Бүгінгі күнге облыс бойынша 46245 мүгедек бар (оның ішінде 1-ші топтағылар – 4213 адам, 2-ші топтағылар - 18179, 3-ші топтағылар - 17210 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6643 адам).
2021 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 1230,1 млн. теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 10317 мүгедекті тиісті бұйымдармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
2021 жылы Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1713,6 млн.теңгеге 9400 азаматты (гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің маманымен, жеке көмекшінің қызметімен, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен) әлеуметтік қызметтермен қамту жоспарлануда.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар (әлеуметтік жоба) аясында ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 2021 жылы 403,5 млн.теңгеге 1500 мүгедек пен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жоспарлануда.
2021 жылы Талас ауданы Қаратау қаласында 30 төсек орындық мүгедек балаларға арналған және Шу ауданы Төле би ауылында 30 төсек орындық ересек мүгедектерге арналған оңалту және бейімдеу орталықтарын ашу мақсатында тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдардың 54 түрімен, яғни оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық, гигиеналық құралдармен, мүгедектер арбаларымен сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерімен, жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және емдеу сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күнге, әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарын және аталған қызметтерге мұқтаж мүгедектерді тіркеук жұмыстары жүргізілуде. Есепті мерзімге 2169 жеке көмекші және 29 ымдау тілі маманы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 2169 жеке көмекшінің және 384 ымдау тілі маманының қызметтеріне мұқтаж мүгедектер порталға тіркеліп, тиісті қызметтермен қамтылуда.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік жоба арқылы ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 345,9 млн.теңге бөлініп, 1700 мүгедектерге жартылай стационар мен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс көлемінде 2323 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметі көрсетілуде.
2021-2025 жылдары облыс көлемінде 1295 инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланып, ағымдағы жылы 259 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, Тараз қаласында 27 орындық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығында есепті мерзімде 27 әйел арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, соған сәйкес 2021 жылы 570 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
2021 жылдың 1-сәуіріне жұмыспен қамту органдары арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 419 мүгедек жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 310 мүгедек жұмысқа орналасты, олардың 66-ы тұрақты жұмыстармен қамтылып, 244-і уақытша жұмыстармен қамтылды. Уақытша жұмыстармен қамтылғандар ішінен: 213-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 22-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 9-і жастар практикасына жұмыстарға. Сондай-ақ 4 адам шағын несие, 22 адам грант алды.
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз ету
Техникалық қосалқы құралдар, протезді-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар.
Сурдотехникалық құралдар – есту ақауларын түзетуге және өтеуге арналған техникалық құралдар, соның ішінде байланыс және ақпарат тасымалдауды күшейту құралдары.
Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
-Мүгедек-балалар;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі;
Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру ақауы негізінде жоғалған мүмкіншіліктерін түзетуе және қалпына келтіруге бағытталған құралдар.
1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беріп, олар әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде протездік-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды.
Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
- Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
-Жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
Бала жасынан мүгедектерге;
-Мүгедек балаларға жүргізіледі.
Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектің табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер ұғынылады.
Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер тұрғылықты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімдеріне өтініш береді.
Мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдардың тізімі
1. Протездік ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар, ортездер;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ахтанбердиев көшесі №1 «б» үй
25-орынға арналған
Директоры-Ракаева Клара Балтабайқызы, 8(72632)4-10-45
Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 54 а
25-орынға арналған
Директоры-Мінізқұлова Эльнура Төлендіқызы 8(72636)4-68-00
Орталыққа 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қабылданады.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
Мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы
Тараз қаласы, Асқаров көшесі №20
Директор – Бектасова Гүлнар Жамалбекқызы, тел 45-88-05, 43-19-32
Орталыққа жалпы аурулар мүгедектері, кәсіптік аурулар мен қызметтік міндеттерін атқару барысында мүгедек болған 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйел азаматтары, 63 жасқа дейінгі ер азаматтар қабылданады.
Жолдамалар уәкілетті органы берген жолдама негізінде орындалады.
Тұру уақыты 1 жыл ішінде 6 айдан аспауы қажет.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
«Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы, Өтеулиев көшесі 40 «а»
25-орынға арналған
Директоры-Қалыбекова Жамал Дуйсембаевна 45-67-83
Орталыққа түскен әйелдерге тұрмыстық, эмоциялық зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық салдарынан қиын жағдайға тап болған қызмет алушыларға орталық мамандарының кеңесі беріледі, уақытша баспанамен қамтамасыз етііледі (1 айдан 6 айға дейін жағдайының қиындығына байланысты), оңалуға және әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі, қолдау көрсетеді және әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық және құқықтық кеңес береді.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-құқықтық қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Все права защищены.
При использовании материалов с сайта АкиматЖамбылской области в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт АкиматЖамбылской области обязательна.
При использовании материалов АкиматЖамбылской области:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://www.zhambyl.gov.kz/
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта АкиматЖамбылской области «http://www.zhambyl.gov.kz/».