«2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген) сәйкес. |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар болжанбайды |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме |
Жоқ |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Тыңайтқыш жеткізушілердің берген ұсынысы негізінде 2021 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту мақсатында |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдадағы № 115 «2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулысы |
|
7. |
Әкімнің және/немесе әкімдіктің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Жоқ |
|
8. |
Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері |
Жоқ |
|
9. |
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында 2021 жылдың 14 қаңтарында орналастырылды |
|
10. |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) |
Жоқ |
|
11. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Қаулы жобасына келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне жолданып, Министрліктің 2021 жылдың 11 қаңтарында № 3-3-5/27887 хатымен келісім алынды.
|
|
12. |
Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынудың қажеттігі |
Актіні қабылдағаннан кейін оны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылатын болады |
|
13. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды |
|
14. |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес |
|
15. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Жоқ |
|
16. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
17. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін 2021 жылдың 14 қаңтарында орналастырылды. |
|
18. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
Басқарма басшысының м.а. Ж. Жақыпов
Жауапты орындаушы Е. Қосалы