2 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1 234,5 млн. теңге бөлінді. Есебінен 70 шқ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орта жөндеулер жүргізілмек. Осы тұрғыда, 2021 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына 50/50 % паритетімен қаржыландыруға 31 жобаны /295,4 шқ/ іске асыру үшін 4 039,6 млн. теңгеге бюжджеттік өтінім ұсынылған (27.01.2021 ж. №01-726 хаты). Алайда, ұсынылған 31 жобаның 25-уі қолдау тауып, 2021 жылға республикалық бюджеттен жалпы құнның орташа есеппен 33% ғана, яғни 1 936,7 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1 000,0 млн. теңге бөлінді. Есебінен 120,9 шқ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орта жөндеулер жүргізіледі. Осы орайда, жобалардың басым бөлігі 2022 жылға ауыспалы болуына байланысты, 2021 жылы «облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі» көрсеткіші тозу дәрежесін есепке алғанда тек – 93,3% жетеді. Осыған орай, 2021 жылғы республикалық және облыстық бюджетті нақтылау қорытындылары бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторының 2021 жылғы көрсеткішін 95 %-дан 93,3 %-ға төмендету бойынша ҚР ИИДМ хат жазылды (18.06.2021 ж. №06-5834 хаты). «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде "TulparCard" электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Тараз қаласының қалалық маршруттарының барлық автобустарында төлем қабылдау құрылғылары (379 мобильді, 313 стационарлық және 185 мобильді терминал қоры бар) орнатылған. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасынан қосымша 100 бірлік стационарлық валидаторға тапсырыс берілген. Бүгінгі таңда, күнделікті әр маршрутта тасымалданатын жолаушылар ағынана, түсетін пайда көлеміне, күнделікті желіге шығатын автобустарға мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, төленген жол ақы жиілігіне негізделе жолаушылардың аптаның күндеріне және тәулік уақыттары кесіндісінде автобустарда жүру жиілігіне мониторинг жүргізілуде. Жүйеде көлік карталарының 2 түрі қарастырылған. Бірыңғай карталар және мектептің жеке көлік карталары. Бүгінгі таңда жалпы 215 000 (168 000 бірыңғай, 47 000 оқушы картасы) көлік картасы шығарылды. Оның ішінде 185 047 (154 518 бірыңғай, 30 329 оқушы картасы) карта қолданыста және 25 205 көлік картасының қоры бар. Қосымша 10 000 бірыңғай картаға тапсырыс берілді. Көлік карталарын Тараз қаласының халық көп шоғырланатын орындарындарында орналасқан 9 сату кассаларында және көлік карталарын бақылау-тексеру қызметкерлерінен сатып алуға болады. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету CALL-CENTER-і ("Жайлау" шағын ауданында (3), 21-үйде) құрылды. Жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі бар. Олар қолма қол, TulparCard көлік карталары арқылы және QR код немесе автобустың сандық код арқылы төленеді. Сондай-ақ, SMS-төлем (Beeline, Kcell) және USSD-код (*2020#) арқылы жол жүру ақысының жаңа түрін қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мерзімі Сәуір айының соңы. Жүйе қала бойынша орналасқан "TulparCard" ресми кассалары арқылы карталардың теңгерімін толтыру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ төлем жүйелері мен QIWI, KASSA24 төлем жүйелерінің электрондық әмияндары арқылы, 2-деңгейлі банктердің интернет-мобильді банкингінде (каспи.кз, халықбанк, сбербанк, атфбанк, банкцентркредит). tulparcard.kz ресми сайтында және "TulparCard" мобильді қосымшасы арқылы. Қазіргі уақытта халыққа қолайлы орта жасау мақсатында, tulparcard қосымшасымен қолданыстағы tarazbus (GPS-мониторинг) қосымшасын интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. TulparCard қосымшасында нақты уақыт режимінде автобустардың қозғалысымен қалалық маршруттарды бақылау функциясы пайда болады. Барлық автобус парктерінде АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) орнатылды және онлайн режимінде тасымалдаушының көлік құралдарының жұмысы туралы статистикалық ақпарат алу мүмкіндігімен күнделікті түсімді қабылдау және персоналдың жұмысын есепке алу процесін автоматтандыру үшін жеке кабинеттер ашылды.
