2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қоса беріліп отырған:

            1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары;

            2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға тыңайтқыштарды субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемі бекітілсін.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдадағы № 115 «2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4616 тіркелген, 2020 жылы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын  бақылау   облыс    әкімінің   орынбасары

Б. Нығмашевқа жүктелсін.

  1. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк  тiркелген күннен бастап

күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                                 Б. Сапарбаев

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысының м.а.                                                      Ж. Жақыпов                                 

2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
14 января 2021