Жоба
Пайдалы қазбаларды барлау үшін
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.
- «MONTERRA QASAQSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.
- Серіктестік бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде жүргізсін.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Нұржігітовке ұсынылсын.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев