Мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі

 

 

(жергілікті атқарушы органның атауы)

 

 

2019 жыл

 

(есепті кезең)

 

 

№

Бағалау өлшемшарттары

Коэффициент/ іс жүзінде орындалуы

Балдар

1

Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу

0,93

46,5

2

Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексерудің қорытындысы бойынша бюджет және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы

20,20

3,25

3

Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу

78,99

14,90

4

Бюджеттік даму бағдарламасын орындаудың тиімділігі

77,58

13,85

5

Азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұны

 

0

6

Бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалану

жоқ

–

 

Балдарды шегеру

 

4,4

 

Жалпы бағалау

 

74,1

 

  1. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізудің тиімділігін талдау

Жамбыл облысының әкімдігін (бұдан әрі – Әкімдік) «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша операциялық бағалау Қазақстан Республикасы                          Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 26 ақпандағы №201 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 26 ақпандағы             №1-НҚ бірлескен нормативтік қаулысымен және бұйрығымен бекітілген Мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды (бұдан әрі - Әдістеме).

Аумақты дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – АДБ) мақсаттарына қол жеткізуді бағалау АДБ-ның іске асырылуы туралы есептің құрылымын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесіне (бұдан әрі – БКТ) сәйкес жүргізілді.

Айта кететін жайт, объективті жағдайларға байланысты бірқатар нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – НИ, индикаторлар) бойынша олардың іс жүзінде орындалуы туралы ақпарат болмады, атап айтқанда бағалау жүргізу сәтінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) тиісті ведомстволық есептері/ресми деректері қалыптастырылмаған.

Әдістеменің 47-т. сәйкес бағалау жүргізу сәтінде 12 айдың деректері жарияланған нысаналы индикаторлар есепке алынды. Сондай-ақ жоспарлы және іс жүзіндегі мәндері 0-ге тең индикаторлар есепке алынбайды (оң динамика кезінде).

Бұдан басқа, ағымдағы бағалау кезеңінде іс жүзіндегі көрсеткіштің жоспарлы мәннен 25%-ке және одан көп артығымен орындалуы белгіленген жағдайда, әрбір тіркелген факт үшін айыппұл балы 0,2-ден 0,5 балға ұлғайған.

Ағымдағы бағалау кезеңінде бюджеттік компонент бойынша бюджет процесінің тиімділігін бақылауды күшейтуге бағытталған «Азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұны» және «Бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалану» жаңа өлшемшарттары енгізілді.

 

2019 жылғы мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау нәтижелері бойынша жалпы Әкімдіктің қызметі 74,1 балға бағаланды, бұл мемлекеттік орган тиімділігінің орташа дәрежесін көрсетеді.

 

Стратегиялық компонент бойынша АДБ мақсаттарының 45,5%-ке (есепке алынған 11 мақсаттың 5-іне) қол жеткізілгені анықталды. Бұл ретте толық көлемде орындалған нысаналы индикаторлардың үлесі 78,0% (немесе есепке алынған 41 НИ-дің 32-i) құрады.

Бағыттар бөлінісінде 9 индикатор бойынша жоспарлы мәндерге қол жеткізілмегені атап көрсетілді (1-кесте), бұл ретте олардың 6-ына ішінара қол жеткізілген (орындалуы 90%-тен артық құрады).

 

1-кесте – Бағыттар бөлінісінде индикаторлар бойынша жоспарлы мәндерге қол жеткізілмеуі

 

№

Нысаналы индикатордың атауы

Есепті кезең жоспары

Есепті кезеңнің іс жүзіндегісі

Орындалуы

Қол жеткізілмеу себептері

«Экономика» бағыты

1

Өткен жылға қарағанда еңбек өнімділігінің өсімі: өңдеу өнеркәсібінде

122,2%

111,0%

91%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

2

Нақты ақшалай кірістер индексі

111,3%

110,5%

99%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

3

Тауарлардың шикізаттық емес экспортының көлемі

793,8 млн. АҚШ долл.

302,7 млн. АҚШ долл.

