Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-наурыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтар-наурызында 137,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 107,3%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 6,2%-ға (13,8 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 8,3%-ға (97,8 млрд. тенге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 5,2%-ға (24,5 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 2,7%-ға (1,4 млрд. тенге) өсуі байқалады.
2021 жылы инвестициялар көлемі 435,8 млрд. теңгеге, 2909 жаңа жұмыс орындары құрылатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:
(«Kisc» ЖШС-гі - құю цехын жаңғырту, «Жабатаева Л.К.» ЖК - консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «BioVet KZ» ЖШС-гі - GMP және GLP стандартындағы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша биокомбинат салу, «Turan Industry» ЖШС-гі табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу, «Дәмді себет» ЖШС-гі - ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «KORDAY FISH» ЖШС -гі балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ -ы құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу" (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі - балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі - сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «БХК» ЖШС-гі және «ХИМ-плюс» ЖШС-нің еншілес компаниясы» - «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «глифосат (гербицид) өндірісі» және «үш хлорлы фосфор өндірісі» интеграцияланған химиялық кешені, «ЕвроХим-тыңайтқыштар» ЖШС-гі - минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытын салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-наурызында 31,2 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 103,8%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 0,6 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 30,6 млрд. теңге (НКИ – 103,9%).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін 765,7 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.
Шаруашылықтың барлық санаттарында 26,7 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар-наурызына 104,9%, сүт – 53,2 мың тонна (101,3%), жұмыртқа – 28,3 млн. дана (108,5%).
МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 10,8% - ға (507,6 мың бас), қой – 6,3% - ға (3153,8 мың бас), жылқы – 11,5% - ға (151,3 мың бас), құс – 3,3% - ға (1730,7 мың бас) өсті.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 17 163,5 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен-7260,1 млн. теңге,жергілікті бюджеттен-9903,4 млн. теңге субсидия көзделген.
2021 жылдың 1 сәуіріне – 2 592,1 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 500,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен-2 092,1 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 сәуіріне 69,9 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,1%-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар – желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 696,9 млрд. теңгені (125,6%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 127,1 мың адамды (100,9%) құрады.
Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі 81,6%-ды құрады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 138,2 млрд. теңгені құрайтын 3416 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 105,0 млрд.теңгені құрайтын 1722 жоба (2021 ж. – 5151,2 млн. теңгеге, 403 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 12,1 млрд. теңгені құрайтын 1312 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 4783,9 млн. теңгеге 586 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,4 млрд.теңгеге 115 жоба іске асырылуда (2021 ж.- 2,9 млн. теңгеге 1 жоба).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 671,9 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.
ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қаңтар-ақпанында 25,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылдың қаңтар – ақпанына 84,9%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 8,8 млн. АҚШ доллары (47,3%), импорт – 16,6 млн. АҚШ доллары (146,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 7,8 млн. АҚШ доллары.
2021 жылдың қаңтар- наурызында бөлшек сауда айналымының көлемі
75,1 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 53,8 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 5,3%-ға артты.
Көлік. 2021 жылғы қаңтар- наурызында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейіне 3,6%-ға төмендеген,
(17,8 млн.тонна), жүк айналымы – 5,3%-ға (734,5 млн.тн.км.), жолаушыларды тасымалдау – 62,3%-ға (86,0 млн. адам), жолаушылар айналымы – 68,9%-ға (684,8 млн. жолаушы км).
Инвестиция көлемі 53,6 млрд.теңгені құрап, 32,9% - ға өсті. Өсім Тараз қаласында аммофос өндіретін зауыт салуға, Шу ауданында кен өндіруге арналған жерасты шахтасының күрделі қазбаларын салуға, Т.Рысқұлов ауданының Құмарық ауылында су құбыры желісі мен су алғыш құрылыстарды салу есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 17,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 106,9% құрады. Өсім «Қазфосфат» ЖШС-мен (минералды тыңайтқыштар), «Имсталькон» ЖШС Жамбыл монтаждық фирмасы, «ТурАхмет және компания» ЖШС (Тараз қаласында онкодиспансер құрылысы), «Интеллект Азия» ЖШС, «КазАтакентКурылыс» ЖШС-мен жүргізілген жұмыстары есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 112,2 мың ш.м құрап, 2020 жылдың тиісті деңгейіне 104,1%-ды құрады.
2021 жылғы наурыздағы инфляция деңгейі 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,9% - ды құрады. . Азық-түлік тауарлар бағалары 3,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 1,4%-ға, ақылы қызметтер – 0,9%-ға көтерілді.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейімен тең қалыптасты.(ҚР – 1,9%).
2021 жылдың наурыз айында тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылдың ақпан айына 100,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 100,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 100,6%, ақылы қызметтер - 100,5%.
Азық-түлік тауарлары бойынша 2021 жылдың наурыз айында жемістер мен көкөністерге - 2,8% - ға (оның ішінде алмұрт, қырыққабат - 4,8% - ға, қызылша - 3,5% - ға, картоп - 2,8% - ға, сәбіз - 2,4% - ға, пияз - 0,4% - ға, алма - 0,3% - ға), жармаларға - 1,4% - ға (оның ішінде сұлы - 2,3% - ға, ұнтақ жарма-2,0% - ға, қарақұмық-1,7% - ға), жұмыртқаға-1,3%-ға, балық және теңіз өнімдері-1,2%-ға, күріш, май және тон майға- 0,7% - ға (оның ішінде күнбағыс майы-1,4% - ға), ет-0,7% - ға (оның ішінде қой еті-1,7% - ға, шошқа еті-1,4% - ға, сиыр еті-1,1% - ға), құмшекер-0,5% - ға қымбаттады.