|
|
16. |
Елді мекендердегі көмірмен жылу алатын 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстағы 86 елді мекендегі 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізу үшін іс-шаралар кестесі әзірленіп, аудан әкімдіктерімен бекітілген, оның ішінде: 1) Байзақ ауданы - 10 нысан. 2) Қордай ауданы - 86 нысан. 3) Т.Рысқұлов ауданы - 16 нысан. 4) Шу ауданы - 18 нысан. 5) Меркі ауданы - 9 нысан. 6) Талас ауданы - 17 нысан. 2021 жылға жалпы құны 1 754,437 млн. теңге құрайтын 33 жоба ұсынылды, оның ішінде: 4 жоба бойынша 164,920 млн. теңгеге блокты-модульді қазандықтар орнату қарастырылған. Жалпы, биылғы жылға 9 жоба қолдау тауып, барлығы 278,7 млн. теңге бөлінді. Анықтама үшін: · «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы - 7 жоба, жалпы құны - 183,745 млн. теңге, олар: 1) Т.Рысқұлов ауданы - 1 жоба, құны - 33,179 млн. теңге; 2) Байзақ ауданы - 1 жоба, құны - 39,148 млн. теңге; 3) Шу ауданы - 1 жоба, құны - 16,151 млн. теңге; 4) Қордай ауданы - 4 жоба, жалпы құны - 95,267 млн. теңге; · Республикалық бюджеттен субвенция есебінен - 1 жоба, құны - 25,055 млн. теңге. 1) Меркі ауданы - аудандық кітәпхана қазандығы. · Маусым айындағы нақтылауда қолдау тапқан - 1 жоба, құны - 69,980 млн. теңге. 1) Меркі ауданы - мектеп-интернаты, блокты-модульді қазандық.
Қазіргі таңда 2 жоба бойынша Т.Рысқұлов ауданындағы мектептің қазандығы мен Меркі ауданындағы кітәпханасында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қалған 6 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігерлермен келісімшарт жасалуда. Ал, 1 жоба маусым айындағы облыстық бюджеттік нақтылауында қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. |
|
17. |
Жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясын 387,6 МВт-қа жеткізу |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
Облыста жалпы қуаттылығы 327,6 МВт құрайтын 17 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруде, бұл республика (ЖЭК 115 нысан жалпы қуаттылығы 1664 МВт) бойынша 20,0% құрайды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарда. Олар: - 6 су электр станциясы, қуаты 24,2 МВт - 6 жел электр станциясы, қуаты 102,15 МВт - 5 күн электр станциясы, қуаты 201,25 МВт Баламалы энергия көздерінің саны және өндіріс қуаттылығы жағынан Жамбыл облысы республикамызда алдыңғы қатарлардың бірінде. Жалпы 2020 жылы облыста жаңартылатын энергия көздері арқылы 616,8 млн кВтсағ электр энергиясы өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсіп отыр. Облыста 2020 жылы барлық энергия көздері арқылы 2 527 млн кВтсағ электр энергиясы өндірілсе, оның 24%-ы баламалы энергия көздеріне тиесілі.. Алдағы уақытта, жаңартылатын энергия көздері бойынша 2021-2022 жылы жалпы қуаты 96,7 МВт құрайтын 2 жел және 1 су электр станцияларының құрылыс жобалары іске асырылуда.
|
|
18. |
Облыста 21,9 мың жұмыс орнын ашу, оның 15,3 мыңының тұрақты болуын қамтамасыз ету және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар санын азайту |
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
2021 жылдың 1 шілдесіне барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 20936 жұмыс орны құрылып, оның 10546-ы тұрақты, 10390-ы уақытша жұмыс орындарын құрап отыр. «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылға барлығы 14,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,0 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,9 млрд.теңге бөлінді. 2021 жылдың 1-шілдесіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 30320 адам тартылды, (соның ішінде бос жұмыс орындарына - 11578 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1065 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1280 адам, жастар практикасына 839 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 8000 жұмыссыз тартылды, 591 адам шағын несие алды, 3473 адам грант алды) оның ішінде есепті мерзімде 21713 адам жұмысқа орналастырылып, (жоспар - 29224) 74,3 пайызға орындалды, ондағы 11578 адам немесе 53,3% тұрақты жұмысқа орналасып отыр. |
|
19. |
Облыстағы 11 білім нысанының құрылысын жүргізу және 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Шу,Жамбыл, Байзақ, Қордай, Жуалы аудандары және Тараз қаласы әкімдері |
2021 жылы 23 білім нысанының (ДКЗ – 3, АЕБ – 2, ТОХ – 9, ЖБ - 9) құрылысын жүргізуге 8,5 млрд.теңге қарастырылды (19-мектеп, 4-мектепке жапсарлас құрылыс), оның ішінде 2021 жылы 11 білім нысаны (8 мектеп, 3 мектепке жапсарлас құрылыс) пайдалануға берілуі күтілуде, 12-ы 2022 жылға өтпелі. 2021 жылы 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептердің мәселесін шешу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2021 жылы 17 білім нысанының (АЕБ-5,ТОХ-6) күрделі жөндеу жұмыстарына 3,0 млрд. теңге қарастырылды (Байзақ - 5, Жамбыл-6, Жуалы-2, Мерке-1, Тараз – 2, ББ-1). |
|
20. |
Денешынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар үлесін 35,0%-ға жеткізу, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 51,2%-ға жеткізу. |
Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері
|
2021 жылдың 2 тоқсаны бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 381,9 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 33,5%-ға жетті. Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында спорт басқармасы тарапынан барлығы 1 420 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 83 056 адам қатысты. Сонымен қатар, қазіргі таңда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі көрсеткіші 49,2%-ы құрап отыр. 2021 жылы облыста барлығы 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарланған. |
|
21. |
Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту |
Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
«Жібек жолын іске асыру» бағыты бойынша бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша облыстағы барлық 371 ауылдық елді мекеннің 362-сі түрлі жиіліктегі мобильді интернетпен толық қамтамасыз етілген, 9 елді мекен интернеттің ешқандай түрімен (мобильді, ТОБЖ) қамтылмаған. Ағымдағы жылдың соңына дейін «LC Commerce» ЖШС халық саны 250 және одан көп 21 елді мекенде антенна-діңгек құрылыстарын салуды жүзеге асырады. 371 АЕМ-нің (оның ішінде: 311 АЕМ - 250+, 60 АЕМ - 250-) 178 АЕМ (177 (250+) 1 (250-)) талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, қазіргі уақытта 134 (250+) елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері орнатылмаған. «Транстелеком» АҚ 2022 жылдан 2032 жылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) технологиясы бойынша интернет желісіне кең жолақты 250 адамнан астам халқы бар 48 елді мекендерді бойынша жарақтандыру жобасын қарастыруда (МЖӘ жобасын іске асыру бойынша бизнес-жоспар ұсынылды). «Қазақтелеком» АҚ Облыстың 76 елді мекенін талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) технологиясы бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен жабдықтау бойынша Даму жоспарын "Қазақтелеком" АҚ орталық ақпаратына жіберілді. Жоспар қазіргі кезеңде бекітілген жоқ. NewTelCom компаниясы өз инвестициялары есебінен Жамбыл облысында радиорелейлік желілерінің құрылысын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттер облыстың барлық 10 ауданы бойынша белсенді қосылуда, 63 елді мекен қамтылды (2606 үйлер қосылды).
|
|
22. |
10 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту және 17 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары, аудан әкімдері |
2021 жылы 23 сумен жабдықтау (16-өтпелі, 7 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 10,8 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 17 жоба жыл соңына аяқталса, 6 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі. Қазіргі таңда, 2020 жылдан өтпелі 16 нысанның құрылыс жұмыстары қайта жанданып, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа 2 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда. Қалған 5 нысан бойынша мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жыл соңына дейін 12 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, жалпы құны 12,8 млрд.теңгені құрайтын 23 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттін қалыптастыруына ұсынылды. Анықтама:Тараз қаласы – 7 жоба (2 жоаба севистік желілер, 5 тұрғын алқаптар – Жиделі, Көлтоған, Тектұрмас, Казарма, Құмшағал), Байзақ ауд.- 2 жоба (Аққия, Сарыбарақ), Жуалы ауд.- 1 жоба (Қоңыртөбе), Қордай ауд.- 5 жоба (Степное, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Ноғайбай), Шу ауд.- 3 жоба (Көктөбе, Сауытбек, Көкқайнар), Т.Рысқұлов ауд.-3 жоба (Жаңатұрмыс, Қазақ, Сәлімбай), Меркі ауд.- 1 жоба (Аңдасбатыр), Мойынқұм ауд.- 1 жоба (Ақсүйек). |
|
23. |
20 елді мекенді газдандыру және 12 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар әкімдері
|
2021 жылы 19 газдандыру (10-өтпелі, 9 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 9,6 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 11 жоба жыл соңына аяқталса, 8 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі. Анықтама: жыл қорытындысымен 16 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, қамтылу деңгейін 83,8 %-ға (953 мың адам) жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жалпы құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын 12 жобаға (12 е.м., 11 мың адам) сараптаманың оң қорытындысы алынды. Олардың ішіндегі жалпы құны 1,0 млрд.теңгені құрайтын 7 жоба (7 е.м., 7 мың адам) қолдау тапты. |
|
24. |
«Шалғай Қарасу» «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл Абад», «Казарма», «Жиделі» шағын аудандары мен оның маңындағы 28 тұрғын алқаптарына қажетті инфрақұрылым жүргізу мәселелерін шешу
|
Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары |
Жиделі мен Көлтоған тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалардың сметалық құндары: Жиделі - 108 726,0 мың теңге, Шөлдала - 149 780 мың теңгені құрайды. Жобаларды облыстық бюджеттің кезекті нақтылауында қаржыландыру үшін, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Бүгінгі күнге, «Шалғай Қарасу», «Құмшағал», «Шөлдала», «Қызыл Абад», «Казарма» тұрғын үй алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лар әзірленуде. Сараптама қорытындысын жыл соңына дейін алу жоспарланған. Жобаларға сараптама қорытындылары алынғаннан кейін мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім енгізілетін болады. Тараз қаласындағы Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл - Абад, Казарма, Жиделі тұрғын алқаптары мен 28 саяжайдың тұрғындары тұтынатын электр энергиясын заңды тұлғаларға арналған тарифімен (1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен 22,28 теңге) энергия жабдықтаушы мекемеге төлегенімен бөлек, ортақ есептеуіш құралдарында шығынның артуына байланысты 1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен 24 теңге, қыс мезгілінде 28 теңгеге дейін төлем жасайды. Қазіргі таңда, электр желілерімен қамтамасыз ету бойынша «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-мен жобалық – сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2020 жылы сараптама қорытындылары алынды. Аталған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігерлер анықталды. Нысанның жалпы құны 2 144,1 млн. теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Халық саны 30 мыңнан асатын Тараз қаласының Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қарасу тұрғын алқаптарын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында Тараз қаласында 