Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 173 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 62 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 161 қызмет электронды форматта көрсетілуде.

2021 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 2,1 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    2 038 234  қызмет (95,8 %);

қағаз түрінде                     –     2 623 қызмет (0,1 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    87 499 қызмет (4,1 %).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2534 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2021 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген                   қызметтердің – 21 факті тіркелген.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанында 502 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 483 124 халық қамтылды.      

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 46 ішкі бақылау жүргізіп, 23 жергілікті атқарушы органдар мен 23 ведомстволық бағынысты ұйымдары (46 объекті) қамтылды. Нәтижесінде 988 бұзушылықтар анықталып, 62 ұсыныс әзірленді. Онын 58 орындалып, 4 орындалуда.

Екінші тоқсанда анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 3 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 434 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 210 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің         127 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 214 фактісі тіркелді.

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
12 июля 2021