Нан, айран, қаймақ, шай бағалары тұрақты болып қалыптасты.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында бензинге - 4,8%, жеке пайдаланылатын тауарларға - 0,4%, киім мен аяқ киімге-0,3%, фармацевтикалық өнімге-0,2% - ға баға өсті.
Дизель отынының бағасы тұрақты болып қалды.
Ақылы қызметтер бойынша 2021 жылдың наурыз айында суық суға тарифтер 24,4% - ға, амбулаториялық қызметтер – 1,3% - ға, тұрғын үйді жалдау-1,2% - ға қымбаттады.
Салықтар мен бюджет. 2021 жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік бюджетке 32,7 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 114,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 10,2 млрд.теңге (болжамға 101,5%), жергілікті бюджетке – 22,5 млрд.теңге (болжамға 121,7%).
2021 жылғы 1 наурызға берешек сомасы 2,2 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 87,3%-ды құрады.
2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар 396,8 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 75,2 млрд.теңгені құрады.
Меншікті кірістер 22 482,6 млн. теңгеге (жоспар – 18 476,3 млн.теңге) немесе 121,7%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 18 403,4 млн. теңгеге (жоспар – 15 068,9 млн.теңге) немесе 122,1%-ға, салықтық емес түсімдер 530,0 млн. теңгеге (жоспар – 243,5 млн.теңге) немесе 217,7%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 549,2 млн. теңгеге (жоспар 3 163,9 млн.теңге) немесе 112,2%-ға орындалды.
Бюджеттік шығындар 81,2 млрд.теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021 жылдың 1 сәуіріне нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 11945 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 3209 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1026 адам, жастар практикасымен -
558 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 5536 адам қамтылды.
2021 жылдың 1 сәуіріне жаңадан 9304 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 2184. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 16380 адамның 10197-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 4 тоқсанына 168838 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 20,6%-ға, нақты – 12,7%-ға артты.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
2020 жылдың 4 тоқсанында 86500 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға, нақты – 9,5%-ға өсті.
2021 жылдың қаңтар-наурыз 52,6 мың тұрғынға 805,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 736,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 51,3 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 18,0 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 199,6 млрд. теңге қарастырылды, 2021 жылдың 1 cәуіріне 47,1 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 99,9%-ға игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 7,4 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен - 32,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 5,8 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,6 млрд. теңге).
2021 жылы Байзақ ауданының Бұрыл ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп салу, Қордай ауданы Қалғұты ауылындағы 180 орындық орташа мектеп құрылысы, Қордай ауданының Масаншы ауылында 600 орынды орта мектеп салу, Қордай ауданы "Күнбатыс-2" ауылында 150 орындық орта мектеп, Тараз қаласындағы №22 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу, №2 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу жалғасады.
Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 оқушыға арналған орта мектеп салу, Сеңкібай ауылында 100 орындық орта мектеп салу, Шахан ауылында 100 орынлық орта мектеп салу, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы 300 оқушылардың орта мектеп құрылысын салу, Жуалы ауданы Алатау ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысын салу, Дихан ауылында 180 орындық орта мектептің құрылысын салу, Қордай ауданы Арал ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысы, Шу ауданы, Шу қаласындағы Ы. Алтынсарин мектебіне қосымша ғимарат салу, Шу ауданы Төлеби ауылдық округі Төлеби ауылы Мәмбетбаев көшесі №10 Әл-фараби атындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы, Тараз қаласындағы №16 орта мектептің ескі "А" блогының ғимараттарын бұзып, 348 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Тараз қаласында "Шалғай Қарасу" тұрғын алқабында 600 орындық орта мектеп құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Т.Рықұлов ауданының Луговое ауылындағы М.Горький атындағы орта мектептің казандығын газбен жабдықтауды салу, Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына жанама 100 оқушыға арналған оқу бөлмелерінің құрылысын салу, Көкөзек ауылындағы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жанама спортзал және асхана құрылысын салу, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебіне спорт зал құрылысын салу, Байзақ ауданы Аймантөбе ауылындағы Берікқара орта мектебінің қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28 орта мектебінің қазандығын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Қордай ауданы Қайнар ауылындағы №32 орта мектебінің қазандығын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Қордай ауданы Қайақпақтас ауылындағы №30 орта мектебінің қазандығын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектебінің қазандығын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласы Арай тұрғын алқабында 600 орынға дейінгі мектеп құрылысы, Тараз қаласының "Барысхан" тұрғын алабында 600 орынға арналған мектеп салу, Тараз қаласы Асқарова тұрғын алқабында 600 орынға дейінгі мектеп құрылысы жүргізіледі.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды.
2021 жылдың 1 сәуіріне облыстағы 550 мектепке дейінгі ұйымдарымен (415 балабақша, 135 шағын орталықтар) 56,8 мың бала немесе 91,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа өсті.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы
12,1 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-наурыз айларында 3,1 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 6,9 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде РБ - 4,1 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.
2021 жылғы наурызда туберкулезбен, наркологиялық аурулар деңгейінің төмендегені байқалады. Психикалық бұзылулар мен қант диабетімен, сифилиспен сырқаттанушылық, қатерлі, қан айналымы жүйесі ауруларының өсуі байқалады. Байзақ, Меркі және Талас аудандарында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді.