Халықты жұмыспен қамту туралы
2021 жылдың 1-сәуіріне 11867 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 3209 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасты.
2021 жыл ақылы қоғамдық жұмыстарға 9125 адамды тартуға 6534,7 млн. теңге қаралып, есепті мерзімге ақылы қоғамдық жұмыстарға 5536 адам жолданды.
2021 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1024 адам жіберілуі жоспарланып, 301,7 млн.тг. қарастырылды. 2021 жылдың 1 сәуіріне әлеуметтік жұмыс орындарына 1026 адам жіберілді.
Ал жастар практикасына 1461 жас түлек жіберуге жоспарланып, 638,8 млн.тг. қарастырылған. Есепті мерзімге жастар практикасына 558 түлек жіберілді.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін іске асыру нәтижесінде 2020 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 2,9 пайызын құрады.
Жалпы өзін өзі жұмыспен қамтылғандардың санындағы нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 4,0 пайыздан 4,5 пайызға дейін жоғарылады.