Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтарында 43,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 105,4%.

Өңдеу өнеркәсібі - 7,8%-ға (29,8 млрд. тенге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 6,2%-ға (9,1 млрд. теңге) өсуі, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,9%-ға (4,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 0,1%-ға (0,5 млрд. тенге) төмендеуі байқалады.

2021 жылы инвестициялар көлемі 442,0 млрд. теңгеге, 3258 жаңа жұмыс орындары құрылатын 14 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

 («Kisc» ЖШС-гі - құю цехын жаңғырту, «Жабатаева Л.К.»                                   ЖК - консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу,                  «BioVet KZ» ЖШС-гі - GMP және GLP стандартындағы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша биокомбинат салу, «Turan Industry»                  ЖШС -гі табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу,                     «НПП «Интеррин» ЖШС-гі - өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру, «Дәмді себет» ЖШС-гі - ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «Оргэлитстройсервис» ЖШС-гі - қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі, «KORDAY FISH» ЖШС -гі балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ -ы  құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу" (ІІ кезең),                 «KAz Chem Traiding» ЖШС - цемент зауытының құрылысы, «Ар Ас»                      ШҚ – ғы сүт өңдеу зауыты, «BestYard» ЖШС-гі - балық өнімдерін өңдеу зауыты, «БХК» ЖШС-гі және «ХИМ-плюс» ЖШС-нің еншілес компаниясы» - «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «глифосат (гербицид) өндірісі» және «үш хлорлы фосфор өндірісі» интеграцияланған химиялық кешені, «ЕвроХим-тыңайтқыштар» ЖШС-гі - минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытын салу).

         Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2021 жылдың қаңтарында 10,5 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,8%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 0,2 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 10,3 млрд. теңге (НКИ – 101,8%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 17,1 млрд.теңге субсидия қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен -
7,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 9,9 млрд. теңге).

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін 760,7 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 9,8 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтарына 101,8%, сүт – 17,1 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 8,1  млн. дана (104,6%).

ІҚМ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 11,6% - ға (468,1 мың бас),                    қой – 7,0% - ға (2796,3 мың бас), жылқы – 11,8% - ға (148,0 мың бас),                            құс – 5,4% - ға (1758,4 мың бас) өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 ақпанына 68,8 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 98,2%-ды құрады.

2020 жылдың қаңтар – қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 467,4 млрд. теңгені (122,3%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 126,5 мың адамды (100,9%) құрады.

Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі                81,1%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    130,6 млрд. теңгені құрайтын 2497 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы  100,9 млрд.теңгені құрайтын 1319 жоба (2021 ж. – 251,5 млн. теңгеге, 46 жоба).

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 9,4 млрд. теңгені құрайтын 750 жоба жүзеге асырылуда (2020 ж.  – 349,9 млн. теңгеге 24 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,4 млрд.теңгеге 115 жоба іске асырылуда (2021 ж.- 2,9 млн. теңгеге 1 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 671,9 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2020 жылдың                          қаңтар-желтоқсанында 156,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың                 қаңтар – желтоқсанына 41,3%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 59,3 млн. АҚШ доллары (27,3%),  импорт – 97,1 млн. АҚШ доллары (60,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 37,8 млн. АҚШ доллары.

2021 жылдың қаңтарында бөлшек сауда айналымының көлемі
23,4 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,4%-ға төмендеді. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 13,9 млрд. теңге сомасында қалыптасып – 0,6%-ға артты.

Көлік. 2021 жылғы қаңтарында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейіне 0,5%-ға артып,
6,0 млн.тоннаны, жүк айналымының – 247,2 млн.тн км немесе 129,2%-ды құрады. Жолаушыларды тасымалдау – 64,3%-ға (27,4 млн. адам), жолаушылар айналымы – 71,5%-ға (215,1 млн. жолаушы км) төмендеген.

Инвестиция көлемі 11,1 млрд.теңгені құрап, 6,5% - ға өсті.  Өсім Тараз қаласындағы аммофос өндіретін зауыттың құрылысына, Шу ауданында жер асты кеніштерінің қосымша өңдеулерін салуға, Т.Рысқұлов ауданда гидрометаллургиялық цех салуға инвестицияларды тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,7 млрд. теңгені немесе
2020 жылдың тиісті кезеңіне 105,5% құрады. Өсім Тараз қаласында
6 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, Мойынқұм аймағында бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз етілді.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 25,7 мың ш.м құрап,  2020 жылдың тиісті деңгейіне 110,1%-ды құрады.

2021 жылдың қаңтар айында  инфляция деңгейі  0,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары - 1,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 0,3%-ға, ақылы қызметтер - 0,3%-ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен                  0,1 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР - 0,6%).