35/10 кВ қосалқы станциясын салу жобасы әзірленіп, 2019 жылы №19-0381/19 мемлекеттік сапартаманың оң қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылғы 19 қаңтарда №06-495 хатымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды, оның ішінде: 2021 жылға - 2 869 016,8 мың теңге; 2022 жылға - 2 869 016,8 мың теңге. Жоба аясында жаңа алқаптарға 3 жаңа подстанцияның құрылысы (Көлтоған, Құмшағал, Шөлдала), сондай-ақ қолданыстағы 2 подстанцияның қайта жаңарту (Пригородная, Айша бибі) жұмыстары қарастырылған. Алайда, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен аталған жоба қолдау таппай отыр, себебі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында подстанцияларды қайта жаңарту жұмыстары қарастырылмағандығын хабарлады. Ескеретін мәселе, өткен жылы осы аталған жоба ҚР Энергетика министрлігіне қаржыландыру үшін облыс әкім орынбасарының қолымен екі рет бюджеттік өтінім ұсынылған (хат 22.01.20 ж № 02-459, 3.02.21 ж № 02-752) Алайда, ҚР Энергетика министрлігінің жауабына сәйкес (15.04.2020 ж05-15/375-И ) жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкін еместігін хабарлап, жобаны қолдаудан бас тартқан. |
|
25. |
Перспективалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып Тараз қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
2021 жылғы 3 наурызда №1 мемлекеттік сатып алу келісім-шарты аясында Тараз қаласының Бас жоспарына түзету енгізу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жобалық жұмыстар жүргізер алдында: - Тараз қаласы мекемелері мен ұйымдарынан қажетті бастапқы ақпараттар жинастырылып, натурды зерделеу жұмыстары өткізіліп, сараптама жасалды. - Өзгерістер енгізу барысында қаланың маңайындағы Жамбыл және Байзақ аудандарына қарасты 14 елді мекендерді әкімшілік шекараға қосу көзделіп отыр. Осы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін құрылған жұмысшы топ әрбір ауылдың әлеуметтік экономикалық негіздемесіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бас жоспарға түзету енгізу жұмыстары екі кезеңнен тұрады: сараптама және жобалау. Қазіргі таңда сараптама кезеңі аяқталуда. Жобалау кезеңінде сызбалар әзірлеу жұмыстары уақытты қажет етеді. Осыған байланысты, жобалау жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алып, атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты мәлімет ұсынылып отырады. |
|
26. |
«Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын жөндеу жұмыстарын жалғастыру |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Байзақ ауданы әкімдігі
|
2021 жылы облыстық маңызы бар "Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық" автомобиль жолының 7-20 шқ аралықтарын орта жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 224,9 млн. теңге бөлінді /жобаның жалпы құны: 367,4 млн. тенге/. Бүгінде, мердігер ұйымды анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. |
|
27. |
Байзақ ауданында 6 елді мекенді су басу қаупіне (Үлгілі, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Сарыкемер, Диқан, Түймекент) байланысты Талас өзенінің жағалауын күшейту
|
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Байзақ ауданы әкімдігі
|
Жамбыл облысы Тараз қалалық және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Талас өзені арнасы бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары ағымдағы жылы бюджеттен (РБ-500,0 млн. тг, ОБ-55, 556 млн. тг) бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары 15 ақпан 2021 басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 мамырында 2021 жылға республикалық бюджетті нақтылау барысына 2 551,2 млн теңге бөлу бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрілгіне бюджеттік өтінім жолданған. Сметалық құны-3477,3 млн тг. |
|
28. |
Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы тұрғын үйге газ кіргізу құнының жоғары болу проблемасын шешу
|
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Шу ауданының әкімдігі
|
