«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына АНЫҚТАМА

«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар

нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға

бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы»

Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына

АНЫҚТАМА

 

«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға  бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофактардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері (бұдан әрі – пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Министрлікке тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.

Бұл ретте пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды (прайс-парақтар, коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар), сондай-ақ шығыс нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді ЖАО кейінгі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

Оң нәтиже болған кезде, Министрлік пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады.Теріс нәтиже болған кезде, Министрлік пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесін мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері бес жұмыс күні ішінде Министрлікке қайта қарауға жолданады.

Министрлік мақұлдағаннан кейін, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері ЖАО қаулысымен бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары қосылған құн салығын есепке алмай белгіленеді. 

Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндік объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшін төленеді.

Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін 2020 жылдың 16 ақпанында орналастырылды.

Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында 2020 жылдың 16 ақпанында орналастырылды.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 

ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

 

                        

 

 Қ.Аманов

Жауапты орындаушы

А.Желеубаев

 

 

«Субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына АНЫҚТАМА
Дата публикации
16 февраля 2021