«2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы)
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау
көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 153174 болып тіркелген, 202 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының
қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Нұржігітовке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.