«Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының жеміс бағына карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының жобасына

«Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының жеміс бағына карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының жобасына

                                                    АНЫҚТАМА                     

         «Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының жеміс бағына карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының, 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

            «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-1-бабына сәйкес, карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбi: карантиндi объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантиндi объектiлердi жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде тексеруге жатады. Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.          Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары аталған объектiлерге бақылау және қадағалау тексерулерiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi.

         Заңның 9-1 бабы 3) тармақшасына сәйкес, облыстардың жергілікті атқарушы органдары, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.

         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымда №15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес, карантиндік объектілер анықталған кезде таралу шекарасын көрсете отырып, карантиндік объектінің түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы шешімді, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы негізінде, тиісті жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

         Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылды.

Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.

Жазылғанның негізінде Жоба Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізуге ұсынылады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                                    Қ. Аманов

           

 

Құқықтық қамтамасыз ету,

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

мониторингі және цифрландыру

бөлімінің бас маманы                                                                             Д. Махамбетов

 

                                                                                 

Мемлекеттік астық, тұқым

және техникалық инспекциясы

бөлімінің басшы м.а.                                                                           А. Тауасарова

 

«Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының жеміс бағына карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының жобасына
Дата публикации
08 июня 2021