38%

Индикаторға қол жеткізілмеу тауар топтарының құрылымындағы дайын азық-түлік тауарлары экспортының 2018 жылға қатысты 52,1%-ке төмендеуімен байланысты, атап айтқанда былғары – 28,8%-ке, құрылыс-51,1%-ке және металл бұйымдары-83,8%-ке

 

4

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі

110,0%

27,1%

25%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

5

Орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі

5,5%

ЖІӨ-дегі ЖҚҚ %

3,9%

ЖІӨ-дегі ЖҚҚ %

71%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

«Әлеуметтік сала» бағыты

6

Аналардың өлім-жітімі

тірі туған 100 мың балаға шаққанда 11,47  жағдай

тірі туған 100 мың балаға шаққанда 11,8  жағдай

97%

2019 жылдың қорытындылары бойынша облыста аналардың 3 өлім-жітім жағдайы тіркелген, көрсеткіш тірі туған 100 мың балаға шаққанда 11,8 жағдайды құрады.

7

Нәрестелердің өлім-жітімі

тірі туған

1 мың балаға шаққанда  8,11 жағдай

тірі туған

1 мың балаға шаққанда  8,87 жағдай

91%

Нәрестелердің өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады.

Туа біткен ауытқулардан 53 (48) немесе 22,8% (26,8%), тыныс алу органдары ауруларынан 7 (14) немесе 3% (7,8%) және жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттан 8 (13) немесе 3,5% (7,3%) көз жұмды.

8

Халықтың неғұрлым аз қамтылған 40%-ның кіріс үлесі (халықтың жалпы кірісіндегі)

28,0%

25,89%

92%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

9

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: мұражайларға

183,5 адам

182,1 адам

99%

ҚР ҰЭМ СК-нің нақтыланған деректері

 

Әкімдіктің есептік ақпаратында «Сыртқы әсерді талдау» бөлімі толтырылмаған, бұл бөлім есептік ақпараттың құрылымына қойылатын белгіленген талаптармен көзделген.

Әдістеменің 18-т. сәйкес бағаланатын мемлекеттік орган толық емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін 2 айыппұл балы шегеріледі.

Әдістеменің 21-т. сәйкес екі индикатордың артығымен орындалғаны үшін әрбір тіркелген жағдайға 0,5 балдан 1,0 айыппұл балы шегеріледі (2-кесте).

 

2-кесте – Нысаналы индикаторлар бойынша іс жүзіндегі көрсеткіштің жоспарлы мәннен артық орындалуы

 

№

Нысаналы индикатордың атауы

Есепті кезең жоспары

Есепті кезеңнің іс жүзіндегісі

Іс жүзіндегі мәннің жоспарлы мәннен 25%-ке және одан аса артығымен орындалуы

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижесіз жүмыспен қамтылғандар үлесі

9,5

4,1

56,8%

2

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: театрларға

66,1

82,7

25,1%

 

АДБ-ның іске асырылуы бойынша балдардың қорытынды шегерімі 3 балды құрады.

Әдістемеге сәйкес осы өлшемшарт бойынша коэффициент 0,93 құрады; салмақтық мәнін есепке алғанда – 46,5 балл (ықтимал 50 балдан).

 

Әкімдіктің 2019 жылғы бюджеттік компонет бойынша қызметі

Есептік кезеңде Әкімдіктің бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша қызметі 8 әкімші және 42 бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бағаланды.

2019 ж. Әкімдіктің даму бюджеті түзетілген жоспарда 63 008 065,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде орындалғаны 62 948 342,4 мың теңгені немесе 99,9% құрады. Салыстыру үшін 2018 ж. игеру көрсеткіші 99,9% құрады, 2017 ж. – 99,7%. Игерілмегені - 59 722,6 мың теңге.

 

  1. Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексерудің қорытындысы бойынша бюджет және өзге заңнама бұзушылықтарының болмауы

2019 жылы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ (26 тексеру), Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы (7 тексеру) Облыс әкімдігінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша 33 тексеру жүргізді. 

Есепті кезеңде облыстың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі  5 707,6 млн. теңгені құрады.

2019 жылғы бюджеттік даму бағдарламалары бойынша анықталған бюджет және өзге заңнама бұзушылықтарының көлемі 1 151,9  млн. теңгені құрады, бұл аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 20,20% құрайды (2018 ж. 6,68 %-ке қарсы), соның ішінде:

- 107,5 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасының бұзушылықтары – 114,3 млн.теңге;

- мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтары– 177,1 млн.теңге.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан
212,2 млн. теңге қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралар барысында әкімшілер бөлінісінде анықталған бұзушылықтар үлесі мынадай:

 

3-кесте – Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар үлесі

 

Р/н

№

 

ББӘ

 

Бағдарлама

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі, мың теңге

Анықталған бұзушылықтар көлемі,

мың теңге

Бұзушылықтар үлесі, %

Балдар

 

Барлығы

 

5701811,6

1151978,1

20,20

3,25

1

257

005

Жүргізілмеген

 

 

5

2

268

002

Жүргізілмеген

 

 

5

3

271

 

 

 

 

5

4

279

 

 

 

 

5

5

458

 

688 971,0

176822,3

25,7

0

6

466

 

3623194,7

833004,6

23,0

0

7

467

 

1 389 645,9

142 151,2

10,2

1

8

491

065

Жүргізілмеген

 

 

5

 

«Аумақты дамыту бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізуді ішкі аудит қызметі жүргізген бюджеттік шығыстармен өзара байланыста талдаудың болуы» көрсеткіші бойынша (барлық әкімшілер бойынша – 0 балл).

Әдістемеге сәйкес осы көрсеткіш бойынша ықтимал 10 балдан 3,25 балл берілді.

 

  1. Бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу

3.1 «Бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» көрсеткіші бойынша

Есепті кезеңде Әкімдік бағалауға жататын 42 бюджеттік даму бағдарламасын іске асырған. Көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізудің орташа мәні 89,0% құрады. Салыстыру үшін осы өлшемшарт бойынша орташа процент 2018 ж. 94,9% құрады, 2017 ж. – 89,0%.

Тұтас алғанда, 42 бюджеттік бағдарламаның 21 бағдарламасы (50,0%) бойынша тікелей нәтижелерге толық көлемде (100%-ке) қол жеткізілген, 19 бағдарлама (45,26%) бойынша – ішінара және 2 бағдарлама бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Осы өлшемшарт бойынша ең жақсы нәтижелер мыналарда байқалады: (268) Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 100%, (257) Облыстың қаржы басқармасы – 100%.

Көрсеткіштерге қол жеткізудің ең нашар нәтижесі (466) Аудандардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде байқалады  – 67,5%.

279.007. бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу" Қордай ауылына дейін 220 кВ ӘЖ-де "Қордай 220" ҚС құрылысы және Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылындағы 110 кВ ӘЖ 110 кВ ҚС» көрсеткіші және 279.071. «Жамбыл облысы Шу ауданы "ШУ" АГРС құрылысына ЖСҚ әзірлеу» көрсеткіші  өтпелі болып табылады. Бұл ретте ЖСҚ әзірлеуге шарттар 2018 жылы жасалды және ол ұзақ сипатқа ие, 2018 жылғы есептік ақпаратта бұл жобалар 2019 жылға ауыспалы ретінде көрсетілген.

 26 бюджеттік бағдарлама бойынша 232 көрсеткіш бойынша ЖСҚ әзірлеу қарастырылған, оның ішінде 117-і бойынша мемлекеттік сараптама алынды, ал қалған 115-і өтпелі болып табылады немесе дайындалған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы жоқ.

 

4-кесте – Бағаланатын әрбір бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізу дәрежесі

 

Р/н

ББӘ

Бағдарлама

Жоспар

Іс жүзінде

Орындалу % (гр.5/гр.4*100)

Балл (гр.5/гр.4)*18

3.2 көрсеткіші бойынша балл.

