«2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 және «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес. |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар болжанбайды |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме |
5268490,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінді |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту мақсатында |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
жоқ |
|
7. |
Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Жоқ |
|
8. |
Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері |
Субсидия көлемдеріне ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі 2020 жылдың 29 қаңтарында алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы 28 қаңтарында ұсынымдармен алынды. Ұсынымдар бойынша түзетулер енгізілді және қосымша анықтамада түсіндірме берілді.
|
|
9. |
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды |
|
10. |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Жоқ |
|
11. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
12. |
Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі |
Жоба қабылданғаннан кейін Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен мемлекеттік тіркеу үшін оны әділет органдарына ұсынылатын болады
|
|
13. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды |
|
14. |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер
|
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес |
|
15. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)
|
Жоқ |
|
16. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер
|
Жоқ |
|
17. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Қаулы жобасы сараптамалық қорытынды алу үшін, 2021 жылдың 8 қаңтарында №27 хатпен Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына жолданған. Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының 2021 жылғы 22 қаңтарында №0062/РПП08 сараптамалық қорытындысына сәйкес ұсыныстар мен ескертулер жоқ.
|
|
18. |
Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Қаулы жобасы облыстық қоғамдық кеңесінің қарауына 2021 жылдың жылдың 8 қаңтарында №27 хатпен ұсынылған. Облыстық қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 013 хатымен ұсынымдар ескертулерсіз алынды.
|
|
19. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін 2021 жылдың 5 қаңтарында орналастырылды. Талқылау мерзімі 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін белгіленген. |
|
20. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
Жамбыл облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Қ.Аманов
Құқықтық қамтамасыз ету,
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
мониторингі және цифрландыру
бөлімінің бас маманы Д.Махамбетов
Мал шаруашылығы бөлімінің
басшысы Б.Ысқақова