Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы

                                                                                                                                                           Жоба

Пайдалы қазбаларды барлау үшін

жария сервитут белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасының Жер кодексіне,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2021 жылғы 10 мамырдағы № 05-01/315 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2023 жылдың  31 желтоқсанына дейін жария сервитут белгіленсін.
  2. «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.
  3. Серіктестік бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету қаражатынан жүргізсін.
  4. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар серіктестік қызметкерлерінің пайдалы қазбаларды барлау учаскелеріне кедергісіз өтуін және (немесе) өз жер учаскелері арқылы өтуін қамтамасыз етсін.
  5. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Нұржігітовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                          Б. Сапарбаев

 

                                                                                                                                                                                            Жамбыл облысы әкімдігінің

                                                                                                                                                                                                             2021 жылғы                                                                                                                                                                 «      » мамырдағы

                                                                                                                                            №    қаулысына қосымша                                                                                             

Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария  сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы

 

№

Меншік иесі немесе жер пайдаланушының                          аты-жөні, тегі, атауы

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің  орналасқан жері

 

Жер учаскесінің            жалпы көлемі,

гектар

оның ішінде

жайылым, гектар

1

2

3

4

5

6

1.

ТОО «Molbal»

06-091-076-018

Меркі ауданы

255,9376

255,9376

2.

Қали Несіпбай

06-091-076-005

Т.Рысқұлов ауданы

20,0

20,0

3.

Шаншаров Русланбек Бердиярович

06-091-096-037

Т.Рысқұлов ауданы

0,7068

0,7068

4.

Кульбараков Кадырбек Файзинович

06-091-096-048

Т.Рысқұлов ауданы

113,8684

113,8684

5.

Нартова Кумыскуль

06-091-099-002

Т.Рысқұлов ауданы

50,0719

50,0719

6.

Нартов Руслан Джамбулович

06-091-099-003

Т.Рысқұлов ауданы

318,9294

318,9294

7.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Қалық-Транс-1»

06-091-099-005

Т.Рысқұлов ауданы

12,9799

12,9799

8.

Шайсламов Мадияр Ибраимович

06-091-099-004

Т.Рысқұлов ауданы

162,0742

162,0742

9.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Қорағаты»

06-091-076-007

Т.Рысқұлов ауданы

344,9037

344,9037

10.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Golden Compass Jambyl»

06-091-099-017

Т.Рысқұлов ауданы

117.2783

117.2783

11.

Токтанов Аязбай

06-091-076-026

Т.Рысқұлов ауданы

23,2693

23,2693

12.

Токеев Шалкар Кураганович

06-091-076-025

Т.Рысқұлов ауданы

96,4642

96,4642

13.

Усибалиев Аскар Бектембаевич

06-091-076-028

Т.Рысқұлов ауданы

5,2674

5,2674

14.

Земли запаса

06-091-096

Т.Рысқұлов ауданы

13,0736

13,0736

15.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Қалық-Транс-1»

06-091-099-005

Т.Рысқұлов ауданы

145,6614

145,6614

16.

Шайсламов Мадияр Ибраимович

06-091-099-004

Т.Рысқұлов ауданы

131,6821

131,6821

17.

Токтанов Аязбай

06-091-076-026

Т.Рысқұлов ауданы

3,6457

3,6457

18.

Токеев Шалкар Кураганович

06-091-076-025

Т.Рысқұлов ауданы

83,7704

83,7704

19.

Усибалиев Аскар Бектембаевич

06-091-076-028

Т.Рысқұлов ауданы

35,2185

35,2185

 

Барлығы

 

 

1817,5245

 

 

Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
28 апреля 2021