Бүгінге күнге Шу ауданының орталығы Төле би ауылында 4200 аула бар, соның ішінде табиғи газға қосылғаны 1707 үй (41%), қосылу құнының қымбаттығына байланысты қалған 2493 (59%) тұрғын үй иелері газға қосыла алмауда. Бір үйге газ кіргізу құны – 503,0 мың теңге. 2020 жылғы 23 желтоқсандағы Шу аудандық сотының шешіміне (сот шешімі 1 айдан соң заңдылық күшіне енді) сәйкес, «Париев» ЖШС-нің Төле би ауылы ішіндегі көшеаралық газ таратушы құбыр құрылысын қабылдау туралы актісінің күші жойылды. Сот шешімі не гізінде бүгінгі күнге дейін аталмыш газ құбырларын «Париев» ЖШС-нің теңгеріміне тіркеудің күші жойылып, газ құбырлары орналасқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Аталмыш газ құбырын Төле би ауылдық округі әкімдігінің теңгеріміне алу үшін «Париев» ЖШС құрылысы аяқталған нысанының қабылдау актісіне қол қойып, барлық атқарушы-техникалық құжатардың түпнұсқасын өткізуі қажет. Дегеніменде, «Париев» ЖШС аталмыш газ құбырын мемлекеттік меншікке өткізу үшін бір үйдің газға қосу құнын 475 мың теңгеге белгілеп, оны елдегі қаржылық жағдайға байланысты өсіру мүмкіндігін қарастыру бойынша өз шарттарын ұсынған. Бұл тұрғыдан, «Париев» ЖШС-і техникалық құжаттаманың және нысанды қабылдау актісінің түпнұсқаларын Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппаратына тапсыруды міндеттеу үшін 2021 жылғы 21 маусымында облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арыз жолданды. Орындалу үстінде |
|
29. |
Шу қаласы «Жайсан» тұрғын үй алқабынан 35/10 кВ қосалқы станциясы мен 35 кВ электр байланыс желілері» құрылысын аяқтау |
Шу ауданының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
2014 жылдың 15 сәуірінде «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «ПКФ Дайана» ЖШС арасында 508,5 млн. теңге сомасында «Шу қ. «Жайсан» жаңа тұрғын үй алабында 35/10 кВ қосалқы станциясын салу» нысаны бойынша келісім Шарт жасалынған, жұмыстарды орындау мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 4,5 айды құрайды. Алайда, қазіргі уақытта мердігер тарапынан монтаждау жұыстары толық аяқталған жоқ. Объект қазіргі уақытқа дейін пайдалануға қабылданбаған. «Дайана» ЖШС мердігерлік ұйымының аяқталмаған жұмысының сот - құрылыс сараптамасының қорытындысы бойынша, шығын 262,489 млн.теңгені құрады. Бүгінгі таңда мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процестері жүргізілуде. Қазіргі уақытта, осы қосалқы станциялардың толық жұмыстардың орындалмауына байланысты, қосылу нүктесін анықтау бойынша проблемалар туындауда. Себебі, қосалқы станция Шу қаласы тұтынушыларының бір бөлігін, шағын және орта бизнес пен жаңадан салынатын әлеуметтік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған болатын.
|
|
30. |
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру |
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары негізінде әр айдың белгіленген тақырыбы бойынша 12 тақырыптан құралған облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес тақырыптық шаралар өткізілуде, жоспарға атаулы күндер мен мерейтойлар да енгізілді. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 3000-нан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 4, республикалық деңгейде – 13, облыстық деңгейде – 73, қалалық/аудандық дейгейде – 2910 астам іс-шара ұйымдастырылды. Маусым айында ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Елтаңбам – елдігім, көк Туым – теңдігім!» атты патриоттық акция, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты көпқабатты тұрғын үйлердің балкондарына Ту ілу акциясы, медицина қызметкерлері күніне орай «Денсаулық» аллеясының ашылуы, БАҚ қызметкерлері күніне орай облыстық спартакиада және салтанатты шара өткізілді. Одан бөлек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында «30 игі жоба» Жол картасы бекітілді. Бұл жобалар халықтың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылуда. Жол картасында көрсетілген 30 жобаның бүгінгі күнге 26-ы бойынша іске асыру жұмыстары басталды - 30 үйдің бүгінгі күнге 4-і (Тараз қаласы - 2 үй (135 пәтер), 2 үй (90 пәтер), 30 әлеуметтік дүкеннің 29-ы (Тараз қаласы – 16, аудандарда – 13), 20 білім нысанының 1-і пайдалануға берілді (Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектебі), Жамбыл ауданында Тутұғырдың құрылысы аяқталды, Тараз қаласында «Асар» мүгедек жандарға арналған оңалту орталығы пайдалануға берілді, көптеген қайырымдылық акциялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, облыста «Жомарт түлек-2021» жобасы іске асырылуда. Жоба барысында жерлестер кіші отанына, туған ауылдарына, мектептеріне көмек көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Бүгінгі күні облыста «Жомарт түлек» сайты құрылып жұмыс істеуде. Онда 164874 түлек тіркелген. Жоба шеңберінде 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынды. Тағы осындай 4 кешеннің, 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Жалпы, түлектер тарапынан 2,8 млрд теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүргізілуде. Жоба аясында ағымдағы жылы облыс бойынша 134 үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 14 үйдің кілті тапсырылды. Жоба аясында жалпы 2,3 млрд теңгеге 233 үй салынатын болады (2020 жылы асарлатып 99 үй салынып берілді). Қайырымдылық жобалар бойынша «Менің бастамам», «Мейірім», «Мейірімділік керуені», «30 жылдыққа 300 мың ағаш», «Тегін такси. Тегін автобус» акциялары бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап көптеген қайырымдылық шаралар өткізілуде. Қазақстан халқы ассамблеясының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» шеңберінде жалпы 55 446 360 теңгеге 6640 адамға қайырымдылық жасалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Тараз қаласында «Таразға тарту» жобасы ұйымдастырылуда. Жоба аясында 42 нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа саябақтар мен скверлер ашылды (21 саябақ пен сквер, көшелер жөнделуде, 5 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті сырланды). Жамбыл облысында 30 жылдыққа байланысты алдағы уақытта бірқатар шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, тамыз айында Түркістан облысындағы Жамбыл облысының күндері, «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай мерейтойлық шара, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай конференция, «30 жұлдызды күн» және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығы, көркем гимнастика және үстел теннисіне арналған спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Одан басқа, Елорда күніне орай жастар челлендждері, қайырымдылық акциялары, мәдени-көпшілік шаралар өткізіледі. Мереке қарсаңында жалпы құны 48,6 млрд теңгені құрайтын 59 нысанның пайдалануға берілуі жоспарлануда. Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгіні күнге баспа басылымдарда Тәуелсіздіктің Ал, ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде 740-тан астам материал жарияланды. Сонымен қатар, еліміздің дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қоғам белсенділері, танымал тұлғалардың және өзге де азаматтардан қалыптастырылған спикерлердің 37-ге жуық бейнеқұттықтаулары әзірленіп, таратылды. Облыстық «JAMBYL» телеарнасының эфирінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі туралы «Әлем мойындаған көшбасшы» атты тақырыптағы бейнеролик аптасына 1 рет жиілікпен және «Елордамыз Нұр-Сұлтан» бейнеролигі аптасына 2 рет жиілікпен берілуде. «JAMBYL» телеарнасында: - Тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуы туралы әзірленген «Келешек үшін кешегіні қастерлейміз» фильмі көрсетілді. - «Бірінші студия» хабарында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы түрлі сала мамандарының қатысуымен бүгінгі күнге 10 хабар көрсетілді; - «Туған мекен» хабарында аудандардағы елді мекендердің тыныс-тіршілігі туралы 4 арнайы хабар эфирге шықты; - «Серпіліс» хабарында өндіріс орындары мен шағын және орта бизнестің өркендеуі туралы 4 арнайы хабар көрсетілді; - «Қайырлы таң Жамбыл» хабарында жетекші сала мамандарының, тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен бүгінгі күнге 7 хабар көрсетілді; - «Менің елім Қазақстан» атты тақырыптағы 30 ролик аптасына 4 рет жиілікпен қайталаулар арқылы берілуде; - «Тәуелсіздікке 30 жыл» бейнесуреттеме (11 дана) күніне 10 рет жиілікпен берілуде. Аталған телеарна эфирінен «Келешек үшін кешегіні қастерлейміз» фильмі /1 рет/ көрсетілді. Телеарнада «Тәуелсіздікке 30 жыл» бейнесуреттеме (11 дана) күніне 10 рет жиілікпен берілуде. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. |