Еңбектік қарым-қатынас 2021 жылға

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына 2021 жылға жалпы барлық жұмыс берушілерге шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 1059 квота белгіленген. 2021 жылдың 1 сәуріне Жамбыл облысы бойынша 31 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 394шетел азаматтары жұмыс атқаруда. Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 3488 адамды құрайды.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.

Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 29,0 млн. теңге салық төленді.

 

 

Еңбектік қарым-қатынас 2021 жылға
Дата публикации
16 апреля 2021