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

 

Жиыны

 

 

530 

 435

89,0

13,85

1,05

 

1

257

005

2

2

100

18

0

 

2

268

002

6

6

100

18

2

 

 

271

 

17 

16 

89,1

12,86

 

 

3

271

016

2

2

100

18

2

 

4

271

017

7

4

57,1

0

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 3 жоба бойынша бағаланатын кезеңге сараптама қорытындысы жоқ

5

271

038

3

2

66,7

0

0

1 жоба бойынша сараптаманың теріс қорытындысы алынды

6

271

039

1

1

100

18

2

 

7

271

069

2

2

100

18

2

 

8

271

097

1

1

100

18

2

 

9

271

099

1

1

100

18

2

 

 

279

 

19

17

84,2

8,40

0

 

10

 

007

4

3

75,0

0

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 1 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес (ЖСҚ 2018 жылдан бастап әзірленуде)

11

 

071

15

14

93,3

16,8

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 1 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес (ЖСҚ 2018 жылдан бастап әзірленуде)

 

458

 

73 

 61

86,2

12,07

 

 

12

458

022

5

5

100

18

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 2 жоба бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес (2020 жылға өтпелі жобалар)

13

458

028

7

5

71,4

0

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 2 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

14

458

029

4

4

100

18

2

 

15

458

033

9

9

100

18

2

 

16

458

036

13

11

84,6

15,23

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 2 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

17

458

048

7

3

42,9

0

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 4 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ + 1 жоба бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

18

458

053

2

2

100

18

2

 

19

458

055

6

6

100

18

2

 

20

458

058

13

10

76,9

0

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 3 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

21

458

065

7

6

85,7

15,43

0

1 жоба бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

 

466

 

251

183

67,5

8,12

 

 

 22

466

003

18

14

77,8

0

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 4 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

23

466

004

104

77

74,04

0

0

5 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 22 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

24

466

005

1

0

0

0

2

ЖСҚ әзірлеу жобасы бойынша сараптама қорытындысы жоқ

25

466

006

4

1

25,0

0

0

3 жоба бойынша сараптаманың теріс қорытындысы алынды

26

466

008

13

5

38,5

0

2

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 8 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

27

466

010

5

4

80,0

14,40

0

1 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген

28

466

011

17

9

52,9

0

0

1 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 7 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

29

466

021

42

34

81,0

14,57

0

4 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 4 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

30

466

037

1

1

100

18

2

 

31

466

040

2

2

100

18

2

 

32

466

058

41

33

80,5

14,49

0

6 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 2 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ

33

466

079

3

3

100

18

2

 

 

467

 

139

130

85,3

15,35

 

 

34

467

003

65

65

100

18,0

0

10 ҚМЖ жобалары бойынша қол жеткізілген нақты мәндегі тікелей нәтижелерді бағалау мүмкін емес (өтпелі жобалар)

35

467

004

45

37

82,2

14,80

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 8 жоба бойынша сараптама қорытындысы жоқ + 3 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

36

467

006

4

4

100

18

2

 

37

467

007

4

4

100

18

2

 

38

467

008

2

2

100

18

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 2 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

39

467

011

16

16

100

18

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 4 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

40

467

024

2

2

100

18

0

ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 1 жоба бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес

41

467

040

1

0

0

0

0

Сараптама қорытындысы жоқ

42

479

065

23

23

100

18

0

Есептік деректерде 7 көрсеткіш анық емес көрсетілген

 

Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орташа балы мынадай: (18+18+12,86+8,40+12,07+8,12+15,35+18)= 110,8/8= 13,85 балл.

2018 ж. 14,32 балды құраған ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда есепті кезеңдегі тікелей нәтиженің орташа балы 0,47 балға төмендеді.

Әдістемеге сәйкес осы көрсеткіш бойынша ықтимал 18 балдан 13,85 балл берілді.

 

Объектілерді белгіленген мерзімде тапсыру туралы ақпарат

2019 ж. Жамбыл облысының даму бюджеті бойынша 196 құрылыс объектісі жоспарланды. Құрылыс объектілерінің жалпы санынан 72 жоба 2020 жылға өтпелілер, қалған 124 объект уақтылы немесе 100%-ке пайдалануға берілді.

 

3.2 «Бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» көрсеткіші бойынша

22 бюджеттік бағдарламалардағы (257.005, 271.038, 279.007,071, 458.022,048,065,  466.004,010,011,021,058, 467.003,004,008,011,024,040, 491.065.) 7 әкімші бойынша есептік ақпаратта (2-қосымша) орындалған жұмыстар мен қызметтердің нақты мәндегі көлемін бағалауға мүмкіндік бермейтін, есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растамайтын өлшем бірліктер көрсетілген, сондай-ақ тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына қол жеткізілмеген.

Мысалы, 279.007 және 071 бағдарламасы, 2 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге 2018 жылдан бері ұзақ жалғасқан сипат тән, 2018 жылғы есептік ақпаратта осы жобалар 2019 жылға өтпелілер ретінде көрсетілген.

Сондай-ақ 257.005, 458.022, 458.065, 467.008,011, 024 бағдарламалары бойынша, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша Әдістеменің 50-т. талаптарына сәйкес ұзақ жалғасатын сипаттағы жобаларды іске асыру кезінде ағымдағы қаржы жылында орындалатын жұмыстар мен қызметтердің нақты мәндегі көлемі көрсетілмеген, осыған байланысты тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мүмкін емес, яғни бюджеттік бағдарламалардың деректері сапасыз жоспарлау нәтижесі ретінде бағаланады.

Балл келесідей есептеледі: (22*2)/42 =1,05 балл.

Әдістемеге сәйкес осы өлшемшарт бойынша 1,05 балл берілді.

Өлшемшарт бойынша балдар сомасы ықтимал 20 балдан 14,9 балды құрады, бұл 2018 жылғы нәтижелерден (15,42) 0,82 балға төмен.

  1. «Бюджеттік бағдарламаны орындаудың тиімділігі» өлшемшарты бойынша - 13,85 балл.

Осы өлшемшарт бойынша 42 бюджеттік бағдарламаның 8 әкімшісі бағаланды.

42 бюджеттік бағдарлама бойынша орындау тиімділігінің орташа проценті 89,0% құрады, бұл 2018 жылғы нәтижелерден (95,34%) 6,34%-ке төмен.

Тұтас алғанда, 42 бюджеттік бағдарламаның 20-ы бойынша орындау тиімділігі 100 және одан артық (ең жоғары балдар) құрады, 13 бюджеттік бағдарлама бойынша орындау тиімділігі 80, 0%-тен кем құрады.

Әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша орындау тиімділігінің есептелген проценті және берілген бағалау балы бойынша ақпарат төмендегі кестеде ұсынылған.

 

5-кесте – Әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша орындау тиімділігі

 

Р/н

ББӘ

Бағдарлама

ТНК қол жеткізу %

Игеру %

Тиімділік (%) (гр.4/гр.5*100)

Балл (гр.4/гр.5)*18

1

2

3

4

5

6

7

Жиыны

 

 

87,36

 99,91

89,0

13,85

1

257

005

100

100

100

18

2

268

002

100

100

100

18

 

271

 

89,1

100

89,1

12,86

3

271

016

100

100

100

18

4

271

017

57,1

100

57,1

0

5

271

038

66,7

100

66,7

0

6

271

039

100

99,99

100

18

7

271

069

100

100

100

18

8

271

097

100

100

100

18

9

271

099

100

100

100

18

 

279

 

84,2

100

84,2

8,40

10

 

007

75,0

100

75,0

0

11

 

071

93,3

99,99

93,3

16,8

 

458

 

86,2

99,99

86,16

12,07

12

458

022

100

99,96

100

18

13

458

028

71,4

100

71,4

0

14

458

029

100

99,45

100

18

15

458

033

100

100

100

18

16

458

036

84,6

100

84,6

15,23

17

458

048

42,9

99,93

42,9

0

18

458

053

100

100

100

18

19

458

055

100

99,42

100

18

20

458

058

76,9

100

76,9

0

21

458

065

85,7

100

85,7

15,43

 

466

 

67,5

99,93

67,61

8,12

 22

466

003

77,8

99,72

78,0

0

23

466

004

74,04

99,99

74,0

0

24

466

005

0

84,78

0

0

25

466

006

25,0

100

25,0

0

26

466

008

38,5

96,61

39,8

0

27

466

010

80,0

100

80,0

14,40

28

466

011

52,9

99,99

52,9

0

29

466

021

81,0

99,93

81,0

14,58

30

466

037

100

99,99

100

18

31

466

040

100

99,96

100

18

32

466

058

80,5

100

80,5

14,49

33

466

079

100

100

100

18

 

467

 

85,3

99,76

85,3

15,36

34

467

003

100

99,77

100

18,0

35

467

004

82,2

99,56

82,6

14,87

36

467

006

100

99,99

100

18

37

467

007

100

100

100

18

38

467

008

100

100

100

18

39

467

011

100

99,94

100

18

40

467

024

100

90,58

100

18

41

467

040

0

100

0

0

42

479

065

100

100

100

18

 

8 жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 42 бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі өлшемшартының орташа балы 13,85 балды құрады: (18+18+12,86+8,40+12,07+8,12+15,36+18,0) = 110,81/8=13,85 балл.

Алдыңғы жылғы ұқсас көрсеткішпен (16,01 балл) салыстырғанда бағаланатын кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігінің орташа балы 2,16 балға азайған.

Әдістемеге сәйкес ықтимал 18 балдан 13,85 балл берілді.

 

  1. Азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұны

Азаматтық бюджетті орналастыру тәртібі «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қаржыминнің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен реттеледі.

Әкімдік «Ашық үкімет» порталының «Материалдар» бөлімінде, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы Азаматтық бюджет жөніндегі «Ашық бюджеттер» интернет-порталында 2020 жылғы 1 қаңтарға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынған, бұл 2020 жылғы 20 қаңтарда орналастырылған.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 15 қаңтарда Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Бюджет» бөлімінде 2020 жылғы 1 қаңтарға арналған Азаматтық бюджет жөніндегі есеп орналастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2019 жылғы 25 желтоқсанда «Ашық үкімет» интернет-порталының «Ашық бюджеттер» бөлімінде Жамбыл облысының 2019-2021 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті туралы ақпаратты орналастырған.

Көрсетілген мемлекеттік органдарда ұсынылған ақпарат бойынша жоспарлау сатысында келесі бөлімдер бойынша слайдтардың бар екендігі атап көрсетілген: «Бюджет процесінің қысқаша сипаттамасы, жоспарлаудың негізгі рәсімдері», «Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері», «3 жылдық кезеңге арналған түсімдер мен шығыстар», «Үш жылдық кезеңге арналған шығыстар: функционалдық топтар бөлінісінде алдыңғы жылдармен салыстырғандағы басым бағыттар бойынша».

Сонымен бірге жоспарлау сатысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығыстар туралы ақпарат жоқ, бюджеттің тапшылығы (профициті) туралы ақпарат барлығында дерлік жоқ  (Қағидалардың 15-т.).

Барлық мемлекеттік органдардың атқару және жоспарлау сатыларындағы фрагменттік толық емес ақпараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде. Мемлекеттік органдардың көпшілігінде бір жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп қана бар.

Бюджеттің атқарылуы, кірістер мен шығыстардың баптары бойынша атқару (20-т.) туралы ай сайынғы негіздегі (25-іне дейін) ақпарат, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖІӨ/ЖӨӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі) атқарылуына жүргізілген талдау (Қағидалардың 21-т.), бақылау-тексеру жұмысы және бақылау іс-шараларының туралы ақпарат (23 және 28-т.), 1 қыркүйектен кешіктірмей жарты жылдық шолу және келесі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жылдық шолу жоқ. Сондай-ақ әкімшілер нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы стратегиялық жоспар көрсеткіштерін орындау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы (бюджеттің атқарылуы) туралы есептерді, қайырымдылықтан түскен түсімдер мен ақша жұмсалуы туралы есептерді, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпаратты орналастырмайды.

Осылайша, Азаматтық бюджет бойынша орналастырылатын ақпараттың сәйкестігі 80%-тен төмен.

Әдістемеге сәйкес осы өлшемшарт бойынша 0 балл берілді.

  1. Бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалану

Ағымдағы жылы облыста бюджеттеудің жаңа практикалары енгізілмеген және қолданылмаған.

Әдістемеге сәйкес осы өлшемшарт бойынша бонустық коэффициент берілмеді.

 

Балдарды шегеру туралы ақпарат

Бюджеттік компонент бойынша шегерілетін айыппұл балдарының жалпы сомасы 1,4 балды құрады. Айталық, 479.065 әкімшісі бойынша бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу туралы анық емес ақпаратты (7 факт) ұсынғаны үшін айыппұл балдары шегерілді  (2-қосымша).

Нәтижелерге қол жеткізуді бағалау қаржы-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады, оларды, яғни 23 іс-шараны бағаланатын қаржы жылында іске асыру көзделген, бірақ есептік ақпаратта іс-шаралардың саны көрсетілген.

 

Әкімдікті операциялық бағалаудың қорытынды балы Әдістеменің 56-т. сәйкес мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда:

D – аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу;

L – бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексерудің қорытындысы бойынша бюджет және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы;

Z – бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;

G – бюджеттік даму бағдарламасын орындаудың тиімділігі;

O – Азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұны;

N – бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалану;

W – айыппұл балдары.

 

Осы формулаға сәйкес Әкімдікті операциялық бағалаудың қорытынды есептемесі мынадай:

 

A = ((0,5× 93,0) +(3,25+14,9+13,85+0)) – 4,4=74,1

 

Жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар:

Өлшемшарттар бойынша қорытынды бағалау (айыппұл шегерімін есептегенде) 74,1 балды құрады, бұл 2018 жылғы бағалаудан 3,6 балға төмен (77,7 балл). Осылайша, Әкімдікті операциялық бағалау нәтижелері тиімділіктің орташа дәрежесін көрсетті.

Бұл нәтижеге АДБ-ның мақсаттарына ішінара қол жеткізілуі (46,5 балл), нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерінің 25%-ке және одан аса артығымен орындалғаны (1,0 балл), сондай-ақ толық емес есептік ақпараттың ұсынылғаны (2,0 балл) үшін айыппұл балдарының шегерілуі негіз болды.

Айыппұл шегерімдерін есептегенде АДБ-ның мақсаттарына қол жеткізудің қорытынды сомасы 43,5 балды құрады.

Есепті кезеңде мемлекеттік органды бюджеттік компонент бойынша бағалаудың балдар сомасы 30,6 балды құрады, бұл 2018 жылғы нәтижелерден 6,9 балға төмен.

Бағалау бойынша жалпы мыналар анықталды:

  • Толық қол жеткізілген мақсаттар үлесінің азаюы анықталды. Есепке алынған 11 мақсаттың 5-іне немесе 45,5%-ке толық қол жеткізілді. Бұл ретте, 2018 жылы іске асырылатын 23 мақсаттың 16-сына немесе 69,6%-ке толық қол жеткізілді.
  • Есепті кезеңде жоспарлы мәннің 25%-ке және одан аса артығымен орындалуының 2 фактісі тіркелді.
  • Бағалау қорытындылары бойынша 9 индикатор бойынша қол жеткізілмеу фактілері белгіленді (немесе есепке алынған НИ-дің жалпы санынан 22%).

Әкімдіктің бюджет қаражатын басқару бойынша жұмысының тиімділігіне жүргізілген бағалау мынадай теріс үрдістерді көрсетті:

4) Әкімдікті бағалау қорытындысы бойынша нәтижелерге қол жеткізудің теріс серпіні байқалады - 2018 ж. 94,97%-ке қарсы 89,02%, бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі – 2018 ж. 95,06% қарсы 89,05%, бұл Әкімдіктің жалпы балына әсер етті.

Айта кететін жайт, есепті кезеңдегі даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарланған көлемі есепті деректерге сәйкес орындалған. Нәтижелердің төмендеуіне ЖСҚ әзірлеу кезінде мемлекеттік сараптаманың болмауы әсер етті, сондай-ақ ЖСҚ дұрыс дайындамау салдарынан сараптаманың теріс қорытындылары алынды.

 

Алынған нәтижелердің негізінде Әкімдікке мыналар ұсынылады:

– «Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу» бойынша

Жергілікті атқарушы органның нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты:

1) Әкімдік ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің және жүкті әйелдер мен нәрестелер патологиясы бөлімшелерінде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру курстарын (курстарды аяқтағаннан кейін емтихан тапсырумен) ұйымдастыру арқылы нәрестелердің өлім-жітімін азайту бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

2) Аналардың өлім-жітімін азайту бойынша индикаторды орындау шеңберінде болашақ ата-аналар мен жүкті әйелдер арасында қауіпсіз ана болу қағидаттарын үйрету бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысты қамтамасыз етіп, шұғыл жағдайларда жүкті әйелдерді жедел тасымалдауды ұйымдастыру үшін емхана, босану кешені, жедел және шұғыл жәрдем медициналық станциясы және басқа да емдеу-алдын алу мекемелері арасында тұрақты байланыс орнатуы, сондай-ақ босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, акушер-гинекологтардың және АМСЖ дәрігерлерінің білім деңгейін арттыруы тиіс.

 

Аумақты дамыту бағдарламасын жоспарлау, іске асыру және оның есептілігін қалыптастыру процесіне қатысты:

1) Қол жеткізілмеген және асыра орындалған НИ-дің санын қысқарту мақсатында нысаналы индикаторлардың орындалу деңгейін айқындау бойынша жобалау-талдау жұмысының, сондай-ақ мониторингтің сапалы жүргізілуін ұйымдастыру.

2) АДБ-ның іске асырылуы туралы есептің талдамалық жазбасында оң нәтижелер туралы ақпаратты ғана емес, ал нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеудің өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпаратты көрсету, сондай-ақ индикаторлардың толық көлемде орындалмау себептерін ашып көрсету қажет.

3) АДБ-ның іске асырылуы туралы есеп қалыптастырған кезде Көрсеткіштердің базалық тізбесімен регламенттелген ақпарат көздерін пайдалану.

4) АДБ-ның мақсаттарына қол жеткізу үшін әзірленген іс-шаралардың орындалуын бақылаудың жүйелілігін қамтамасыз ету.

5) АДБ-ның іске асырылуы туралы есеп қалыптастырған кезде нысаналы индикаторлардың іс жүзіндегі мәндерінің математикалық дұрыс есептемелерін жүзеге асыру, соның ішінде бір уақыт аралығының статистикалық деректерінің қатынасын пайдалану (мысалы, 12 айдың деректерін тек 12 айдың деректерімен немесе жылдық деректермен ғана салыстыру).

 

– «Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу» бойынша:

1) Тікелей нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу сапасы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар басшыларының жауапкершілігі арттырылсын.

2) Көрсетілетін қызметтерді берушілердің ЖСҚ әзірлеу мерзімін сақтауы бойынша тиісті шаралар қабылдансын.

3) ЖСҚ әзірлеуді жоспарлаудың негізділігі мен орындылығы және бюджет заңнамасының сақталуы тексерілсін.

4) «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығына сәйкес бюджет процесінің барлық қатысушыларының (облыстар, қалалар, аудандар, ауылдық округ әкімдіктері және әкімшілер) Азаматтық бюджет туралы ақпаратты уақтылы және сапалы орналастыруы бойынша шаралар қабылдансын.

5) Бюджет процесінің барлық қатысушыларында «Азаматтық бюджет» салымының болуы көзделсін.

Мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Дата публикации
04 января 2020