«Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария  сервитут белгілеу туралы»  Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария  сервитут белгілеу туралы»  Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

           Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 16, 69, 71-1 бабтарына сәйкес, «Aurum Mining» ЖШС-нің  жария сервитут белгілеу туралы 12.02.2021 жылғы №013 өтінішіне байланысты әзірленді.

       «Aurum Mining» ЖШС-і Талас ауданы аумағындағы жерлерге  қатты пайдалы қазбаларды барлауға 6 жылға Лицензия (№881-ЕL   27.10.2020ж.)  алған.

       Барлау жұмыстары Талас ауданы аумағындағы жерпайдаланушылар, меншік иелері, мемлекеттік жер пайдаланушылар, жер қоры жалпы 44 жер учаскесінде жалпы көлемі 4006,0000 гектар жерде жүргізіледі.

        Кодекстің 71-1 бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерде, мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, жария сервитут негізінде жүргізе алады. Жария сервитут жер учаскелерін алып қоймастан белгіленеді.

       Кодекстің 69-бабына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін жария сервитут белгіленген жағдайда, егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға алып келсе төлемақыны төлеуді және (немесе) жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе залалдарды өтеуді тиісті жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.

       Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді.

 3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жария сервитут белгілеу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Қажет етілмейді

9.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қажет етілмейді

10.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қажет етілмейді

11.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

12.

Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі

 Қажет етілмейді

13.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

14.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

15.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Қажет етілмейді

16.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

17.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

18.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 Қажет етілмейді

19.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

 Қажет етілмейді

20.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

                  

                    Басшы                                                              Б.Копбосынов

     

          Заңгер                                                              Д.Сатарова

 

                                                                            2021 жылғы «_10___» 03_

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

«Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария  сервитут белгілеу туралы»  Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
05 марта 2021