Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.
Жамбыл облысы әкімінің аппаратына 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 3963 (2019 жылы - 3930) өтініш түскен. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен 362 (2019 жылы - 272) өтініштер түсіп, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінен
89 (2019 жылы - 148) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде тиісті жауаптары берілген.
Есепті мерзім ішінде облыс әкімі аппаратында 1177 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бақылауға алынып, оның 1149-на жауаптары беріліп, бақылаудан алынды, 28-і қаралу үстінде. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің - 394-і аппаратпен қаралып, 113 қанағаттандырылған, 13 хат бойынша шешім қабылдауды негіздей отырып, қанағаттандырудан бас тартылған, 268 - не түсініктемелер берілді.
Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер қатарына - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын үй алу туралы - 10%, коммуналдық қызмет көрсету - 28%, материалдық көмек көрсету - 6% және де баска мәселелер бойынша 27% құрайды.
Өтініштердің басым көпшілігі Тараз қаласының (1929), Шу (170) және Сарысу (164) аудандарының тұрғындарынан түскен.
Жыл басынан бері облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 320 азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.
2019 жылдың қараша айынан бастап облыс әкімдігі ғимаратының 1-қабатында "ашық әкімдік" құрылған. Мұнда халықпен "ашық диалог" форматында жұмыс істеу үшін облыс әкімі, орынбасарлары, аппарат қызметкерлері азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.
Облыс әкімі айына бір рет, облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы, аудандар әкімдері жыл соңына дейін әр аптаның жұма күндері жасалған кестелерге сәйкес оңлайн режимде қоғамдық қабылдау жүргізеді. Республикалық ВКС-ке қосылу мүмкіндігі қарастырылып, оңлайн қабылдауға қажетті техникалық құралдармен жабдықталды. Жұмыс жалғасын табатын болады.Қабылдау барысында Заңдар аясында тиісті түсініктемелер беріліп, жауапты мекеме басшыларына тапсырма беріледі.
Ай сайын облыстық «Ақ жол» газетіне азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы түсіндіру жөніндегі талдамалық материалдар жарияланып тұрады.
Облыс әкімі аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген 377 талон берілген.
Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 716 (2019 жылы - 427) хабар түссе, оның 502-нің шешімі табылып, 214-не (электр энергиясына қатысты - 314, жылуға - 22, суға - 42, басқа да мәселелер бойынша - 338) түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке барлығы 65 (2019 жылы - 14) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.
Облыс әкімінің атына халыққа қызмет көрсету орталығындағы кешен арқылы азаматтардан 2 бейне өтініштер қабылданып, тіркелді. Олар қаралып, уақтылы жауаптары берілді.
Жыл басынан бері орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер жоқ, қайталанып жазылған өтініштер саны - 2.