Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-желтоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 504,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 103,1%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 1,4%-ға                                 (55,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі - 2,7%-ға (370,5 млрд. тенге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау - 7,8%-ға (74,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер - 14,3%-ға                 (4,6 млрд. тенге) өсуі байқалады.

2020 жылы 1050 жаңа жұмыс орындары құрылатын, инвестиция көлемі
14,8 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды, сондай-ақ 2021 жылы инвестициялар көлемі 442,0 млрд. теңгеге, 3258 жаңа жұмыс орындары құрылатын 14 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

 («Kisc» ЖШС-гі - құю цехын жаңғырту, «Жабатаева Л.К.»                                   ЖК - консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу,                  «BioVet KZ» ЖШС-гі - GMP және GLP стандартындағы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша биокомбинат салу, «Turan Industry»                  ЖШС -гі табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу,                     «НПП «Интеррин» ЖШС-гі - өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру, «Дәмді себет» ЖШС-гі - ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «Оргэлитстройсервис» ЖШС-гі - қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі, «KORDAY FISH» ЖШС -гі балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ -ы  құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу" (ІІ кезең),                 «KAz Chem Traiding» ЖШС - цемент зауытының құрылысы, «Ар Ас»                      ШҚ – ғы сүт өңдеу зауыты, «BestYard» ЖШС-гі - балық өнімдерін өңдеу зауыты, «БХК» ЖШС-гі және «ХИМ-плюс» ЖШС-нің еншілес компаниясы» - «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «глифосат (гербицид) өндірісі» және «үш хлорлы фосфор өндірісі» интеграцияланған химиялық кешені, «ЕвроХим-тыңайтқыштар» ЖШС-гі - минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытын салу).

         Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында  381,9 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 105,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 223,2 млрд. теңге (НКИ – 106,4%), мал шаруашылығы – 157,8 млрд. теңге (НКИ – 103,6%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2020 жылы 24,9 млрд.теңге субсидия қарастырылып игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттен -
14,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 10,4 млрд. теңге).

2020 жылы 359,3 мың га немесе 100% дәнді масақты дақылдар алқабы  жиналды, өнімділік 22,8 ц/га құрады, майлы дақылдар 56,5 мың га                      (100,0%, 7,9 ц/га), картоп 11,2 мың га (100,0%, 231,3 ц/га).

Шаруашылықтың барлық санаттарында 139,9 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына 105,3%, сүт – 326,5 мың тонна (101,7%), жұмыртқа – 137,4  млн. дана (102,1%).

ІҚМ саны 2019 жылдың тиісті кезеңіне 7,1% - ға (453,2 мың бас),                    қой - 7,1% - ға (2805,1 мың бас), жылқы - 10,2% - ға (149,9 мың бас),                            құс - 4,7% - ға (1781,6 мың бас) өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2021 жылғы 1 қаңтарына 69,3 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 99,1%-ды құрады.

2020 жылдың қаңтар – қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 467,4 млрд. теңгені (122,3%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 126,5 мың адамды (100,9%) құрады.

Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі                81,4%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    130,1 млрд. теңгені құрайтын 2426 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы  99,9 млрд.теңгені құрайтын 1319 жоба (2020 ж. – 11,3 млрд. теңгеге, 278 жоба).

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 9,1 млрд. теңгені құрайтын 726 жоба жүзеге асырылуда (2020 ж.  – 3,8 млрд. теңгеге 300 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,4 млрд.теңгеге 114 жоба іске асырылуда (2020 ж.- 8,7 млрд. теңгеге 15 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 671,9 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2020 жылдың                          қаңтар-қарашасында 136,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың                 қаңтар – қарашасына 38,5%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 51,4 млн. АҚШ доллары (25,6%),  импорт – 84,9 млн. АҚШ доллары (55,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 33,5 млн. АҚШ доллары.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда айналымының көлемі 330,3 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар - желтоқсанымен салыстырғанда 0,1%-ға артты. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 263,9 млрд. теңге сомасында қалыптасып – 0,8%-ға төмендеді.

Көлік. 2020 жылғы қаңтар - желтоқсанында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 8,5%-ға төмендеп, 94,7 млн.тоннаны құрады, жолаушылар тасымалдау – 57,5%-ға (449,0 млн. адам), жолаушылар айналымы – 53,6%-ға (3825,6 млн. жолаушы км). Жүк айналымының көлемі 3071,2 млн.тн км немесе өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейіне 102,8%-ды құрады.

Инвестиция көлемі 344,1 млрд.теңгені құрап, 12,7% - ға өсті.                           Өсім көп пәтерлі үйлердің құрылысына, Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этнографиялық кешенінде магистральдық инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына, ауылдық округтерде тротуарлар салуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, 12 елді мекенге газ құбырын тартуға, Қордай ауданы Отар ауылында иммундық-биологиялық препараттар өндірісі бойынша бифармацевтикалық зауыт салуға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 186,4 млрд. теңгені немесе
2019 жылдың тиісті кезеңіне 128,2% құрады. Өсім Сарыкемер ауылындағы су қабылдау мен су құбыры желілерінің құрылысы, Байзақ ауданындағы           «Тараз-Сарыкемер», «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау, «Қордай» өткізу пунктін кеңейту және реконструкциялау, республикалық маңызы бар А-2 автомобиль жолын орташа жөндеу, Қордай ауданы Отар ауылындағы иммундық-биологиялық препараттар шығаратын бифармацевтикалық зауытының құрылысы, Меркі ауданындағы «Мерке» ГТС және бұрма газ құбырының құрылысы, Мойынқұм ауданындағы «Меркі-Бурыбайтал» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту есебінен қамтамасыз етілді.

 Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 617, 5 мың ш.м құрап,  2019 жылдың тиісті деңгейіне 121,7%-ды құрады.

2020 жылы инфляция деңгейі 7,3%-ды құрады.  Азық-түлік тауарлар бағалары 11,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,6%-ға,  ақылы қызметтер - 3,7%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 7,5%).

  2020 жылдың желтоқсан айында тұтыну бағаларының индексі 2020  жылдың қараша айына 101,0%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 101,6%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 100,6%,  ақылы қызметтер - 100,8%.

Азық-түлік тауарлары бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында  көкөніс бағалары 14,7%-ға (оның ішінде қырыққабат - 4,8%-ға,  пияз – 2,9%-ға, картоп - 2,5%-ға), жұмыртқа - 4,4%-ға, май және тоң май - 4,3%-ға              (оның ішінде  күнбағыс майы -  8,4%-ға), қант - 2,8%-ға, жармалар - 1,6%-ға (оның ішінде қарақұмық  жармасы - 2,1%-ға, сұлу – 1,4%-ға),                              жеміс-жидектер -1,0%-ға, жылқы еті - 0,3%-ға, сүт өнімдері, шай - 0,2%-ға қымбаттады.

Күріш, нан, тұз, ұн, сиыр, шошқа және қой етінің бағалары тұрақты болып қалыптасты.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында тұрмыстық заттар және тұрмыстық техника бағалары 1,3%-ға, киім мен аяқ киім, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары - 0,9%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдары және фармацевтикалық препараттар - 0,7%-дан, тұрмыстық құралдар - 0,5%-ға көтерілді.

Дизель отыны бағалары -1,4% - ға,  бензин  - 1,0%-ға  төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді жалға алу 2,8%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 2,0%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 1,6%-ға, демалыс, ойын - сауық және мәдениет саласында - 0,8%-ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,1%- ға (оның ішінде әуе көлігі - 1,8% - ға) қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің тарифтері тұрақты болып қалыптасты.

Салықтар мен бюджет. 2020 жылы  мемлекеттік бюджетке 113,1 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 106,9%, оның ішінде республикалық бюджетке - 33,8 млрд.теңге  (болжамға 102,4%), жергілікті бюджетке – 79,2 млрд.теңге  (болжамға 108,9%).

