Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы  (01.04.2021 жыл)

 

 

Р/с

Жоспар

Жауаптылар

Орындалуы

1.      

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемелігін 90%-ға дейін арттыру

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Облысымыздың өнеркәсібін дамыту мақсатында әр аудандар мен Тараз қаласына өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасы Басқарма тарапынан дайындалып, қазіргі таңда аудан/қала әкімдерімен келісу үстінде. Аудандар мен Тараз қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелері анықталып, аталған жол картасында сол кәсіпорындардың жүктемеліктерін арттыру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу жүктелді.

Сонымен қатар, өнеркәсіп кәсіпорындарына «Индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.      

Өнеркәсіп өнімінің өсімін 3,3%-ға, өңдеу өнеркәсібін 2%-ға арттыру

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 87,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,6% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 9,7 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 107,8% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлеміндегі үлес салмағы 11,1% құрайды.

Анықтама: Салада металл рудасының өндірісі – 4,2% (алтын өндіру секторының кәсіпорындары), әктас және гипс – 20,1% артқан.

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 59,6 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,7% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлеміндегі үлес салмағы 68%  құрады.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда химия өнеркәсібінен басқа өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында іс жүзінде өндірістің өсуі есебінен өсім қамтамасыз етілді:

- тамақ өнімдерін өндіру саласында – 1,8 есеге;

- мұнай өнімдерін өндіруде – 3 есеге;

- металлургия өнеркәсібінде – 14,1%-ға;

-  басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде – 30,3%-ға;

- жеңіл өнеркәсіп саласында – 18,3%-ға;

- дайын металл бұйымдарының өндірісінде – 1,6 есеге;

- машина жасау саласында – 48,1%.

Есепті кезеңде химия өнеркәсібі кәсіпорындарымен 23,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 90,7% құрап отыр. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 26,8%.

Анықтама: Саладағы теріс динамика сары фосфор өндірісінің 27,1% - ға, азот тыңайтқыштары тиісінше 5,8% - ға азаюымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі саласын дамыту мақсатында Индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға жалпы құны  442 млрд. теңге болатын 14 инвестициялық жобалар жоспарланған.

Жобалар іске асқан жағдайда, жыл қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 103% жеткізу көзделуде.

3.      

Жергілікті қамту үлесін құрылыста және жұмыспен қамту жол картасы аясында 90%-ға, өнеркәсіптің                        6 бағыты (химия, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп,                   азық-түлік, құрылыс материалдары мен машина жасау) бойынша  80,3%-ға жеткізу

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

2020 жылы жергілікті құрылыс материалдарын кеңінен қолдану мақсатында, құрылыс басқармасы сатып алатын кәсіпорындар бойынша толық талдау жасады. Талдау барысында өңірде өндіретін 13 түрлі құрылыс материалдарын өндіруші 125 кәсіпорын анықталды.

Сонымен қатар, 125 кәсіпорын СТ-KZ сертификатымен қамтылды (2020 жыл басында 38 кәсіпорында сертификат болса, жыл соңында толықтай 125 кәсіпорын қамтылды),әр нысан паспортында нысанға қолданылатын құрылыс материалдарын қандай өндірушіден алу керектігі көрсетілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құрылыс нысандарында жергілікті материалдарды қолдану16 пайыздан 84 пайызға артты. Ағымдағы жылыда осындай жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Қажетті материалдар ретінде Қытай немесе Ресей елдерінің өнімдері қолдануда. Мысалы санфаянс, битум, ағаш материалдары, медициналық жабдықтар, электр желілерінің сымдары, және басқа жабдықтар.

Орта есеппен алғанда, тауарлардың 80-85% Қазақстан –өнімі болып табылса,оның 20-25% Жамбыл облысында шығарылатын өнім. Қазақстандық өнім орта есеппен алғанда шамамен 85-90% құрайды.

4.      

«Биофармацевтикалық» зауытын іске қосу

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Қордай ауданы әкімдігі

 

2020 жылдың маусым айында басталған Биофармацевтикалық зауыттың құрылысы аяқталу сатысында.

Аумақты және кіреберіс жолдарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (асфальт төселді, аумақты көгалдандыру орындалды).

Қазір технологиялық құрал-жабдықтардың 95 пайызы жеткізіліп, орнатылуда.

Зауыт аумағында қосымша жылу қазандығы, хлорлау имараты, өрт сөндіру және су резервуарлары, бу генераторлары, трансформаторлық және сорғы станциялары, өткізу пунктінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, зауыт қызметерлеріне үш 180 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысы және спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде. 

Іске қосу жұмыстар аяқталысымен валидациалау процесстері жүргізіледі. Нысанды «Вакцинаны ыдысқа құю» желісімен пайдалануға тапсыру 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарлануда.

Отандық «QazCovid-in» вакцинасын шығарудың көлемін арттыру мақсатында, қосымша «Вакцинаны хроматографиялық тазарту» желісімен және BSL-3, клеткаларды өсірудің өндірістік лабораториясымен жабдықтау қажеттігі туындаған.

Бұл бағыттағы жұмыстар салада тәжиірбелі Түркиялық «Атабай» («ATABAY KİMYA SANAYİ TİCARET A.Ş.») компаниясының қызметкерлерімен бірлесе отырып пысықталды. Нәтижесінде қажетті технологиялық құрал-жабдықтардың тізімі анықталды.

Бүгінгі таңда жобаға түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды тапсырудың 3 кезеңі қарастырылған:

1-ші кезең вакцинаны құю желісі, 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары;

2-ші кезең BSL-3, клеткаларды өсірудің өндірістік лабораториясы, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары;

3-ші кезең вакцинаны хроматографиялық тазарту желісі, 2022 жылдың ақпан-наурыз айлары.

Нысанды іске қосу жұмыстарын қарқындату бойынша одан әрі жан-жақты іс-шаралар қабылданатын болады.

5.      

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 21,7%-ға жеткізу

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «ЖӨӨ-гі ШОБ үлесі» индикаторы бойынша 2021 жылға жоспарланған көрсеткіш 21,7%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша статистикалық деректер 2022 жылдың сәуір айында жарияланады.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 23,2%-ды құрады, жоспарланғаны – 21,0%.

Жоспарлы көрсеткішке белсенді жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санын ұлғайту, олардың шығарған өнімінің көлемін арттыру, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделуде.

6.      

Ауылшаруашылығы өнімінің өсімін 5%-ға арттыру

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылғы бастапқы жоспарға сәйкес 436,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 105,3% көлемінде өсім көрсету көзделуде. Мұнда мал шаруашылығы өнімі 181,2 млрд. теңгені құрап, 103,7%-ға, егін шаруашылығы өнімі 255,1 млрд. теңгені құрап, 106,5%-ға артуы болжамдануда.

Ағымдағы жылғы 3 ай қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 31,5 млрд. теңгені құрап 103,8%-ға артты. Облыстар арасында Жамбыл облысы бұл көрсеткіш бойынша 2-ші орынға орналасты.  Жалпы егістік алқапты 771 мың га дейін арттыра отырып, сондай-ақ сапалы тұқым қолдану және ет өндірісінің ірі бордақылау алаңдары арқылы ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығы өніміні өндірісінің өсімін 105,3%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

7.      

Егістік жер алқабын 760,7 мың гектарға жеткізу

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 760 765 гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 398 282 гектар, майлы дақылдар 60 145 гектар, қант қызылшасы 5 000 гектар, картоп 11 463 гектар, көкөніс дақылдары 39 418 гектар, бақша дақылдары 15 740 гектар, мал азығы дақылдары 230 574  гектар және таңқурай, құлпынай дақылдарын 143 гектар алқапқа отырғызу жоспарланған. Бұл2020 жылмен салыстырғанда (734,8 мың га) 25,8 мың гектарға артады (103,5%).

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 69489 гектар жер жыртылу жоспарланса, нақты жыртылғаны 29525 гектар, немесе бұл 42.5%, жер өңдеу жұмыстары 432521 гектар алқапта өңделуі тиіс болса, нақты өңделгені 60138 гектар, немесе бұл 13,9%, жаздық масақты дақылдар 215900 гектар алқапқа егілуі жоспарланса, нақты егілгені 28628 гектар 13,3%, көкөніс дақылдары 39418 гектар алқапқа отырғызу жоспарланса, нақты егілгені 1713 гектар 4,3%-ды,  көп жылдық шөп 34272  гектар алқапқа отырғызу жоспарланса, нақты егілгені 2713 гектар 7,9%-ды құрап отыр.

8.      

Облыстағы 7 су қоймасын (Дарбаза, Қызыләуіт, Шабақты, СТФ, Ленин жолы, Аспара, Кеңес) ағымдағы жөндеуден өткізу

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

Жуалы, Талас, Меркі аудандары әкімдері

 

2021 жылға «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 72,5 млн.теңгеге 7 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланды (Жуалы ауданы «Дарбаза», Меркі ауданы «Кенес», «Ленин жолы», «СТФ», «Аспара-1», Талас ауданы «Қызыл әуіт», «Шабақты»). Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

9.      

Облыс деңгейінде 106 тонна балық өндіру, оның ішінде 83,3 тонна форель балығын өндіру.500 тонна бал өндіру.

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ауылшаруашылығы басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасында Жамбыл облысы бойынша  үстіміздегі жылы  105,9 тонна балық өндіру көзделген. Оның ішінде, 83,3 тонна форель балығы. Бағдарламаны орындау мақсатында Сортөбе, Арнұр балық шаруашылықтары құрылып, көлемі 110 тонна тауарлы балық өнімін алу жоспарлануда. Аталған меже 102 пайызға орындалады деп күтілуде. Қазіргі таңда облыс аумағында 122 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар.Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарының балық аулау квотасы 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін игеріледі.

Сонымен қатар, тоғандарда интенсивті балық шаруашылығын дамыту мақсатында Қордай, Шу, Мойынқұм, Жамбыл және Байзақ аудандары арқылы өтетін Шу, Талас өзендерінің бойынан жасанды балық өсіру тоғанын жасауға жарамды 24 жер учаскелері белгіленді.

Шу және Талас өзендері, сондай-ақ,өңірдегі басқада өзендердің  бойынан 20 жаңа инвестициялық жоба жұмысы ұйымдастырылуда.

Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау мақсатында облыс әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 Қаулысымен жергілікті бюджеттен 9,5 млн. теңге субсидия қаражаты бөлінді.

10.        

Тараз қаласындағы 6 каналды механикалық тазалау және науалық шлюздерді ауыстыру жұмыстарын жүргізу

Тараз қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жалпы 10,0 млн. теңге қарастырылып, Қант зауыты мен Тектұрмас алқаптарындағы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу хабарламасы берілді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес шағымдану сатысында.

   Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ирригация жүйелеріне тексерулер жүргізілді. Нәтижесі бойынша қала аумағындағы 6 канал арнасын тазалау жұмыстары үшін құны 329,0 млн.теңге болатын жобалау-сметалық құжаттары жасалынып, бюджеттік өтінім тапсырылды.

      Сонымен қатар, Тараз қаласының көшелерінде науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнатуға қажетті зерделеу жүргізіліп, қаржы көлемі есептелді. Сметалық құны 93,0 млн. теңгені құрады. Аталған жұмыстар бойынша тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз мердігер «Әль-Мансур» ЖШС-мен құны 89 101,25 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Монтаждау жұмыстары нысан бойынша техникалық қадағалау қызметіне мердігер анықталғаннан кейін басталатын болады.

11.        

Облыс аумағында кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 2055 гектар жер телімін кезекте тұрған азаматтарға беруді ұйымдастыру

 

Облыс әкімдігінің құрылыс, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2020 жылы пайдалануға тапсырылған тұрғын үй көлемі 618 мың шм (5399 пәтерді) құрады. Оның 155 мың шм көппәтерлі тұрғын үй, 463 мың шм жеке тұрғын үй құрылысы есебінен.

2021 жылға облысқа қойылған меже 638 мың шм, алайда кем дегенде 721 мың шм тапсырып, межені 116,6 пайызға орындау жоспарлануда. Оның ішінде: 257,8 шм көпқабатты тұрғын үй, 463,3 мың шм жеке тұрғын үй құрылысы есебінен.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны 125652 адамды құрады,оның ішінде Тараз қаласында – 73 432.

2021 жылға Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес жалпы 4498 жер телімін беру жоспарланған.

12.        

«Асар» бастамасы аясында аз қамтылған, көпбалалы мұқтаж азаматтарға 100 үй тұрғызып беру

Облыс әкімдігінің ішкі саясат, құрылыс басқармалары,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша ағымдағы жылдың басында 132 үй салу жоспарланып, 103 үй салу нақтыланды. Атап айтқанда Тараз қаласы – 3, Байзақ ауданы – 10, Жамбыл ауданы – 8, Жуалы ауданы – 15, Қордай ауданы – 15, Меркі ауданы – 12, Мойынқұм ауданы – 7, Талас ауданы – 7, Т.Рысқұлов ауданы – 15, Сарысу ауданы – 9, Шу ауданы – 2 үй.

       Қордай ауданында көптің көмегімен жиналған қаражатқа 4 үй (Қордай, Күнбатыс 2, Сортөбе, Сарыбұлақ) сатып алынып, пайдалануға берілді.

        Бүгінгі таңда барлық аудандарда үй салынатын жер және мұқтаж отбасыларды анықтау үрдісі жүріп жатыр. Нақты құрылыс басталған жоқ.

13.        

Облыстағы бюджеттік мекемелер автокөліктерін газ отынына ауыстыру

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, барлық басқармалар,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

Облыс бойынша мемлекеттік меншіктегі 389 автокөлік тіркелген, оның ішінде:

•  Облыс әкімдігі - 7 бірлік;

•  Облыстық басқармалар - 51 бірлік;

•  Тараз қаласы және аудан әкімдіктері – 175 бірлік;

•  Ауылдық округ әкімдіктері – 156 бірлік.

Аталған 389 автокөлік түгелімен мотор отыны ретінде бензинді қолданады. Автокөліктерді газ отынына ауыстыру үшін 77,8 млен. теңге қаражат керек.

Аталған мәселе зерделенуде.

 

 

 

14.        

Газ отынымен жүретін 100 бірлік қоғамдық автокөліктерді сатып алу

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік

жоспарлау, қаржы басқармалары, «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (келісім бойынша),

Тараз қаласы әкімдігі

«БРК-Лизинг» АҚ-ның отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында автопарктер автобустарын жаңарту бойынша қалалық
6 тасымалдаушы мекеме, «Тараз» ӘКК АҚ және «БРК-Лизинг» АҚ арасында 100 бірлік автобус сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

15.        

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесін 95 %-ға жеткізу.

Облыстағы барлық қоғамдық көліктерге «Е-билеттендіру» жүйесін толығымен енгізу

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

2021 жылға 091 «Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» 104 кіші бағдарламасы бойынша 50/50 % паритетімен қаржыландыруға 30 жобаны /327,8 шқ/ іске асыру үшін 4 719,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған (14.02.2020 ж. №06-1085 хаты).

Алайда, республикалық бюджеттің қаражат лимитіне сәйкес, 50/50% паритетімен бірлесіп қаржыландыруға ұсынылған 30 жобаның тек 4-уі ғана қолдау тауып, 2021 жылға республикалық бюджеттен
1071,2 млн. теңге және облыстық бюджеттен 1 234,5 млн. теңге бөлінді. Есебінен 70 шқ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орта жөндеулер жүргізілмек.

Дегенмен, бұл жұмыстар белгіленген 2021 жылдың жоспарлы мәніне (95%-ға) қол жеткізу үшін жеткіліксіз және жоспарланған жобалардың іске асырылмауы межеге қол жеткізбеуге әкеп соқтырады.

Осы тұрғыда, 2021 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына 50/50 % паритетімен 31 жобаны/295,4 шқ/ іске асыру үшін 4 039,6 млн. тг. бюджеттік өтінім ұсынылды(27.01.2021 ж. №01-726 хаты).

 

 

 

16.        

Елді мекендердегі көмірмен жылу алатын 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

Облыс бойынша 86 елді мекенде 156әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жоспарланған, оның ішінде:

1) Байзақ ауданы - 10 нысан.

2) Қордай ауданы - 86 нысан.

3) Т.Рысқұлов ауданы - 16 нысан.

4) Шу ауданы - 18 нысан.

5) Меркі ауданы - 9 нысан.

6) Талас ауданы - 17 нысан.

2021 жылға 2 жобаға жалпы құны 64,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 1 жоба бойынша (Т.Рысқұлов ауданы)мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, келісім-шарт жасалды, 1 жоба бойынша (Меркі ауданы)мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде

Жалпы жұмыс құны 150,5 млн. теңге болатын
6 жоба «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылды (Байзақ ауданы - 1, Қордай ауданы - 4, Шу ауданы - 1).

Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын 21 жоба облыстық бюджеттің наурыз айындағы нақтылауына ұсынылды, жұмыстың жалпы құны - 1 436,1 млн. теңге (Шу - 17, Байзақ - 3, Қордай - 1).Сонымен қатар, 4 жоба бойынша блокты-модульді қазандық орнату үшін 164,9 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды (Т.Рысқұлов - 3, Меркі-1).Қалған 123 нысан бойынша аудан әкімдіктерімен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

 

 

 

17.        

Жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясын 387,6 МВт-қа жеткізу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

Облыста жалпы қуаттылығы 318,4МВт құрайтын 16 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруде, бұл республика (ЖЭК 115 нысан жалпы қуаттылығы 1664 МВт)бойынша 20,0% құрайды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарда.

Олар:

- 5 су электр станциясы, қуаты 15,2 МВт

- 6 жел электр станциясы, қуаты 102,15 МВт

- 5 күн электр станциясы, қуаты 201,25 МВт

Жалпы 2020 жылы облыста жаңартылатын энергия көздері арқылы 616,8 млн кВтсағ электр энергиясы өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсіп отыр.

Облыста 2020 жылы барлық энергия көздері арқылы 2 527 млн кВтсағ электр энергиясы өндірілсе, оның 24%-ы баламалы энергия көздеріне тиесілі.

Алдағы уақытта, жаңартылатын энергия көздері бойынша 2021-2022 жылы жалпы қуаты 96,7 МВт құрайтын 2 жел және 2 су электр станцияларының құрылыс жобалары іске асырылуда

2021 жылдың соңына қарай жаңартылатын энергеия көздері арқылы өндірілген электр энергеиясы 387,6 МВт құрайтын болады.

18.        

Облыста 21,9 мың жұмыс орнын ашу, оның 15,3 мыңының тұрақты болуын қамтамасыз ету және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар санын азайту

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

2021 жылдың 1 сәуіріне барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 8869 жұмыс орны құрылып, оның 1748-ы тұрақты, 7121-і уақытша жұмыс орындарын құрап отыр.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылға барлығы 14,7 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 10,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,9 млрд.теңге бөлінді.

2021 жылдың 1-сәуіріне  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 11945 адам тартылды, соның ішінде бос жұмыс орындарына - 3209 адам,  әлеуметтік жұмыс орындарына - 1026 адам, жастар практикасына 558 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5536 жұмыссыз тартылды, есепті мерзімде 10329 адам жұмысқа орналастырылып, (жоспар - 29875)  34,6 пайызға  орындалды, ондағы 3209 адам немесе 31,1 % тұрақты жұмысқа орналасып отыр. 

19.        

Облыстағы 11 білім нысанының құрылысын жүргізу және   11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Шу,Жамбыл, Байзақ, Қордай, Жуалы аудандары және Тараз қаласы әкімдері

2021 жылы 23 білім нысанының (ДКЗ – 3, АЕБ – 2, ТОХ – 9, ЖБ - 9) құрылысын жүргізуге 8,5 млрд.теңге қарастырылды (19-мектеп, 4-мектепке жапсарлас құрылыс), оның ішінде 2021 жылы 11 білім нысанының(8 мектеп,
3 мектепке жапсарлас құрылыс)
пайдалануға берілуі күтілуде, 12-ы 2022 жылға өтпелі.

2021 жылы 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептердің мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2021 жылы 11 мектептің (АЕБ-5,ТОХ-6) күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге қарастырылды(Байзақ - 4, Жамбыл-6, Тараз - 1).

Бүгінгі күні 10 мектеп (Байзақ - 4, Жамбыл-6) бойынша мердегерлері анықталып келісім-шарт жасалуда,
1 мектеп (Тараз - 1) бойынша мердегер 31.03.2021ж. анықталады деп күтілуде.

 

 

 

20.        

Денешынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар үлесін 35,0%-ға жеткізу, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 51,2%-ға жеткізу.

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

 

2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 375,7 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 33%-ға жетті. Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында спорт басқармасы тарапынан барлығы 504 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 25664 адам қатысты.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі көрсеткіші    49,2%-ы құрап отыр. 2021 жылы облыста барлығы           8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарланған.

 

21.        

Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту

Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша облыстағы барлық 371 ауылдық елді мекеннің 362-сі түрлі жиіліктегі мобильді интернетпен толық қамтамасыз етілген.

         Ағымдағы жылдың соңына дейін интернет желісі жоқ 9 ауылдық елді мекенді қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі а.ж., мүлдем интернеті жоқ
2 АЕМ кіретін барлығы - 3 АЕМ-ге ұтқыр интернеттерді орнату бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін облыста 7 АЕМ интернетсіз қалады.

         371 АЕМ-нің (оның ішінде: 308 АЕМ - 250+, 63 АЕМ - 250-) 178 АЕМ (177 (250+) 1 (250-)) талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген.

        

Бұдан басқа, қазіргі уақытта 131 (250+) елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері орнатылмаған. Монтаждау жұмыстарына алдын ала 5 млрд.теңге қажет.«Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ-мен қаржыландыру тетігі қарастырылуда.

 

22.        

10 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту және 17 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірлеу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары, аудан әкімдері

2021 жылы 18 сумен жабдықтау (16-өтпелі, 2 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 8,6 млрд.теңге  қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 14 жоба жыл соңына аяқталса, 4 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Қазіргі таңда, 2020 жылдан өтпелі 16-нысанның құрылыс жұмыстары  қайта жанданып, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа 2 нысанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде. Жыл соңына дейін 10 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы құны 12,4 млрд.теңгені құрайтын 16 жобаға (17 АЕМ, 48,6 мың адам)сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар кезекті республикалық бюджеттін нақтылауына ұсынылды.

Анықтама: Байзақ ауд.- 5 жоба (Аққия, Сарыбарақ, Базарбай, Үлгілі, Қызыл жұлдыз), Жамбыл ауд.- 1 жоба (Бесағаш-Түркісіб), Жуалы ауд.- 1 жоба (Қоңыртөбе),  Қордай ауд.- 5 жоба (Степное, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Ноғайбай), Шу ауд.- 1 жоба (Көктөбе), Т.Рысқұлов ауд.-1 жоба (Жаңатұрмыс), Меркі ауд.- 1 жоба (Аңдасбатыр), Мойынқұм ауд.- 1 жоба (Ақсүйек).

23.        

20 елді мекендігаздандыру және 12 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша ЖСҚ әзірлеу

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар әкімдері

 

Облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту үшін  10 өтпелі және 4 жаңа жобаға 2021 жылы мемлекеттік бюджеттен 8,6 млрд. теңге (РБ – 7,7 млрд. тг., ОБ – 0,9 млрд.тг.) бөлінді. Ағымдағы жағдайға, мердігер ұйымдары анықталып, құрылыс басына қажетті материалдар мен техника жинақталуда.

2021 жылдың соңына дейін 20 елді мекендегі 16 мың адам табиғи газбен қамту көзделуде, облыстағы газдандыру үлесі 257 елді мекенге (69,3%)немесе 952 мың адам (83,8%)жетеді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 8 аудандағы 32 елді мекенді газдандыру үшін 12 ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. Соның ішіндегі 4 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды, 2 жобаға сараптаманың қорытындысы а.ж. 10 сәуіріне дейін алу жоспарлануда, 2 жоба құжаттарының толықтығын тексеруге  тапсырылған, 4 жоба әзірлеуге қаржы қарастырылуда. Аталған жұмыстар тұрақты түрде бақылануда.

 

24.        

«Шалғай Қарасу» «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл Абад», «Казарма», «Жиделі» шағын аудандары мен оның маңындағы 28 тұрғын алқаптарына қажетті инфрақұрылым жүргізу мәселелерін шешу

 

Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары

Жиделі мен Көлтоған тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға ЖСҚәзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалардың сметалық құндары: Жиделі-108 726,0 мың теңге, Шөлдала-149 780 мың теңгені құрайды.   Жобаларды облыстық бюджеттің кезекті нақтылауында қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.

       Бүгінгі күнге, «Шалғай Қарасу», «Құмшағал», «Шөлдала», «Қызыл Абад», «Казарма» тұрғын үй алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лар әзірленуде. Сараптама қорытындысын жыл соңына дейін алу жоспарланған.

Жобаларға сараптама қорытындылары алынғаннан кейін мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім енгізілетін болады.

Тараз қаласындағы Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі тұрғын алқаптары мен 28 саяжайдың тұрғындары тұтынатын электр энергиясын заңды тұлғаларға арналған тарифімен (1 кВт/сағатқа  ҚҚС-мен 22,28 теңге) энергия жабдықтаушы мекемеге төлегенімен бөлек, ортақ есептеуіш құралдарында шығынның артуына байланысты 1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен24 теңге, қыс мезгілінде 28 теңгеге дейін төлем жасайды.

Қазіргі таңда, электр желілерімен қамтамасыз ету бойынша «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-мен жобалық – сметалық құжаттамасы  әзірленіп, 2020 жылы сараптама қорытындылары алынды. Аталған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігерлер анықталды. Нысанның жалпы құны 2 144,1 млн. теңгені құрайды.

          Халық саны 30 мыңнан асатын Тараз қаласының Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қарасу тұрғын алқаптарын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында Тараз қаласында 35/10 кВ қосалқы станциясын салу жобасы әзірленіп, 2019 жылы №19-0381/19 мемлекеттік сапартаманың оң қорытындысы алынды.

        Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылғы 19 қаңтарда №06-495 хатымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды, оның ішінде:

2021 жылға - 2 869 016,8 мың теңге;

2022 жылға - 2 869 016,8 мың теңге.

       Жоба аясында жаңа алқаптарға 3 жаңа подстанцияның құрылысы (Көлтоған, Құмшағал, Шөлдала), сондай-ақ қолданыстағы 2 подстанцияның қайта жаңарту (Пригородная, Айша бибі) жұмыстары қарастырылған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен аталған жоба қолдау таппай отыр, себебі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында подстанцияларды қайта жаңарту жұмыстары қарастырылмаған.

25.        

Перспективалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып Тараз қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Тараз қаласының әкімдігі, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

 

      Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Тараз қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу» жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жабық конкурс жарияланып,белгіленген тәртіппен жүзеге асырылды.     

      Конкурс нәтижесінде «Қолдау» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталып, 03.03.2021 жылы №1 келісім-шартқа қол қойылды. Түзетулер енгізу жұмыстарына статистикалық мәлімет жинақтауға қосымша зерделеу жұмыстары қажет етіледі.

Жобалау жұмыстарының жүргізілуі тұрақты бақылауда.

26.        

«Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық»автожолын жөндеу жұмыстарын жалғастыру

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы,

Облыс әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданы әкімдігі

 

 

       Облыстық маңызы бар "Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық" автомобиль жолының 7-20, 20-40, 40-60 учаскелерін орта жөндеу мақсатында, ЖСҚ әзірленіп,  жобаларды іске асыру үшін бюджеттік өтінім берілді.

       Осы тұрғыда, ұсынылған бюджеттік өтінім қолдау тапқан жағдайда, жобалар 2021 жылы іске асырылатын болады.

 

 

27.        

Байзақ ауданында 6 елді мекенді су басу қаупіне (Үлгілі, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Сарыкемер, Диқан, Түймекент) байланысты Талас өзенінің жағалауын күшейту

 

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Облыс әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданы әкімдігі

 

        Жамбыл облысы Тараз қалалық және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Талас өзені арнасы бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары ағымдағы жылы бюджеттен тиісті қаржы(РБ-500,0 млн. тг, ОБ-55 556 млн. тг) бөлініп, құрылысы сәуір айынан бастап жүргізілуі жоспарлануда.

        Сметалық құны-3477,3 млн тг.

 

28.        

Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы тұрғын үйге газ кіргізу құнының жоғары болу проблемасын шешу

 

 

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Шу ауданының әкімдігі

 

Бүгінге күнге Шу ауданының орталығы Төле би ауылында 4200 аула бар, соның ішінде табиғи газға қосылғаны 1707 үй (41%), қосылу құнының қымбаттығына байланысты қалған 2493 (59%) тұрғын үй иелері газға қосыла алмауда. Бір үйге газ кіргізу құны – 503,0 мың теңге.

2020 жылғы 23 желтоқсандағы Шу аудандық сотының шешіміне (сот шешімі 1 айдан соң заңдылық күшіне енді) сәйкес, «Париев» ЖШС-нің Төле би ауылы ішіндегі көшеаралық газ таратушы құбыр құрылысын қабылдау туралы актісінің күші жойылды.

Сот шешімі негізінде бүгінгі күнге дейін аталмыш газ құбырларын «Париев» ЖШС-нің теңгеріміне тіркеудің күші жойылып, газ құбырлары орналасқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды. 

Аталмыш газ құбырын Төле би ауылдық округі әкімдігінің теңгеріміне алу үшін «Париев» ЖШС құрылысы аяқталған нысанының қабылдау актісіне қол қойып, барлық атқарушы-техникалық құжаттардың түпнұсқасын өткізуі қажет.

