2021 жылдың 26 қаңтардағы
конкурстық комиссия мәжілісі
көшірмесі
Конкурстық комиссияның шешімімен:
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, №03, 1 бірлік бос лауазымына құжаттарын тапсырған үміткерлердің жоқ болуына байланысты, аталған лауазымы бос деп танылсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, № 05,
1 бірлік бос лауазымына құжаттарын тапсырған үміткер әңгімелесу кезеңіне қатыспауына байланысты, аталған лауазымы бос деп танылсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 4-1 бос лауазымына Тунгатов Дамир Сейсенбековичтің кандидатурасы ұсынылсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 3-1 бос лауазымына құжаттарын тапсырған үміткерлердің жоқ болуына байланысты, аталған лауазымы бос деп танылсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №4-2 бос лауазымына құжаттарын тапсырған үміткерлердің жоқ болуына байланысты, аталған лауазымы бос деп танылсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты №7-2 бос лауазымына Абикеев Ануар Асылбаевичтің кандидатурасы ұсынылсын.