«2021 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына
АНЫҚТАМА
«2021 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Қағидалардың талаптарына сәйкес, тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік тыңайтқыштарды өндірушілер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган жеткізушілер тізбесін тиісті интернет-ресурста орналастырады, сондай-ақ жеткізушілер тізбесіне жаңа тыңайтқыштарды өндірушілердің, жеткізушілердің және шетелдік тыңайтқыштарды өндірушілердің қосылуына қарай оны интернет-ресурста жаңартып отырады.
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс әкімінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) келісуге тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде, кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей ұсынылатын тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды қоспағанда, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған тыңайтқыштарды ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер) қоса беріледі.
Оң шешім болған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерді тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім болған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері бес жұмыс күні ішінде Министрлікке қайта қарауға жолданады.
Аталған Қағидалардың талаптары толық сақтала отырып, тыңайтқыштар тізбесі, Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған жеткізушілер тізбесінен алынды.
Сонымен қатар, тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу арқылы тиісті жылға тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең аз нарықтық құны анықталды.
Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін 2021 жылдың 14 қаңтарында орналастырылды.
Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында 2020 жылдың 14 қаңтарында орналастырылды.
ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және белгіленетін субсидиялар нормасын екі данада жасалынып, субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және белгіленетін субсидиялар нормасын негіздейтін құжаттар (субсидиялауға жататын ӨҚҚ түрлерінің көлемдері бойынша есептеулер) және өтінім берілген ӨҚҚ тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын жеткізушілердің баға ұсыныстары қоса Министрлікке келісімге ұсынылды.
Министрліктің 2021 жылдың 11 қаңтарында № 3-3-5/27887 хатымен келісім алынды.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының м.а. Ж. Жақыпов
Жауапты орындаушы Е. Қосалы