Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам және Қорағаты ауылдық  округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

 

Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам және Қорағаты ауылдық

 округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және           өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы нормативтік құқықтық актінің 1, 2 қосымшаларына сәйкес экспликация бойынша мемлекеттік жер қоры есебінен:
  • 1767,00 гектар жайылым жердің қосылуымен Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам ауылдық округінің;
  • 2153,0 гектар жайылым жердің қосылуымен Жамбыл облысы Шу ауданының Қорағаты ауылдық округінің шекаралары (шегі) өзгертілсін.
  1. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
  2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                                   

 

                           Б. Сапарбаев

 

Жамбыл облыстық маслихатының сессия төрағасы

 

                            К. Жетибаев

 

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы

                         М. Сарыбеков

 

 

Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам және Қорағаты ауылдық  округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
Дата публикации
22 апреля 2021