«Жамбыл облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі
№ 222 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматына шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жеке меншік құқығымен беру бөлігі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал қалған бөлігі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |