Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2026 жылдың IIІ тоқсанында
көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
2026 жылдың ІII тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 528 185 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
- электронды түрде – 3 470 191 қызмет (98,35 %);
- қағаз түрінде – 599 қызмет (0,02 %);
- қағаз түрінде (баламалы) – 57 395 қызмет (1,63 %).
Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 243 (жеке тұлға – 188, заңды тұлға – 55) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.
2026 жылдың III тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 320 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері әлеуметтік желілерде
1 144, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 58 мақала жариялады және тұрғындар арасында 118 насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың ІII тоқсанында ЖАО-ның
21 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2026 жылдың III тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша
қысқаша есебі
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген)37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2026 жылдың
ІII тоқсанында 21 бақылау іс-шарасы (13 жергілікті атқарушы органдарда және 8 ведомстволық бағынысты ұйымдарда) жүргізілді (21 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 651 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
559 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 17 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 17 фактісі;
- көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмаудың 8 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері)есептің және талдамалық анықтаманың болмауының 8 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 42 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 75 ұсыным әзірленіп, толық орындалды.