Азық-түлік тауарлар тобы бойынша 2021 жылдың қаңтар айында  жұмыртқа - 5,5%-ға, жемістер мен көкөністер - 5,4%-ға (оның ішінде қызылша - 4,5%-ға,  сәбіз - 2,9%-ға,  қартоп - 1,9%-ға,  қырққабат - 0,8%-ға, пияз - 0,2%-ға),  қант, май және тоң майлары – 2,2%-ға (оның ішінде күнбағыс майы - 4,8%-ға, сары май - 0,4%-ға), 1 сұрыпты ұн - 1,0 %-ға, жармалар - 0,6%-ға  (оның ішінде қарақұмық - 1,0%-ға), ет - 0,4%-ға (оның ішінде шошқа еті - 1,3%-ға, қой еті - 1,0%-ға, жылқы еті - 0,8%-ға, сиыр еті - 0,7%-ға) қымбаттады.

 Құс еті, шәй, күріш, айран  бағалары тұрақты болып қалды.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында киім және аяқ киім бағасы- 0,5%-ға, жуғыш және тазалағыш кұралдар - 0,4%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,3%-ға көтерілді.

Бензин, дизель отыны бағасы 0,1%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар айында тұрғын үйді жалға алу - 2,0%-ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,4%-ға өскен.  

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тұрақты болып қалыптасты.

Салықтар мен бюджет. 2021 жылдың қаңтар-ақпанында  мемлекеттік бюджетке 8,3 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға  207,2%, оның ішінде республикалық бюджетке –   2,4 млрд.теңге  (болжамға 194,2%), жергілікті бюджетке – 5,9 млрд.теңге                         (болжамға 213,2%).

2021 жылғы 1 ақпанға берешек сомасы 3,5 млрд. теңгені немесе                          2020 жылдың тиісті кезеңіне 54,4%-ды құрады.

2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар                396,6 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 75,2  млрд.теңгені құрады.

Меншікті кірістер 5 856,2 млн. теңгеге (жоспар  2 747,0 млн.теңге) немесе 213,2%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 4 561,0 млн. теңгеге (жоспар–2 629,8 млн.теңге) немесе 173,4%-ға, салықтық емес түсімдер 157,8 млн. теңгеге (жоспар – 29,9 млн.теңге) немесе 528%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 137,5 млн. теңгеге                                               (жоспар 87,3 млн.теңге) немесе  1 302,7%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 15,6 млрд.теңгеге немесе 83,30%-ға игерілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021 жылдың 1 ақпанына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 4661 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 1424 адам жұмысқа орналастырылды.  Әлеуметтік жұмыс орындарымен 301 адам, жастар практикасымен -
204 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 2732 адам қамтылды.

2021 жылдың қаңтарында жаңадан 3474 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 237. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 5791 адамның 4652-і жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 4 тоқсанына 168838 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 20,6%-ға, нақты – 12,7%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2020 жылдың  тоқсанында 81253 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға, нақты – 5,3%-ға өсті.

2021 жылдың қаңтарында 8,3 мың тұрғынға 46,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 28,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек,
18 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 0,02 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 199,6 млрд. теңге қарастырылды, 2021 жылдың 1 ақпанынна 11,04 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 79,8%-ға игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен                       5,9 млрд.теңге қарастырылды.

2021 жылы 18 білім беру нысандарының құрылысы жоспарлануда, оның ішінде:

- Байзақ ауданының Бұрыл, Көктал, Сенкібай, Шахан ауылдарында
1100 орындық 4 орта мектептің және  Үлгілі ауылында 100 орындық
 1 қосымша ғимарат,

- Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 300 орындық 1 орта мектеп,

- Жуалы ауданы Алатау және Дихан ауылдарында 280 орындық 2 орта мектеп,

- Қордай ауданында Масанша, Қалғұтты, Күнбатыс-2, Арал ауылдарында 1110 орындық 4 орта мектеп,

- Шу ауданы Төле би ауылында 300 орындық 1 орта мектеп және Шу қаласында 1 қосымша ғимарат,

- Тараз қаласында 2148 орындық 4 орта мектеп құрылысы.

Сондай-ақ, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы Желтоқсан көшесінде №59 орналасқан №3 колледжінің спорттық залын, асханасының құрылысы бойынша жобаны аяқтау жоспарлануда.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды.

2021 жылдың 1 қаңтарына облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарымен (415 балабақша, 136 шағын орталықтар) 56,8 мың бала немесе  91,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 5,4 пайыздық тармаққа өсті.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы
12 153,1 млн. теңге бөлініп, қаңтар айында 45,6 млн. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 6,9 млн. теңге.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,5 млрд. теңге (оның ішінде РБ  - 4,1 млрд. теңге, ЖБ - 0,4 млрд. теңге) қарастырылған.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200  орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.

2021 жылғы қаңтарда қант диабетімен, туберкулезбен, қатерлі, наркологиялық аурулармен, сифилиспен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады. Психикалық бұзылулар мен қан айналымы жүйесі ауруларының өсуі байқалады. Байзақ, Меркі және Талас аудандарында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді.

 

 

Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
26 февраля 2021