Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімінің аппараты

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылдың

12 айы бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 172 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 58 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 157 қызмет электронды форматта көрсетілуде.

2020 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 5,8 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде – 5 329 032 қызмет (92,0 %).

қағаз түрінде – 241 772 қызмет (4,2 %);

қағаз түрінде (баламалы) – 221 074 қызмет (3,8 %);

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 7 879 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2020 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2 шағым түскен және 63 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған. Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2020 жылдың 12 айында 2 429 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 2 553 103 халық қамтылды.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2020 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

 Есепті мерзімде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 183 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 97 жергілікті атқарушы органдар мен 86 ведомстволық бағынышты ұйымдары қамтылды. Нәтижесінде 588 бұзушылықтар анықталып, 47 лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 5 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 58 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 88 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 75 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 180 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 9 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 191 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 183 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
18 января 2021