2021 жылғы 1 қаңтарға берешек сомасы 2,6 млрд. теңгені немесе                          2020 жылдың тиісті кезеңіне 152,5%-ды құрады.

2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістертері бойынша жоспар                415,5 млрд. теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері 72,8  млрд.теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларынының бюджет кірістері                          422,0 млрд. теңгеге (жоспар 415,5 млрд. теңге) немесе 101,6%-ға қамтамасыз етілді.

Меншікті кірістер 79,2 млрд. теңгеге (жоспар  72,8 млрд.теңге) немесе 108,9%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 69,1 млрд. теңгеге (жоспар – 64,9 млрд.теңге) немесе 106,6%-ға, салықтық емес түсімдер
2,6 млрд. теңгеге (жоспар – 2,2 млрд.теңге) немесе 117,5%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7,5 млрд. теңгеге                                               (жоспар 5,7 млрд.теңге) немесе  132,0%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 467,3 млрд.теңгеге немесе 100,0%-ға игерілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2020 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 57099  адам қамтылды. Жұмыс берушілердің жиынтық бос орындарына 24152 адам жұмысқа орналастырылды.  Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1587 адам, жастар практикасымен -
2572 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 13500 адам қамтылды. Кәсіпкерлік негіздеріне 3641 адам оқытылды, жаңа бизнес бастамаларды іске асыруға 7783 адам грант алды, 1467 адам шағын несие алды.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанына жаңадан 42872 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 19132. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 50312 адамның 41901-і жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 3 тоқсанына 150414 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 17,7%-ға, нақты - 10,1%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2020 жылдың  тоқсанында 81253 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға, нақты – 5,3%-ға өсті.

2021 жылдың 1 қаңтарға 89,3 мың тұрғынға 7 481,9 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 7324,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 100,6 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 56,5 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 190,8 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезеңі жоспарына 100%-ға игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2020 жылы бюджет есебінен                       9,5 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен -                              0,5 млрд. теңге (АЕБ), жергілікті бюджеттен - 5,0  млрд. теңге,                    «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы»                    аясында - 4,0 млрд. теңге).

       2020 жылы  Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық,                    Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық, Алға ауылындағы                       300 орындық орта мектептердің құрылыстары,Тараз қаласындағы 180 оқушыға арналған №4 орта  мектебінің, сонымен қатар Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа, Т.Рысқұлов ауданы Қазақ ауылындағы орта мектепке, Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектепке спорт залының, Тараз қаласындағы
№1 орта мектепке 300 орындық, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы спорт залының, колледж асханасының жапсарлас құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

         2020 жылы Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, Масаншы ауылында 600 орындық, Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық мектептердің құрылыстары жалғасуда. Сонымен қатар, ескі ғимараттарын бұзып Тараз қаласындағы                600 оқушыға арналған №22, 600 оқушыға арналған №2 мектептердің құрылыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында  жүргізілген қайта жаңарту жұмыстарынан кейін Жамбыл ауданы Аса ауылындағы өнер мектебі, Байзақ ауданы Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне спорт залы, акт залы, асхана және үш оқу сыныптары ғимараттарының жапсарлас құрылыстары пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты үшін 80 орындық оқу корпусының жапсарлас құрылысы жүргізулуде. Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы Көлқайнар ауылдық округінің 100 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды.

2021 жылдың 1 қаңтарына облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарымен (415 балабақша, 136 шағын орталықтар) 56,6 мың бала немесе  91,4%  (1-6 жас) қамтылды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 5,4 пайыздық тармаққа өсті.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы
17,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 3,3 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 5,3 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,3 млрд. теңге (оның ішінде РБ  - 3,8 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200  орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.

Есепті кезеңде қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктер, наркологиялық аурушаңдығы және сифилис ауруларының деңгейі төмендеді. Алайда, психикалық бұзылу ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 8 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында - 5 (оның ішінде 3 – COVID диагнозымен), Шу ауданында - 1, Байзақ ауданында – 2.

 

 

 

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
26 января 2021