«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар

нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға

бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы»

Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар болжанбайды

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар

нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға

бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 178 «Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 114 «Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы

7.

Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жоқ

9.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында 2021 жылдың  16 ақпанында орналастырылды

10.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

11.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулы жобасына келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне  жолданып,

Министрліктің 2021 жылдың 15 ақпанында № 3-3-5/843 хатымен келісім алынды.

12.

Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі

Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылатын болады

13.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды

14.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес

15.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

16.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

17.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін 2021 жылдың 16 ақпанында орналастырылды.

18.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                             Қ. Аманов

 

     Жауапты орындаушы                                                                 А.Желеубаев

 

«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
16 февраля 2021