Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы №250 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4785 болып тіркелген, 2020 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
2) «2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы №251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4784 болып тіркелген, 2020 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев