Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 172 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 58 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 158 қызмет электронды форматта көрсетілуде.
2021 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 1,7 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 1 620 254 қызмет (97,1 %).
қағаз түрінде – 25 218 қызмет (1,5 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 22 856 қызмет (1,4 %);
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2745 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің – 48 факті тіркелген.
Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында 496 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 808 063 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 13 ішкі бақылау жүргізіп, 11 жергілікті атқарушы органдар мен 2 ведомстволық бағынысты ұйымдары (13 объекті) қамтылды. Нәтижесінде 6 бұзушылықтар анықталып 10 ұсыныс әзірленді. Онын 8 орындалып, 2 орындалуда.
Бірінші тоқсанда анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 1 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 1 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 4 фактісі тіркелді.