«Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам және Қорағаты ауылдық
округтернің шекараларын (шегін) өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы мен Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 8.12.1993 жылғы Заңының 11, 16-баптарына сәйкес әзірленді. |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Жоқ |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме? |
Көздемейді |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Жайылым жерлерді ұлғайту мақсатында
1767,00 гектар жайылым жердің қосылуымен Жаңақоғам ауылдық округінің, 2153,0 гектар жайылым жердің қосылуымен Қорағаты ауылдық округінің шекаралары өзгерту |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
7. |
Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Жоқ |
|
8. |
Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері |
Қажет етілмейді |
|
9. |
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
интернет-ресурска орналастырылатын болады |
|
10. |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) |
Қажет етілмейді |
|
11. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Қажет етілмейді |
|
12. |
Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады |
|
13. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
14. |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Қажет етілмейді |
|
15. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Қажет етілмейді |
|
16. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
17. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Кәсіпкерлердің мүддесін қозғамайды |
|
18. |
Заңның 20-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
қоғамдық кеңес ұсынымы қажет |
|
19. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
22.04.2021 ж. орналастырылды
|
|
20. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |