2020 жылдың IV тоқсанында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында (ЖАО) көрсетілген қызметтер жөніндегі талдау анықтамасы
1) Есепті мерзімде облыс әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеді.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 32 ішкі бақылау жүргізіп, 21 жергілікті атқарушы органдар мен 11 ведомстволық бағынысты ұйымдары (32 объекті) қамтылды. Нәтижесінде 251 бұзушылықтар анықталып, 32 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды және қыркүйек айының 2 ұсынысы орындалды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны 6 (Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы М.Сәрсенге – «ескерту», Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Тұрлыбайға – «ескерту», Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №16 балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Д.Бегалиевке – «ескерту», Мойынқұм ауданыәкімдігінің білім бөлімінің Ақбақай орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі М.Уалиеваға – «ескерту», Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.Қуанышбаевқа – «ескерту», Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының «Бөбек» балабақшасының әдіскері Г.Алибековаға – «ескерту»).
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 39 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 2 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 42 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 143 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 9 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 16 фактісі анықталды;
2) Есепті мерзім ішінде Жамбыл облысының ЖАО қызмет берушілері 1868 (жеке тұлға – 1774, заңды тұлға - 94) қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.
2020 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2020 жылдың ІV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 24 (Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрғынұлына – 1 мерзім бұзу бойынша «сөгіс», Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебінің директоры Н.Әбдіқалыққа - 1 мерзім бұзу бойынша «ескерту», Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №54 орта мектебінің директоры Р.Тогисоваға - 1 мерзім бұзу бойынша «ескерту», Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Г.Телеуоваға - 2 мерзім бұзу бойынша «ескерту», Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Амирхановқа –1 мерзім бұзу бойынша«ескерту», Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Ұзақбековке – 3 мерзім бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл салынды», Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Кемелұлына – 13 мерзім бұзу бойынша «сөгіс», Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Мақпиратұлына – 1 мерзім бұзу бойынша «ескерту», Шу ауданы Толе би ауылдық округі әкімі аппартының ұйымдастыру және кеңсе бөлімшесінің бас маманы Б.Ембердіге – 1 мерзім бұзу бойынша «ескерту»).
Төртінші тоқсанда Жамбыл облысының ЖАО 563 095 адамды қамтыған, 662 іс-шаралар өткізді.
28.11.2020 ж. облыстық «Знамя труда» газетінің № 137 (18888) «Удобно и доступно, госуслуги без посредников» атты мақала жарияланды.
2020 жылдың IV тоқсанында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның 24 қызметкер өтті.