Дегенмен, «Париев» ЖШС аталмыш газ құбырын мемлекеттік меншікке өткізу үшін бір үйдің газға қосу құнын 475 мың теңгеге белгілеп, оны елдегі қаржылық жағдайға байланысты өсіру мүмкіндігін қарастыру бойынша өз шарттарын ұсынған.

Жұмыс тұрақты бақылауда.

 

29.        

Шу қаласы «Жайсан» тұрғын үй алқабынан 35/10 кВ қосалқы станциясы мен 35 кВ электр байланыс желілері» құрылысын аяқтау

Шу ауданының әкімдігі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

2014 жылдың 15 сәуірінде «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «ПКФ Дайана» ЖШС арасында 508,5 млн. теңге сомасында «Шу қ. «Жайсан» жаңа тұрғын үй алабында 35/10 кВ қосалқы станциясын салу» нысаны бойынша келісім Шарт жасалынған, жұмыстарды орындау мерзімі  шартқа қол қойылған күннен бастап 4,5 айды құрайды.

Алайда, қазіргі уақытта мердігер тарапынан монтаждау жұыстары толық аяқталған жоқ. Объект қазіргі уақытқа дейін пайдалануға қабылданбаған.

«Дайана» ЖШС мердігерлік ұйымының аяқталмаған жұмысының сот-құрылыс сараптамасының қорытындысы бойынша, шығын 262,489 млн.теңгені құрады.

Бүгінгі таңда мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процестері жүргізілуде.

30.        

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы,

Тараз қаласы және

аудан әкімдері

Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

         Бүгінгі күнге дейін өңірде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі бағыттағы 1330-дан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде республикалық деңгейде 5 іс-шара.

         22-26 ақпан аралығында Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында 506 оқушының қатысуымен республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі, 25 ақпанда Алматы, Түркістан, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» республикалық «дөңгелек үстел» отырысы, 25 ақпанда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде облыстан шыққан елге танымал тұлғалардың (А.Әшімов, М.Жолдасбеков, О.Байгельды, А.Миразова, А.Қоразбаев т.б.) қатысуымен «Жомарт түлек» түлектер кездесуі, 26 ақпанда елге танымал тұлғалардың, облыс әкімінің және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ж.Жабаевтың ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі, 26 ақпанда «Баласағұн» ОКЗ «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысы.

Облыстық деңгейде де қоғамдық маңызы бар ауқымды 27 іс-шара, оның ішінде өңірлік жоспардың ақпан айындағы «Қазақстан – спорттық ұлт» тақырыбына сәйкес бірқатар спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Қалалық/аудандық деңгейде 1250-ден астам іс-шара (оның ішінде белгілі тұлғалардың мерейтойларына, Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекелеріне орай мәдени, білім, спорттық т.с.с. бағыттағы шаралар)  өткізілді.

         Сонымен қатар, а.ж. 15 ақпанда облыс әкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл облысында халықтың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылатын 30 жобаның Жол картасына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

         Жол картасында көрсетілген 30 жобаның бүгінгі күнге 10-ы бойынша іске асыру жұмыстары басталды - 30 үйдің бүгінгі күнге 4-і, 30 әлеуметтік дүкеннің 17-і пайдалануға берілді, Жамбыл ауданында Тутұғырдың құрылысы аяқталды, Тараз қаласындағы Мүгедек жандарға арналған оңалту орталығы пайдалануға берілді, 7 қайырымдылық акциясы бастау алды.

9 жоба бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде – 5 инфрақұрылымдық жоба («30 ауылды жарықтандыру», «30 жаңа тротуар», «30 жаңа жол», «30 жылдыққа 30 аялдама», «30 жаңартылған аула») білім, медициналық, әлеуметтік сала бойынша 3 жобасы,  мәдениет саласы бойынша 1 жоба.

11 жоба алдағы айларда іске асырылатын болады («Үлгілі ауыл», «Асарлатып үй салу», «30 жұлдызды күн», «Абсент», «30 ісмер ана», т.б.).

«30 жылдыққа 300 мың ағаш» акциясы бойынша Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күні жалпы 76700 түп ағаш отырғызылды. 

Тараз қаласы - 48 мың түп,  Байзақ - 6800, Жамбыл – 3500, Жуалы - 1200, Қордай - 1100, Мойынқұм - 200, Меркі – 3 мың, Сарысу - 2300, Талас - 300,  Т.Рысқұлов – 2800, Шу - 7500 түп ағаш отырғызылды.

         Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады

 

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы  (01.04.2021 жыл)
Дата публикации
14 апреля 2021