«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты
бойынша бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылдың 26 мамырдағы № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылдың 26 мамырдағы № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, 2020 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б.Нығмашевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні