Жоба
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының жеміс бағына карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2021 жылғы 24 мамырдағы № 6-3-5/524 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні