«2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім

беру тапсырысын орналастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің

2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Білім туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4696 болып тіркелген, 2020 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесізаңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                     Б. Сапарбаев

 

«2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
04 февраля 2021