«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) «Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облысының мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1948 болып тіркелген, 2013 жылдың 11 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бірлескен шешімнің 1 тармағындағы «3021» деген сандар «2492,3» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Жамбыл облысы Байзақ ауданының Бурыл, Ботамойнақ, Үлгілі, Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы» бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 126 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 26 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бірлескен шешімнің 1 тармағының 5) тармақшасы және 5 –қосымшасы алынып тасталсын;
4- қосымшасы осы нормативтік құқықтық актінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Облыс әкімі |
|
|
|
Облыстық мәслихаттың |
|
сессиясының төрағасы |
|
Облыстық мәслихаттың |
|
хатшысы |